Выбор редакции

Тәуекел Мүсілім атышулы әкесі туралы кино түсірмекші

Кино әлемінің сымбатты серісі Тәуекел Мүсілім қылмыс әлемінің серкесі болған әкесі Сабыр жайлы фильм түсірмек деп жазады Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Актер қазір өз ойын жүзеге асыру үшін қаражат жинап жатқанын айтты.

"Кейде жүзуге қатысып жүргенімде түрлі ой келеді. Әкем жайлы фильм түсіру де жоспарда бар. Киноны "Өзіміздің қазақ қандастарымызды қорғап, сес көрсетіміз керек" деген жазумен бастап, фильмді "Сабыр" деген атаумен шығарсам деймін. Басты рөлді кімнің ойнайтынын шешпедім. Мүмкін өзім алып шығармын", - деді Тәуекел Мүсілім.

Айта кетейік, талай арудың арманына айналған актер жасырын түрде үйленіп алған.

Бұл шындықты жұртқа жайып салған Тәуекел келіншегінің өнер әлеміне қатысы жоғын айтты. Актер осы себепті де сүйгенін көпшіліктің алдына алып шығуды қаламайды екен.

Source: Kaz.nur.kz

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ