Выбор редакции

Үндістанда бір топ маймыл 72 жастағы қарияны кірпішпен ұрып өлтірді

Үндістанда бір топ маймыл орманға келген 72 жастағы қарт кісіге кірпіш пен құрылыс материалдарын лақтыра жөнелген. Салдарынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті деп жазады ren.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістанда бір топ маймыл 72 жастағы қартты кірпішпен атқылап өлтірді

Фото: bashny.net

Орманға ағаш теруге келген ақсақалды маймылдар ұрып өлтірген.

Олар ағаштың үстінде отырып, қартқа 20-ға жуық кірпіш пен құрылыс материалдарын лақтырыпты.

Марқұмның туыстары құқыққорғау органдарына ресми арыз жазып, маймылдарды жазаға тартуды сұраған.

Олардың айтуынша, отағасын өлтірген маймылдар нағыз қылмыскерлер және алаяқтар. Алайда тәртіп сақшылары оларға қатысты іс қозғау мүмкін еместігін айтуда.

Айта кету керек, Үндістанда маймылдардың адамдарға шабуыл жасауы бірінші рет болып отырған жоқ.

Оқиға орын алған ауыл тұрғындары биліктегілерге бірнеше рет шағымданғанымен, бүгінгі күні ешқандай көмек ала алмай отыр.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ