Выбор редакции

Жаңа Зеландияда даяшылардың барлығы жалаңаш жүретін кафе ашылды (фото, видео +18)

Жаңа Зеландияда келушілер мен даяшылардың барлығы жалаңаш жүретін кафе ашылды. Бұл туралы  Gorod55.ru порталы ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Дәмді тағам жеуге құмарлар арасында жаңаша үрдіске көшушілер көбейіп келеді. Лондонда келушілері міндетті түрде тыр жалаңаш отыруы тиіс және оларға қызмет көрсететін даяшылардың да анадан жаңа туғандай болып жүруі шарт болып саналатын ресторанның ашылғаны туралы ақпардың тарағанына көп болған жоқ еді. Тіпті тамақтандыру орнының қожайындарының өзі мұндай табысты күтпеген екен – оның үстелдеріне тапсырыс беретіндер бір апта бұрын-ақ барлық орындарды алып тастаған»,  - делінген хабарламада.

Лондондағы жалаңаш ресторан әлемдегі жалғыз осындай орын емес екен. Шамемен тап осындай мекен Жаңа Зеландияда да біраздан бері жұмыс істейтін болып шықты. Ол жергілікті телеарна тілшілері арнайы хабар түсіргеннен кейін күллі әлемге бірден танылды.

Жаңа Зеландияда даяшылардың барлығы жалаңаш жүретін кафе ашылды (фото, видео +18)

Түсіру тобы Гамильтон қаласындағы ресторанға барып, хабар дайындай бастайды. Әлбетте, тікелей эфир арқылы берілетін хабар сол бойы бүкіл әлемге тарайтын болғандықтан, залда отырған келушілерге жеңіл-желпі халат беріліп қойылыпты. Бірақ бәрін 100 пайыз қамту қиын ғой, хабар жүріп жатқан кезде арғы жақтан даяшы қыздардың бірі сол жалаңаш қалпында шыға келген.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ