Выбор редакции

Анталья-Алматы ұшақ бортындағы төбелеске қатысқандар арасында отандық актрисаның әкесі бар

12 қыркүйек күні Антальядан Алматыға бағыт алған ұшақта төбелес кішкентай балаға бола орын алған. Төбелеске қатысқандардың арасында отандық актрисаның әкесі бар.

Анталья-Алматы ұшақ бортындағы төбелеске қатысқандар арасында отандық актрисаның әкесі бар

Көрнекі фото: ross-tur.ru

ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының ұшағы 12 қыркүйек күні Ақтауға шұғыл қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды «Лада».

«Арасында балалар бар 11 адам ұшақтан түсіріліп, қайтадан тіркеуден өтті», – дейді Ақтау халықаралық әуежайының басшысы Ерғазы Жолдасов.

Лайнер жолаушыларының арасында емізулі бала болған. Ол тоқтаусыз жылай берген көрінеді.

«Жолаушылардың бірі дөрекі түрде баланы тыныштандыруды талап еткен. Әйелге өзге жолаушылар жақтасып, ер адаммен жанжал туындаған. Бортсерік жанжал туралы ұшақ командиріне айтып, ол шұғыл түрде Ақтауда қону шешімін қабылдады», – дейді Ақтау станциясының қызметкері Серікқали Құжиев.

Жанжал туындаттырған азаматтың үстінен "Кішігірім бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Ұшақтан жанжалға қатысқан үш отбасы түсірілді», – дейді Құжиев.

Жанжалға қатысқандар масаң күйде болған деп жазады ҚазАқпарат ІІД-ге сілтеме жасап.

«Олар шу шығарып, бортсеріктер мен жолаушыларға балағат сөздер жаудырды», - дейді құзырлы мекеме.

Жылаған баланы дөрекі түрде тыныштандыруын талап еткен ер адам блогер әрі актриса Айнұр Нұрсейітованың әкесі болып шықты деп жазады Tengrinews.kz.

Блогердің айтуынша, оның әкесі мас болған, әрі жанжалға "өзгелердің балағат сөздерінен кейін араласып кеткен". Ер адам "балағат сөздерге шыдамай орнынан тұра бергенінде, әйелдің туысқаны болуы мүмкін өзге ер азамат оны бетінен ұрып қоя берген".

Осылай екеуінің арасында төбелес басталып кетеді.

"Біз ұшақта болғандардың бәрінен кешірім сұраймыз. Біз тек басымызды төмен салбыратып, өзгелердің балағат сөздеріне шыдап отыруымыз керек болды. Ал әкем өзін бетінен ұрғызып қойып отыра беруге міндетті еді. Сол кезде бәрі жақсы болатын еді", - дейді бойжеткен.

Бұл жайттан кейін зергерлік бұйымдардың танымал дизайнері Әсем Нұрсейітова (Айнұрдың әпкесі) өз пікірін жария етті деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Мен әкеміз өте сабырлы адам екенін сеніммен айта аламын. Ол ешуақытта мұндай әрекетке бұған дейін бармаған. Оны осыншалық ашуландыру үшін не істеген?», – дейді ол.

Бортта 213 жолаушы болған, олардың арасында екі бала бар. Үш сағаттан кейін лайнер Ақтаудан Алматыға ұшты.

Еске салсақ, Түркиядан Алматыға бағыт алған ұшақ Ақтауда шұғыл қонғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Семейде анасы қызын биттен тазартамын деп өлтіріп алды

Небәрі 7 айлық болып туған Жазира Жаппарқұл үлкен спортқа қандай қиындықпен келгенін айтып берді

Екі ұлын зорламақ болған Ақмола облысының тұрғыны 17 жылға сотталып кетті

Алматыда 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атыраулық әйел өзін балағаттап, шашынан сүйреген күйеуін кешіре салды

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ