Выбор редакции

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды

18 қараша күні БҚО-ның Зашаған ауылындағы жеке үйлердің бірінде табиғи газ жарылып, 37 жастағы аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалған. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды (фото, видео)

Фото mgorod.kz

ТЖД мәліметінше, газдың жарылуы салдарынан үйдің төбесі құлап қалған. Ал денесінің 85 пайызын күйік шалған жүкті әйел облыстық ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

37 жастағы әйелдің жары Руслан Нығметов "Мой город" порталына болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды (фото, видео)

Фото mgorod.kz

"Мен қатты жарылыстан оянып кеттім. Ас үйге жүгіріп барсам, әйелім жанып жатыр. Өртті қолыммен сөндіре бастадым. Оның барлық денесі күйіп қалған.

Бірден жедел жәрдемді шақырдым. Оны алып кетті. Табиғи газбен уланды деген күдікпен мені, әжемді, тағы үш баланы да алып кетті. Менің тек қолым күйген", - дейді Руслан.

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды (фото, видео)

Фото mgorod.kz

Қазір таңда аяғы ауыр әйелді санавиацияның көмегімен Астанаға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі айтыс ақыны ОҚО-да әкімдердің халықты алдап отырғанына күйінді

Алтынай Жорабаеваға "ТМД-ға еңбегі сіңген қайраткер" атағы берілді (фото)

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған жеткіншектер тоққа түсіп қалды

35 жастағы ер адам жыныстық қатынастан бас тартқан әйелін буындырып өлтірді

ВЫБОР РЕДАКЦИИ