Выбор редакции

Алматыда ақылы автотұрақтың бір сағаты 100 теңге болмақ

Алматыда соңғы төрт жылда осымен бесінші рет ақылы автотұрақ жүйесі орнатылып жатыр. Енді қаладағы әрбір жүргізуші көлігін бір сағат сонда қойғаны үшін 100 теңге төлемек деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда ақылы автотұрақтың бір сағаты 100 теңге болмақ

Фото: kolesa.kz

Осы жолы сондай тұрақтардың алғашқысы Көк базар маңайында пайда болды. Бірақ автотұрақ үшін ай сайын 20 мың теңге төлегісі келмейтін жүргізушілерге бұл жүйе ұнаған жоқ.

Жаңа автотұрақты қала басшысына таныстыру үшін жауапты адамдар дәл әкім келер сәтке дейін дайындалып бақты. Паркоматтың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізгісі келген Бауыржан Байбек келе сала қыр-сырын тәптіштеп сұрап шықты.

Әзірге тәжірибе ретінде 61 көлікке арналған автоматтандырылған тұрақ жұмыс істеуде. Ол 15 минутқа дейін тегін. Одан асса бір сағатқа төлейсіз. Сағатына алынатын әрбір 100 теңгенің 12 теңгесі бірден салық ретінде қала қазынасына түседі екен.

Алдағы уақытта қала бойынша жасалатын барлық төлемдер диспетчерлік орталықта экраннан көрініп тұрады. Тек шенеуніктердің жаңа бастамасы қашанғыдай арзан емес. Осымен бесінші рет қолға алынып отырған паркомат ісіне, тек бірінші кезең үшін 4 жарым миллиард теңге жұмсалмақшы. Бірақ бұл жолғы шығын инвесторлардың мойнында деп сендірді жоба авторлары.

"Көп көлік жиналатын жерлерде орын табу өте қиыншылық туғызады. Сол себепті біздің мына енгізіп жатқан шарамыз ол машинаның санын реттейді, азайтады. Бюджеттен бір теңге төленбейді. Бұл жоба 100 пайыз инвестиция арқылы жасалып отыр", - дейді «Алматыспецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков.

Айта кетерлігі, алматылық атқамінерлердің автотұрақтарды автоматтандырамыз деп шапқылағаны бір бұл емес. Мына қондырғылар 2013 жылы орнатылып, артынша қаңырап қаңылтыры ғана қалған еді. Бұл жолы да жаңадан қолға алынған тұрақ жүйесіне көлік жүргізушілері ә дегеннен-ақ шағымын айтып жатыр.

"Менің ойымша ол дұрыс емес. Өйткені олар күнделікті машиналарын қояды, автокөліктерін осы жерге. Оларға бір жеңілдік жасау керек", - дейді көлік жүргізушісі Елдар Нәукенұлы.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жоба кемі он жыл мүлтіксіз жұмыс істеуі тиіс. Бірақ көптің көңілі бұған иланар емес. Өйткені Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі соңғы төрт жылда осымен бесінші рет өзгертіліп отыр екен.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр

Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

Сарапшы: Лаңкестерге сырттағы шейхтары "өз елдеріңде күресіңдер" деген тапсырма беруі мүмкін

Елімізде сүт өндіретін компаниялар өнім құрамына түрлі қоспа араластырып, жұртты алдаған

Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ