Выбор редакции

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, елге қашып келді

Араб жігітіне екінші әйел болып тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, өзі елге әзер дегенде қашып келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтылды.

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, елге қашып келді

Көрнекі фото: prokazan.ru

"Әйел бақыты" бағдарламасының кезекті санына араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы шақырылды. Ол өзінің басынан өткен оқиғасын баяндап, өзге елге тұрмысқа шығудың сан соқтырар тұстарына тоқталды.

Бетін елге көрсетуден бас тартқан қыз, жұмбақ кейіпкер ретінде келді. Оның айтуынша, ол екі оқу орнын бітірп, екі жоғары білім бар оқыған қыз екен. Дубайға барып жұмыс жасаған қызды сол жақта араб жігіті ұнатып қалып, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтады.

Бұл ұсынысты ата-анасына жеткізген қызға анасы ақ батасын берсе де, әкесі келіспей қойған екен. Бірақ сонда да анасының келісіміне сүйенген қыз көзін жұмып, екінші әйел болып араб жігітіне тұрмысқа шыққан. Араға уақыт салып, қыз бала дүниеге әкелген келіншектен араб жігіті ұл тауып бер деп қолқа салады. Уақыт өте келе қазақ қызы ұлды болады.

Оның айтуынша, барлық азап пен зорлық-зомбылық осы кезеңнен басталған. Күйеуі келіншекті күнде соққының астына алып, ол адам төзгісіз жағдайда өмір сүре бастайды. Аз-маз жинаған ақшасын алып, ол қашуға бекінгенімен күеуі оның бұл әрекетін біліп қойып, ойы жүзеге аспай қалған. Дегенмен, амалын тауып, ол бәрібір де үйінен қашып шығып, еліне қашып кетеді. Бүгінде елге келгеніне бір жыл өткен келіншектің екі баласы күйеуімен бірге қалған. Ол өзі қашып құтылғанымен, екі баласын тастап кетуге мәжбүр болған.

Бүгінде өзінің мамандығы бойынша Астанаға жұмысқа орналасқан оның ендігі мақсаты - екі баласын қайтарып алу. Бірақ, араға елшілікті салса да, ол екі баласын қайтара алмай отыр. Себебі, араб елінің заң бойынша, олар өз елінде туған балаларды анасымен бірге жіберуге аса қатаңдықпен қарайды екен. Дегенмен, жаза басқан келіншек балаларын қайтарып алудан әлі де үмітті.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ