Выбор редакции

Тищенко: Егер төрешілер қателескен болса, Левиттен кешірім сұраймын

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Ресей боксшысы Евгений Тищенко қарсыласы Василий Левитті жеңіп, алтын медальға қол жеткізгеннен соң төрешілер қателесуі мүмкін деген ой айтты дейді BAQ.kz.

Тищенко: Егер төрешілер қателескен болса, Левиттен кешірім сұраймын

Ол бұл туралы өзінің sport-express.ru тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

"Мен өзімнің жеңген-жеңбегенімді мүлдем білмедім. Мен ол туралы сын айта алмаймын. Егер де мен әділетсіз жеңген болсам, қарсыласымнан кешірім сұрағым келеді", - дейді Тищенко.

Сонымен қатар ол марапаттау кезінде залдың шулап, хабарлаушының сөзін естіртпей кеткені туралы да өз ойын айтыпты.

"Иә, залдың дүрліккенін естідім. Тым жағымды әсер қалдырды деп айта алмас едім. Дегенмен бұл қазақстандық жанкүйерлердің ресейліктерге қарағанда көбірек екенін көрсетсе керек. Алайда, маған жеңісті берсе, яғни мен соған лайық болдым" - деді ол.

Және Тищенко сайыс бастала салысымен-ақ бірнеше соққы алғанын жасырмайды. Ол осы соққылар бапкері екеуінің арасындағы сайыс тактикасын талқандап кеткенін де байқатты.

Естеріңізде болса, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит кеше, 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен.

Төрешілер Тищенкоға жеңіс берген кезде залда жиналған жанкүйерлер ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Тіпті төрешілердің әділетсіздігін ресейлік бапкерлер де мойындады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ
ВЫБОР РЕДАКЦИИ