Выбор редакции

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлерін NUR.KZ порталы theopenasia.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Жақында қазақстандық депутаттар мемлекеттік қызметкерлерге дене шынықтыру тәртібін енгізуді ұсынған болатын. Олардың ойынша, бұл ұлт денсаулығына оң әсерін тигізеді.

Ал Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов болса, тіптен бір ай бойы шенеуніктерден бастап, балаларға дейін ел тұрғындарына жаттығулар жасауды міндеттеген болатын.

Осы тұрғыда саясаткерлердің өздері қаншалықты спортпен шұғылданады? Сонымен, Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлерімен таныс болыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстан)

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның спорттық державаға айналуы үшін барын салуда. Тіпті кей спорт түрлерін елімізде алғаш болып енгізгенін де жасырмайды. Жас кезінде Назарбаев волейбол ойнайтын. Ал рактеканы алғаш рет қолына 40-ты алқымдағанда алған. Ал бүгінде кортқа тұрақты түрде шығып, жақсы нәтижелер көрсетеді.

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Қазақстан да бұл спорт түрінен айтарлықтай алға басты. АТР және WTA рейтингтеріне бірнеше отандық теннисшілеріміз енген.

55 жасында Назарбаев алғаш рет шаңғы теуіп үйренді. Оның тағы бір қызығушылығы - гольф.

Ислам Кәрімов (Өзбекстан)

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Ислам Кәрімов Өзбекстанда балалар спортының дамуына зор ден қояды. Ол үшін елде арнайы қор ашылған. Ал Кәрімовтің өзі болса, үлкен теннис ойнайды. Одан бөлек шахматқа әуестігі жоғары.

Алмазбек Атамбаев (Қырғызстан)

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Алмазбек Атамбаев спорттық шеберліктерімен мақтана алмайды. Бір күні одан қай спорт түрін ұнатасыз деп сұрағанында, туризм деп жауап берген болатын. Дегенмен оның спорттық туризммен шұғылданғанын көрген адам табылмады. Бұдан бөлек Алмазбек Атамбаев бала кезінде шахматты қатты жақсы көргенін алға тартты.

Эмомали Рахмон (Тәжікстан)

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Тәжікстанның спорттық жетістіктері туралы бүтін бір кітап жарияланған - "Эмомали Рахмон: Ұлт денсаулығы - баға жетпес байлық". Ол кітаптан Эмомали Рахмонның түрлі спорт түрлерімен шұғылданатынын білуге болады. Оның ішінде футболды ерекше жақсы көреді.  Ұлттық жекпе-жек түрі - гуштингиримен де әуестенеді.

Гурбангулы Бердімұхамедов (Түркіменстан)

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Гурбангулы Бердімұхамедов атпен жүргенді, велосипед тепкенді, су мотоцикліне отырып, балық аулағанды ұнатады. 1972 жылы классикалық жекпе-жектен Ашхабад чемпионы атанған, ал 1973 жылы атыс бойынша Түркіменстан чемпионы болды. Бала кезінен автоспортқа әуестенеді.

Орталық Азия көшбасшыларының сүйікті спорт түрлері қандай?

Нағыз түркімен ретінде ат шабыстарға қатысады. 2013 жылдың сәуірінде ол, тіпті 11 млн доллардан астам қаражат ұтқан. Ал бір жолы мәре сызығына жеткенде, аттан құлап түскен. Алайда қарулы құрылымдар бұл оқыс жағдайдан ақпараттың тарауына кедергі болды.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ