Выбор редакции

Шымкентте құтырудан үш бірдей тұрғын тіл тартпай кетті

Шымкентте құтыру дертінен үш бірдей тұрғын қайтыс болды деп хабарлады 31-арна тілшілері. Олардың бәрі де ит тістегеннен кейін дәрігерлерге қаралмаған деп жазады sn.kz.

Шымкентте құтырудан үш бірдей тұрғын тіл тартпай кетті

Ит. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

«Бізге Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылында 1995 жылғы жігіттің құтырудан қайтыс болғаны хабарланды. Бұл дерекке қатысты біздің тараптан қазір эпизоотлогиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Оны тістеген ит қазір бақылауымызда. Оны он күн бойы тексеріп көреміз», — дейді ОҚО бойынша ветеринариялық инспекция бөлімінің басшысы.

Тағы оқыңыздар: Канада мен Қытайдағы жанкүйерлер Қанат Исламның жекпе-жегіне жаппай билет алып жатыр

40 жыл бойы мал дәрігері болып жұмыс істеп жүрген Ошанбай Жолдасов тұрғындардың үй жануарларына салғырт қарайтынын айтып отыр. Яғни, дер кезінде түрлі аурулардың алдын алатын тегін екпелерді ектірмейді екен.