Выбор редакции

ОҚО-да жас жігіт кішкентай балаларды талдырып, үйді тонап кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт қолға түсті. Ол жергілікті тұрғынның үйінен алтын және бағалы дүниелерін қолды еткен деп хабарлaйды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да жас жігіт кішкентай балларды талдырып, үйді тонап кеткен

ОҚО-да жас жігіт кішкентай балларды талдырып, үйді тонап кеткен

Күдікті үйге баса көктеп кіргенде үйде 6 және 12 жасар екі баланың бар екенін көрген және екеуін де қылқындырып талдырып тастаған.

Кейін аяқ-қолдарын байлап, өзі бөлмелерден алтын бұйымдарын іздепті. Жәбірленген отбасыға келтірілген материалдық шығын көлемі жарты миллион теңгені құрайды.

Ордабасы АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20-25 жас шамасындағы жергілікті тұрғын ұсталған.

Аталған факт қарақшылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелді.

Бірнеше сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ