Выбор редакции

«QAZAQSTAN» Ұлттық арнасында «енелер мен келіндер» сайысқа түспек!

Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі - жас отбасылардың ажырасу деңгейінің күрт өсуі. Әр отбасы – тұтас бір мемлекет екенін ескерсек, халқымыздың қастерлеген қасиетті шаңырағы неліктен тез шайқалып жатыр? Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы 20,6 мыңға жуық ажырасу фактілері тіркеліп, олардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан.

«QAZAQSTAN» Ұлттық арнасында «енелер мен келіндер» сайысқа түспек!

Отбасы құндылықтарын жоғары бағалаған ұлтымыздың санасы өзгерді ме әлде заманы өзгерді ме?! Осындай мәселелердің көбейіп кету себебін жан-жақты қарастыруға болады.

Көп жағдайда, енелер мен келіндер арасындағы кикілжің де тұтастай бір шаңырақтың отын сөндіруге әсерін тигізіп жататыны анық. Ене мен келіннің татулығы – отбасының берекесі, жанұядағы жарасымдылықтың кілті екені белгілі.

Осыған орай, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасында дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында «Ене мен келін» реалити шоуы жарыққа шықты.

«Ене мен келін» жобасын сейсенбі-жұма күндері аралығында сағ 18:15-те, ал финалдық көрсетілімін сенбі күні, сағ 19:10-да «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар!

*PR құқында

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ
ВЫБОР РЕДАКЦИИ