Выбор редакции

Қазақ жігіті шорт-тректен Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер еліміздің қоржынына тағы екі жүлде салды деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ жігіті шорт-тректен Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Абзал Әжіғалиев. Фото: ©zimbio.com

500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шығып, екеуі де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл сайысқа қатысушыларға бәсекені сөреден екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Әжіғалиев бірінші мүмкіндігінде фальстарт жасады. Жарысты екінші рет қайта бастаған ол мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдені жеңіп алды.

Денис Никиша болса, жарыстың басында құлап қалған еді. Алайда ол орынан жылдам көтеріліп, бәсекені әрі қарай жалғастырды. Сөйтіп, мәре сызығын үшінші болып кескен қытайлық спортшы Чен Гуанг біздің отандасымызды итеріп жібергені үшін бәсекеден шеттетіліп, оның алған қоласы Дениске бұйырды.

500 метрге сайыста корей жігіті Ким До Киюмға тең келер ешкім болмады. Ол 41,175 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын алды.

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 27-ші жүлде. Қазір біздің қоржынымызда 10 алты, 6 күміс 11 қола жүлде бар.

Тағы оқыңыздар:

Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді

Түркияда құлдыққа түскен қырғыз қызы адам шошырлық күйде табылды (фото)

Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады

Путинді құрметтейтінін айтқан Трамп сынның астында қалды