Выбор редакции

Төреғали Төреәлінің бүлдіршін кезіндегі видеосы жұртты сүйсіндірді

Әнші Гүлнұр Оразымбетова желідегі парақшасына Төреғалидің кішкене күніндегі видеосын салып, оны туған күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің бүлдіршін кезіндегі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Фото желідегі парақшадан алынды

Бүгін әнші Төреғали Төреәлінің туған күні. Әншіні өнердегі әріптестері мен достары туған күнімен құттықтап, оған жылы лебіздерін білдіріп, тілектес екендіктерін айтып жатыр.

Сондай құттықтаулардың қатарында Гүлнұр Оразымбетованың салған видеосы елді ерекше елең еткізді. Олар бұл видеодан кішкентай Төреғалиді танып, оның өнері мен даусына таңданды.

"Əкенің тегімен, ананың сүтімен бойына берілген Өнер атты ұлы айдынға бала Төреш болып келіп,таланты мен ерінбей еткен еңбегінің арқасында "Ұлы дала баласына" айналған Ақ Төрешімді бүгінгі туған күнімен құттықтаймын!!!! Жасай бер, Төрешім!!!", - деп жазды тілектестігін Гүлнұр.

"Не деген тәтті дауыс", "Мына тәтті бала Төреғали ме?", "Жаным-ау, қандай тәтті бала десем, "красавчик" Төреəлі екен ғой", - деп жазды қуанып қалған оқырмандар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ