Выбор редакции

АҚШ-та горилла торға құлап кеткен 4 жасар баланы өлтіре жаздады

АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы жануарлар бағында төрт жастағы баланы он минут  бойында торда әрі-бері тасыған горилланы өлтіру жөнінде шешім шығарған.

Құтқарылған баланы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды centralasian.org.

Оқиға 28 мамырда болған. Жануарлар бағына келген бала қоршаудан асып түсіп, торға құлап түскен. Сәбиге маймылдың Харамбе есімді аталығы келіп, баланы тістеп, тордан әрі-бері тасыған. Онда тағы екі маймыл болған. Бірақ олар балаға жақындамаған.

Зоопарктің арнайы тобы баланы құтқару үшін Харамбені өлтіруді шешкен.

"Жануарлар бағының қауіпсіздік тобы тез қимылдап, баланы құтқарып қалды. Маймылдың өліміне әкелген қайғылы оқиғадан өзіміз де есімізді жияр алар емеспіз. Бұл жануарлар жойылу алдында", – дейді зоопарк директоры Тейн Мейнард (Thane Maynard).

Зоопарк жексенбі күні қайтадан жұмысына кірісті. Бірақ гориллалар секциясы әзірге жұмыс істемейді.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ