Выбор редакции

Мөлдір Әуелбекова: Жалғыз Баянды емес, бәрін де кешіруге дайынмын

Атышулы "KeshYou" тобының дүркіреп тұрған кезінде аты шыққан танымал әнші Мөлдір Әуелбекова отандық арналардың біріне берген сұхбатында кімге болса да кешіріммен қарауға дайын екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекова

"Маған өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін. Үнсіз жүре беремін. Оны халық көріп отыр қанша жылдан бері. Адам кешірімді болуы керек. Қандай жағдай болмасын, барлығымыз қателесеміз. Бәріміздің де кемшіліктеріміз болады.
Сол себепті де мен өткенде қалған адамдармен, жалғыз Баян емес қой, достарым болды қаншама, араласпай кеткен құрбыларым да бар, олармен ренжіспеймін. Тіпті туысқандардың да арасында болады мұндай нәрсе. Кешірімге дайынбыз бәріміз. Неге кешірмеске? Барлығымыз Алланың алдында бірдейміз. Адамбыз, пендеміз", - деп кесіп айтты әнші.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ