Выбор редакции

Диана Шарапова қазақ тілді әнімен кубалықтарды тәнті етті

Диана Шарапова «Қайдасыңдар, достарым» бейнебаянын кубалық әртіс Dj Umbertoмен бірге түсіріп, көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады "" басылымы.

Жеңіл әрі ойнақы ән тыңдарманның көңілін көтеріп, қазір клубтарда хитқа айналды. Шарапова енді Куба елін бағындыруға бет алды.

Диана Шарапова қазақ тілді әнімен кубалықтарды тәнті етті (фото, видео)

фото: express-k.kz

«Жаңа ән достық жайында. Адамдар арасындағы достық байланыс бүгінде бізге жетіспейтін секілді. Нағыз достық қана адамды шыңдай түседі. Әннің ерекшелігі: онда қазақ тіліне қоса,  испан тіліндегі реггетон элементтері ойналады. Ондай әндер біздің эстрадада әлі жоқ», – деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Диана Шарапова ресейлік Сергей Зверевті қазақша сөйлетіп, «Ты не пришла на новогодний бал» әнін бірге шырқаған болатын.

ВЫБОР РЕДАКЦИИ