Выбор редакции

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

«Мерейлі отбасы-2014»  байқауының алғашқы жеңімпазы, түркістандық Бимаханбетовтер әулеті елбасы сыйға тартқан шағын автобусты сатып, орнына джип автокөлігін сатып алған.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Бұл туралы  Бимаханбетов Елтай қария мен Елена ананың шаңырағында болған NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі хабарлады.

Елтай ақсақал мен жары Елена апа 1954 жылы танысқан. Екеуі де студент. Үшінші курс оқып жүрген кезінде тұңғыштары өмірге келген. Алғаш рет әке атанған сәтін қария өміріндегі ең бақытты күндердің бірі деп санайды.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

«Мен өзім әкенің де, шешенің де тәрбиесін көрмей өскен тұл жетім болдым. Әйтеуір елден қалмай білім алып, қатарға қосылдым. Үшінші курс оқып жүрген кезде балалы болдық. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезіміз. Кеше жүрген жалаңбас жетім бала әке болды. Өзім Талдықорғанда практикада жүрген едім.  Әйелімнің босанғанын естідім де ағайыма жақынымнан ешкім жоқ деп сұранып кеттім. Бірінші Алматыдағы перзентханада әйелім тұңғышымды өмірге алып келді. Жаспын ғой енді, «Алатау, мен әке болдым. Естіп тұрсың ба? Кеше жүрген тас жетім, мен бүгін әкемін» деп тауға қарап дауыстап қуаныштан айқайлағанмын», - деп өткенін көз алдынан бір жүгіртіп өткен қарияның жүзінен қуаныш сезімі анық байқалды.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Кейін қолына диплом алып, еңбек жолын бастайды. Қарияның өзі де, жары да білім саласының мамандары.

«Мен перзенттерге есім берерде «Қойшыбай», «Сергей», «Сексенбай» емес, мағынасына аса мән бердім. Бала тәрбиесіне келгенде өте қатал әке болдым. Бәрін де кестеге түзіп, сонымен бақылап отыратынмын. Мәселен, қай уақытта тамақ ішіп, қай уақытта сабаққа дайындалу керек, спорттық жаттығуға неше уақыт жұмсау керек, бәрін-бәрін белгілі бір режимге сәйкес жасауға үйреттім. Содан кейін кешкі сағат он бірден кейін біздің үйде «отбой» болды. Түгел ұйықтауға жататынбыз»,- деді қария.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Айтпақшы, Бимаханбетовтер шаңырағының ұл-қыздарының жастық шағында бос уақыт деген болмаған. Әкелері Елтай әрқайсысына бөліп жұмыс беріп қояды екен.

«Мұның өзі балаларды жастайынан еңбекке баулу ғой» деген қария  үй тазалау, ыдыс жуу, қора тазалау, малға қарау секілді жұмыстар балалардың мойнына жүктелгенін айтады. Отағасы кешке жұмыстан келген соң міндетті түрде кімнің не істегені туралы тұңғышынан сұрап алып отырған екен.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Республика бойынша үлгілі отбасы атанған әулеттің  тірегі қарияны адамдардың бір-біріне деген күндестігі тыйылмай отырғаны мазалайды.

«Қазақтың ниетіне, пейіліне қарай кең жер мен оның астында қазына да берген. Дегенмен біздің қанымызда күндестік бар. Ол кеше немесе бүгін пайда болған жоқ. Бұрыннан келе жатыр. 25 жасында болыстыққа сайланайын деп тұрған Абай «қазақтың жауы – қазақ» деп айтқан. Міне, көрдіңіз бе, Абайдың сол кезде күйініп айтқаны ғой бұл», - деп ашынды ақсақал.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Елтай қария көре алмаушылықтың зардабын өзі де тартқанын да жасырмайды. Содан кейін ақсақал адамдарды «ақылды», «аңқылдақ» және «ақымақ» деп үш топқа бөлетін болған.

Елтай ата мен Елена апа бүгінде кенже ұлдары Нұрсұлтанның қолында тұрады. Жақында кенже ұлының тұңғышы шаңырақ көтеріпті.

2014 жылы өткен «Мерейлі отбасы» байқауынан соң Бимаханбетовтер әулеті бір немере және үш шөберемен толыққан. Сонымен қатар бір немересі шаңырақ көтеріпті.

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Түркістандық отбасы Назарбаев сыйлаған автобусты сатып жіберді

Бүгінде 8 ұл-қызынан 32 немере, 15 шөбере сүйіп отырған Елтай қария мен Елена әжей «Бұдан артық бақыттың керегі жоқ» деп әңгімелерін аяқтады.

Айтпақшы, ұлттық байқауда жеңіске жеткен шаңыраққа елбасы өз қолымен шағын автобустың кілтін табыстаған болатын. Көлік құралын басқару қиындық туғызғандықтан, қария оны сатып, орнына  джип  автокөлігін  алыпты. Бүгінде көлікті кенже ұлы Нұрсұлтан тізгіндеп жүр екен.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.