Выбор редакции

Томирис Байсафаның құрбысы оған арнап жантебірентерлік ән шығарып, елді жылатты

Мамыр айында Мәскеуде биіктіктен құлап қайтыс болған Томирис Байсафаның жан құрбысы оған арнап ән шығарды. Бірнеше айдан бері оның өліміне қатты қайғырып жүрген бойжеткен желіге естелік суреттермен әрленген видео жүктеді деп жазады NUR.KZ.

Ерболатова Салтанат есімді бойжеткен желідегі парақшасында Томирис туралы көптеген естеліктер жазған. Оның айтуынша, олар кішкентайдан бірге өскен құрбылар болған. Қызының құрбысының шығарған әнін өзінің желідегі парақшасына жүктеген Жанна Ахметованың жазбасы елді жылатты.

"Достық бар. Махаббат та бар. Олар бар болғаны рас болса, екеуі бір-бірінсіз қалай жүр екен?! Ол да білмейді. Мен де білмеймін. Қалай көмектесерімді де білмеймін. Құзға құлағандай болдық. Психологтар да көмектесе алмайды. Ол қатты азып кетті. Тойы болуы керек еді... Томпи тойда қызжолдас болуы керек еді. Ал ол болса "бұл Томпидің орны ғой" деп басқа қызжолдастан бас тартты. Онсыз қайда барамыз?.. Рас айтам. Мұз үстінде жүргендейміз...", - деп жазды ол.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ