Выбор редакции

Ақтөбеде дауылдан құлаған кранның жүргізушісі жантүршігерлік видеоны жария етті

Ақтөбедегі дауылдан құлаған кранның жүргізушісі жантүршігерлік видео жария етті. Алапат дауылды биікте гі мұнаралы кранның ішінен бақылаған ер адам бір Аллаға сыйынумен болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл видео Instagram желісіндегі ZTB парақшасында жарияланған.

Ақтөбеде қатты дауыл соққан кезде ол құрылыс алаңындағы мұнаралы кранның ішінде қалып қойған. Табиғаттың тосын сыйын биіктеп тамашалаған ол үрей мен қорқынышын жасыра алмай, құдайға жалбарынумен болған.

Оның айтуынша, кранның алдыңғы әйнегін жел ұшырып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 млн теңге аударды

Ал желі қолданушылары болса, оның аман қалғанының өзі ғажайып деп отыр.

Еске салсақ, кеше түсте Ақтөбеде қатты дауыл тұрып, оған төтеп бере алмаған бір емес, екі бірдей кран құлаған. Кранның құлауы салдарынан тұрғын үйдің үш қабатындағы балкондар қирап қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер болмаған.