Выбор редакции

Нұрлан Ақүрпеков: Өз жерімізде өзбектерді ойсырата жеңуіміз керек

Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін "Astana Arlans" клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков алдағы кездесу туралы пікір білдірді деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұрлан Ақүрпеков: Өз жерімізде өзбектерді ойсырата жеңуіміз керек

Нұрлан Ақүрпеков. Фото: Vesti.kz

Ақүрпеков кеше ғана ресейліктерді жеңген "Astana Arlans" - тың өзбек боксшыларына қарсы қалай дайындалып жатқанына тоқталды.

"Өзбекстандық командаға қарсы шығатын боксшылар дайындығын әлдеқашан бастап кеткен. Сол бокс академиясында. Ұлттық құрамамен бірге. Жақын күндері АҚШ және Германия боксшылары келеді. Солармен бірге дайындықты өткіземіз", - деген бапкер өз алаңымызда өзбектерді ойсырата жеңу керектігін айтты.

"Мен Ұлттық құрама сапынан ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевты шақыртқым келеді. Егер мүмкін болса әрине. Қазір команда сапында ауыр салмақта өнер көрсететін Олжас Бұқаевты әлі толық тексеріп үлгерген жоқпыз. Ал өзбекстандық команда сапында ауыр салмақта мықты боксшылар бар. Біз бұл кездесуді 5:0 есебімен жеңу керекпіз. Сондықтан да команданы күшейту керекпіз. Қонқабаев қосылса жақсы болар еді", - дейді ол.

Айта кетейік, "Astana Arlans" пен "Uzbek Tigers" арасындағы кездесу 18 ақпан күні Талдықорған қаласында өтеді. 

Тағы оқыңыздар:

Айсәуле Бақытбек анасы Баянның жаңа махаббаты туралы алғаш рет пікір білдірді

Түркияда құлдыққа түскен қырғыз қызы адам шошырлық күйде табылды (фото)

Шымкентте жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады

Путинді құрметтейтінін айтқан Трамп сынның астында қалды

ВЫБОР РЕДАКЦИИ