Выбор редакции

Семейде 36 жастағы әйел туған баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Семейде 36 жастағы әйел үш жасар сәбиін бесінші қабаттан лақтырып жіберді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Семейде 36 жастағы әйел туған баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Көрнекі фото: 24.kz

Жедел жәрдем станциясынан мәлімдегендей, оқиға күндіз сағат 12 шамасында болған.

36 жастағы әйел үш жасар баласын бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен лақтырып жіберген. Сәби бірінші қабаттың кіреберісінің карнизіне құлапты.

Тағы оқыңыздар: Хиджаб киген алматылық алаяқ әйел елді тақырға отырғызып кеткен

«Сәбидің жамбас сүйегі сынған, көптеген жарақат алды. Ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы ауыр болатын», - дейді жедел медициналық көмек станциясындағылар.

Ал туған баласын өлімге қиған әйел психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Баланың анасы ол жерде бұрыннан есепте тұр екен.

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ
ВЫБОР РЕДАКЦИИ