Выбор редакции

Қазақстан халқының саны 18 миллион адамнан асты

Қазақстан халқының саны 18 миллион адамнан асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Massaget.kz. 

Қазақстан халқының саны 18 миллион адамнан асты

Қазақстан. Фото: tilalemi.kz

«2017 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 034,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 339,4 мың (57,3%), ауылдықтар – 7 694,9 мың адамды (42,7%) құрады. 2016 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,2 мың адамға немесе 1,34% өсті», - делінген баспасөз баянында.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-маусымда туғандар саны 189,3 мың адамға жетті, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4% аз.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық жасөспірім АҚШ-та күніне 100 долларға жұмыс істеген

2017 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4 мың адамға немесе 9,2% кеміп, 122,6 мың адамды құрады.

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,70 адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,7% аз.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ
ВЫБОР РЕДАКЦИИ