Выбор редакции

53 адамды өлтірген ресейлік қанішер жайлы не білеміз?

53 адамды ажал құштырған ресейлік қанішер Андрей Чикатилоның қылмысы жайлы естіген адамның денесі түршікпей қоймайтынын анық. Адамның жанын ойыншыққа айналдырған қаскөйдің құжаттары мен қылмыс жасаған құралдары бүгінде Дон мұражайында сақталған деп хабарлайды rostov.kp.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Википедия,.rostov.kp.ru

Фото: Википедия,.rostov.kp.ru

Андрей Чикатило 24 жыл бұрын ату жазасына кесілген. Ол жеті мен 16 жас аралығындағы 21 баланы өлтірген. 9-17 жас аралығындағы 14 бойжеткенді, 18 қыз-келіншекті қорлап, түбіне жеткен.

Ол телефон станциясында жұмыс істеген. Ал кезекті жемтігін жұмыс бабымен іс-сапарға барғанда өлтіріп отырған.

Чикатилло. Фото:rostov.kp.ru

Чикатилло. Фото:rostov.kp.ru

Ол өзінің соңғы сәтіне дейін ату жазасына кесілетініне сенбеген екен. Сондай-ақ Андрей өлім жазасына кесілмеу үшін бірнеше рет жоғарғы жаққа хат жазып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.

Чикатиллоның заттары мұражайда. Фото:rostov.kp.ru

Чикатиллоның заттары мұражайда. Фото:rostov.kp.ru

Ал 1994 жылдың 14 ақпаны күні кешкі 20:00-де үкім оқылғанда "Сонда мені ататын болды ма?" деп қайта-қайта сұрай беріпті.

Чикатиллоның заттары мұражайда. Фото:rostov.kp.ru

Чикатиллоның заттары мұражайда. Фото:rostov.kp.ru

Айта кетейік, қанішер үнемі камера алдында өзін жақсы көрсетуді білген. Чикатило ешқашан анасымен ұрысып көрмеген. Өзін өте сабырлы ұстайтын болған.

Фото:rostov.kp.ru

Фото:rostov.kp.ru

Чикатилло өзінің алғашқы құрбанын 1978 жылы өлтірген. Арада тек 23 жыл өткенде барып оның қылмыскер екенін анықталған. Оны өлім жазасына кескен соң, желкесінен бір оқпен өлтіруге шешім шығарылған

Чиктиллоның құжаты. Фото:rostov.kp.ru

Чиктиллоның құжаты. Фото:rostov.kp.ru

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ