Выбор редакции

Әзімбай Ғали Қаринді "Қазақстанды жабық мемлекеттер қатарына қоспақ" деп айыптады

Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали Ерлан Қариннің «ВКонтакте» желісін жабу керек деген пікіріне қарсы шықты деп хабарлайды Korrespondent.kz.

Әзімбай Ғали Қаринді "Қазақстанды жабық мемлекеттер қатарына қоспақ" деп айыптады

Тіпті Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қариннің сөзін сынға алып, бұл мәлімдемесі арқылы "Қазақстанды жабық мемлекеттер қатарына қоспақ" деп айыптады.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали мұндай пікірін Facebook парақшасында жария етті.

«Оқыды, озық деген қазағым сен болсаң, онда қатардағы полковниктер не істемек? Елімізді жабық мемлекеттер қатарына еңгізбексің ғой? Қазақстанның имиджін әбден бұзбақсың ғой? «ВКонтакте» интернет желісі - қазақты жек көріп елімізді жамандайды екен» деп жабардың алдында біздің алдымыздан өткендейсің», - деп жазды Әзімбай Ғали.

Сонымен қатар желі қолданушысы өз жазбасында қазақ тілінің бүгінгі мүшкіл халін де тілге тиек етіп, биліктегілерге кінә артты.

«Қазақстандық баспасөзге ие емеспіз. Қазақстанда мемлекеттік тіл жерде жатыр, оған биліктен араша болған лауазымды қазақ көрмедім. Керісінше, қазақша сөйлегенге прокуратураны айтақтау биліктің ісі болып тұр. «Үш тұғырлы» тілді еңгізбек болып әрекет жасап жатқанда қайда болдың? Қазақстандық ұлт концепциясын шығарған сен емес пе едің? Тағы да басқа қазақтың рухына қарсы дүниелерді сен істейтін қабырғаларды дайындамады ма?», - деп ашынды саясаттанушы.

Айта кетейік, жақында ғана Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында ВКонтакте әлеуметтік желісін мүлдем бұғаттап тастауды ұсынды. Себебі ресейлік желіден келетін қауіп еліміз үшін басым.

Сарапшының айтуынша, аталған ресейлік желіден келетін қауіп басым.

"Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Facebook емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда", - деп жазды Қарин.

Ерекше атап өтерлігі, бесінші маусым күні Ақтөбеде орын алған террорлық шабуылдан құқық қорғаушылар лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеп көрген. Олардың барлығы ВКонтакте желісіне тіркеліп, ондағы діни топтардың мүшесі болған.

Тағы оқыңыз:

Баян Есентаева өзін соққыға жыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Назарбаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Баян Есентаеваны күйеуі көпшіліктің көзінше пышақтап кетті

Террорист Дмитрий Таңатаров ауруханада көз жұмды

Теміртауда тұрғындар адам шошытарлық "модернизация" үшін 10 жыл несие төлеуге міндеттелді (фото)

Алматыда 11 жасар бала өгей әкесінің зорлап келгенін жайып салды