Выбор редакции

Мектеп ауласында жүрген оқушы кенеттен жердің астына түсіп кетіп, мерт болды

Түмен облысында сегіз жасар ер бала мектеп аумағында жер астына түсіп кетіп, көз жұмды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мектеп ауласында жүрген оқушы кенеттен жердің астына түсіп кетіп, мерт болды

Фото: ura.news

Қайғылы оқиға Викуловский ауданына қарасты Викулово ауылында болды. Жергілікті мектепте оқитын оқушыларлың бірі жер астына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкрлері іздеу жұмыстары барысында 8 жасар баланың денесін тапты.

Баланың өліміне қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 109 бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Тағы оқыңыздар: Хиджаб киген алматылық алаяқ әйел елді тақырға отырғызып кеткен

Түмен облысы губернаторының бапасөз қызметінен нақтылағандай, мектеп оқушылары мен қызметкерлері бірі қалмай эвакуацияланған. Оқиға орны қоршауға алынды, құрылыс басқармасының мамандары қажетті апатты-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Губернатордың баспасөз қызметінен мәлімдегендей, осы оқиғадан кейін облыс билігі барлық білім беру мекемелерін тексереді. Ал оқыс оқиға болған мектеп дүйсенбі, 18 қыркүйекке дейін жабылған.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ
ВЫБОР РЕДАКЦИИ