Выбор редакции

Тағдыр жолы бұралаң: Дана Нұржігіт көршісінің 20 жылдан соң күйеуі боларын білмеген

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жұбайымен 20 жылдан астам уақыт бұрын танысқан болып шықты. Ол көршісінің болашақ күйеуіне айналарын білмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Дана Нұржігіт. Фото: Instagram

Дана Нұржігіт. Фото: Instagram

Бұл жайында журналист Instagram парақшасында жариялады.

"Тағдыр жолы бұралаң деген рас-ау. Менің есімде қалған Қызылорданың масасы қайда, желмен бірге ауызыңа лап беретін құмы,топырағы,шыбын-шіркейі қайда,құдай-ау?! Маңдайыңнан өбіп,шашыңды еркелете сипаған кешкі самал, сені көптен күтіп сағынған таныс көшелер, қасыңда өзіңді өмір бойы адасып жүріп, тапқан адамың.

Бұл кеш жүректі елжіретіп қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, жүректі езіп жіберер өкінішке де толы болды.

Дана Нұржігіт. Фото: Instagram

Дана Нұржігіт. Фото: Instagram

Біз бір көшеде тұрыппыз. Бір балабақшаға барған екенбіз. Кезінде Мұрат ашқан мейрамxана тап мен тұрған үйдің қасында бүгін де тұр! Бірақ, осының бәрін білу үшін біз жиырма жыл адасып жүрген екенбіз!", - деді Дана Нұржігіт.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ