Выбор редакции

Атамқұлов ракета салдарынан жанған шөп үшін Ресейдің жауап бермейтінін айтты

Ресей зымыранның құлауы салдарынан өртенген жер үшін тағы өтемақы төлемейтін болды. Себебін "Роскосмос" бұл жолы түсіндіріп те әуре болған жоқ. Олардың орнына Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркісібі министрі мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Атамқұлов ракета салдарынан жанған шөп үшін Ресейдің жауап бермейтінін айтты

Көрнекі сурет. Фото: razneci.info

"Жалға алуға байланысты келісім-шарттағы  бағасының ішінде бар. Жанған шөп қана ғой даладағы. Былайша айтқанда оқыс оқиға болған", - дейді Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Тағы оқыңыздар: Жатақханада өлтірілген студенттің курстастары ақша бопсалағандардың есімін атады

Яғни, Атамқұловтың айтуынша, мұндай апат жағдайындағы шығындар, келісім шарт бойынша жалға алғаны үшін төленетін сомаға кіреді екен.

Тек, ресейлік компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетуге келісіпті. Онда да, нақты сомасы айтылған жоқ. Ал денесінің 40 пайызы күйген Вячеслав Тыц әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әзірге оған ешқандай ота жасауға болмайды деп отыр.

Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні күндізгі сағат 4 тер шамасында Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған. Күннің ыстығы мен қатты желден от тұтанып 10 мың гектер жер өртенді.

Осының кесірінен сол аумақта жұмыс жасап жүрген «Роскосмосқа» қарасты мекеменің екі жұмысшысы да қызыл жалын ішінде қалып қойған еді. Олардың бірі тірідей жанып кетсе, екіншісі ауруханаға түскен болатын.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ