Выбор редакции

"Қазақстан аруы" байқауына сын айтқан Есентаеваның өзі сынның астында қалды

Белгілі продюсер Баян Есентаева "Қазақстан аруы" ("Мисс Қазақстан") байқауының ұйымдастырушыларына сын айтамын деп, желі қолданушылардың ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақстан аруы" байқауына сын айтқан Есентаеваның өзі сынның астында қалды

Фото: comode.kz

Бірнеше жылдан бері "Қазақ аруы" байқауын ұйымдастырып жүрген Баян "Қазақстан аруы"("Мисс Қазақстан") байқауынан ілік тапты. Оның айтуынша, аталған байқауда оның идеясы қайталанған. Яғни, ол байқау ұйымдастырушылары қыздарға ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы сұрақтар қойып, "Қазақ аруы" байқауының шартына қол сұққан деген пікірде.

"Қазақстан аруы" байқауына сын айтқан Есентаеваның өзі сынның астында қалды

Фото Баян Есентаеваның желідегі парақшасынан алынды

"Қазақстан аруының" өңірлік байқауларында мұндай сұрақтар қойылғаны есімде жоқ. Бұл біздің "Қазақ аруы" байқауымыздың негізгі шарты болып келген. Мен "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастырушылар мен жеңімпаздарын құттықтаймын! Бірақ, екі түрлі байқауды мазмұны мен идеологиясы бойынша араластырудың қажеті жоқ деп санаймын, - деп жазды продюсер өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылар Есентаеваның бұл пікіріне қарсылықтарын білдірді.

"Мұндай байқауда салт-дәстүрлер туралы сұрақ қойылуы заңды. Бұл қыз Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сол үшін ол дәстүрлерді білуі керек", "Баян, сенімен келіспеймін, бұрыннан көп байқауларда қазақтың əдеп-ғұрпынан, тұрмыс-салтынан сұрақтар береді", "Қыз сыны" байқауынан бері бар ғой сұрақтар, 1991 жылдан бері", - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар:

Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізуді орыс тілін сақтап қалу технологиясы деп атады

Белгілі саясаттанушы тоғызыншы рет ауысқан үкіметтің өзгеріс әкелетініне сенбейді

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Әдепсіздік танытып, дөрекі сөйлеген депутаттар парламанттен қуылатын болды

7-сыныптың оқулығында жүрген Сабина Алтынбекова желі қолданушысын таңырқатты (фото)

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ