Выбор редакции

Ақтөбелік бағдарламашы интернет арқылы 30 млн теңгені қолды қылды

Ақтөбедегі Astana – Plat серіктестігінде бірнеше жыл төлем терминалдарын жөндеп келген Арман жұмыстан босатылғаннан кейін интернет арқылы 30 млн теңгені қолды қылған деп хабарлайды NUR.KZ порталы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбелік бағдарламашы интернет арқылы 30 млн теңгені қолды қылды

Фото: timeskz.kz

Арман Интернеттен Astana – Plat мәліметтер базасына өзгерістер енгізетін бағдарламаны көшіріп алып, фирмада әлі де қызмет етіп жүрген танысын да қылмысқа тартады. Құрылғы матрицасына емін-еркін кіру мүмкіндігін алған ол табыс сомасын азайтып отырған. Ал ақшаны жігіттер өзара бөліскен.

Кейін олардың тобына сол фирманың тағы екі қызметкері қосылып, келтірілген залал 30 млн теңгеге жеткен. Ұрланған қаржыны Арман екі жаңа көлікке және оқу ақысын төлеуге жұмсайды.

Екінші жігіт үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көлігін де жөндеткен. Үшінші азамат бар ақшаны банк шотына салып отырған. Ал төртіншісі банктегі несиесін жапқан.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ