Выбор редакции

Екі аяғынан айырылған бойжеткеннің туыстары кінәлілерді табу үшін жан ұшыруда

Алматыда екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваның туыстары тергеу органдарынан кінәлі тарапты анықтап, тиісті жазасын беруді талап етті деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Екі аяғынан айырылған бойжеткеннің туыстары кінәлілерді табу үшін жан ұшыруда

Фото: коллаж NUR.KZ

Екі аяғынан айырылған науқастың туыстары журналистермен кездесу үшін жиналды. Олар көлік апатына қатысты тергеудің ашық жүргізілуін сұрап отыр.

"Бұл жерде бірнеше фактор бар. Ең маңыздысы - жолдағы люктің неліктен ашық жатқанын анықтап, тиісті адамдар жазасын алуы тиіс. Ал жол-көлік оқиғасына қатысты қай жүргізушінің кінәлі екені тергеуден соң анықталады деп ойлаймын. Оқиға орын алғанда көлік жүретін бөліктегі люктің ашық жатқанын фотоға түсіріп алдық. Полиция хаттама толтырғанда, оны да іске тікті" - дейді Парафиеваның ағасы Евгений Парафиев.

Тағы оқыңыздар: Жатақханада өлтірілген студенттің курстастары ақша бопсалағандардың есімін атады

Оқиға 16 маусым күні Тұңғыш Президент саябағы маңында болған. Көліктер батыс бағытқа жылжып келе жатқанда соқтығысқан. Екі қыз мінген «Honda» көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылып тоқтап тұрады. Артында келе жатқан сұр түсті Toyota Camry басқа жолаққа түсе бергенде, оның артында келе жатқан автобус бар екпінімен соғады. Апат кезінде жолдың бойында тұрған екі қызды Тойота жаншып өткен.

Дәрігерлердің сөзінше, қыздың алты ай өткен соң, протез киюге мүмкіндігі болады. Қазір қоғамдық қорға қайырымдық көмек ретінде 7 млн теңге қаражат жиналған.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ