Выбор редакции

Алматыдағы балалар үйінде зорланған сәбидің хаты көпшілікті дүр сілкіндірді

Қоғам қайраткері, «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин балалар үйінде сексуалды зорлыққа ұшыраған баланың хатын жариялады.

Алматыдағы балалар үйінде зорланған сәбидің хаты көпшілікті дүр сілкіндірді

Иллюстрациялық фото: kp.ru

26 желтоқсан күні Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге зорлық көрсеткен азамат 15 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізеді.

Сонымен қатар, балалар үйінің бұрынғы директоры Г. Шунаева және айыпталушының адвокаты Гүлнар Мұрат жауапқа тартылды.

Аружан Саин зардап шегуші баланың хатын іс аяқталып, айыпты жазасын алған соң жариялауда жөн көрген.

NUR.KZ хатты қазақ тіліне аударып назарларыңызға ұсынады.

"Сәлеметсіз бе?! Менің атым (аты көрсетілген жоқ). Мен үш жасымнан бері балалар үйінде тұрамын. Ал анамды өмірімде бір рет қана көрдім. Біздің балалар үйінде тату тұрып, ешкім бізді ренжітпеген кезі есімде. Кейін директор Зиада Ғашпаенва зейнетке кетті де, бәрі өзгерді.

Мені бәрінің өтірікші деп атап, мен жайлы жақсы айтпайтынын білем. Бұл жайт мені ренжітеді. Мен жайлы айтқандарға көңіл аудармауға да болады. Ал оның мені зорлап келгені өте қорқынышты және ауыр жағдай.

Мен С., айтқан нәрселерді істегім келмейтін, алайда, ол мені мәжбүрледі. Мен тығылып, одан қашып жүрдім. Бірақ мен тәрбиешіге барлығын жайып салып, маған бәрі қорқынышты екенін айттым. Алайда, ол сөзіме аса мән бермей, ешкімге айтпауымды, ұят болатынын айтты. Директор болса, үлкен аула салып, оны кіргізбей қоямын деді.

Бірақ ол тек мені зорлаған жоқ. Басқа балалар да болды. Мен шындықты айтқаным үшін өкінбеймін. Осы уақыт аралығында маған сараптамадан өтіп, бірнеше рет оқиғаны қайталап айтып беруге тура келді. Мұның бәрі мен үшін ауыр.

Мені және басқа балаларды қорғайтындарға рахмет. Бүгінде мен отбасының балалар үйінен жақсы екенін анық білемін.

Мен тек өзімді емес, басқаларды да қорғаймын. Мен балалар үйінде қалған балаларда бәрі жақсы болғанын қалаймын.

С.,-ны қорғайтын адамдар мен жайлы ғана емес, менің отбасым туралы да жаман айтады. Алдымен өздеріне қарап алса ғой... Мені асырап алған ата-анам менің сөзімді сөйледі. Мені қорғады. Ал өзгелерді ешкім қорғаған жоқ.

Аружан тәте, олардың айтқаны шындыққа жанаспайтынын жеткізіңізші. Басқа балалар мұндай жағдайды ойламасын да, ешқашан білмесін де..."

Алматыдағы балалар үйінде зорланған сәбидің хаты көпшілікті дүр сілкіндірді

Баланың хаты. Фото: Facebook

Алматыдағы балалар үйінде зорланған сәбидің хаты көпшілікті дүр сілкіндірді

Баланың хаты. Фото: Facebook

Тағы оқыңыздар:

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының Қытай түрмесіндегі өмірі туралы айтты (фото)

Үндістанда діни рәсім кезінде 40 адам бірін-бірі таптап кетті

Ақтауда балалығының қалай өткенін білмей қалған ересектерге арнайы балабақша ашылды

Шымкенттегі жаңа әкімдік маңындағы көпқабатты жаңа үйлерді сасық су басып жатыр

Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр

Шымкентте террорлық әрекет жасамақ болғандар сотталды

Алматыда жас отбасы сәбиінің өліміне медбикені айыптап сотқа жүгінді

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ