• Теги
    • избранные теги
    • Международные организации200
      • Показать ещё
      Компании491
      • Показать ещё
      Страны / Регионы1133
      • Показать ещё
      Люди356
      • Показать ещё
      Разное653
      • Показать ещё
      Издания31
      • Показать ещё
      Формат17
      Показатели4
26 апреля, 00:28

Американские журналисты поделились впечатлениями о казни преступников в Арканзасе

В американском Арканзасе в спешке казнят заключенных. Тех, кого приговорили к высшей мере. Во вторник впервые за 17 лет на тот свет отправили сразу двоих. При этом, в штате долгое время действовал мораторий на казнь.

Выбор редакции
25 апреля, 19:59

Корпоративным директором АСИ стала экс-замглавы Росимущества Елена Мякотникова

Елена Мякотникова также работала в группе "АФК Система" на позиции исполнительного вице-президента комплекса финансов и инвестиций ОАО "АФК Система"

25 апреля, 19:34

Атыраулық тұрғын күйеуінің улы су ішіп жан тапсырғанын дәлелдей алмай жылап жүр

Атырау облысының тұрғыны күйеуінің улы су ішіп жан тапсырғанын дәлелдей алмай жылап жүр деп хабарлайды КТК арнасы. Әзиза Қадыралина. Кадр КТК арнасы Әзиза Қадыралина жұбайының ауыз судан уланып өлгеніне сенімді. Тіпті, дәлелі де қолында. Сөзіне сенсек, кен орнындағы жұмысшылар ыдыстағы таза ауыз су бітіп қалған жағдайда, техникалық суды пайдалана беретін көрінеді. Осындай суықтықтан ауыз тиген Қуанышбек Қадыралин кейін өзін жайсыз сезініп, ақыры үйіне жеткен бетте жан тапсырған. "Жоғары жақтағылар, әсіресе Жылой аудандық ішкі істер бөлімі мен прокурорлардың әрекеттеріне назар аударса екен. 4 рет іс қозғалып, 4 рет еш себепсіз жауып тастап отыр. Бұлардың аузын жапқан ғой. Қолымда дәлел бәрі бар. Бірақ іс жабыла береді!", - дейді марқұмның жесірі Әзиза Қадыралина. Аяқасты асыраушысынан айырылып, кішкентай қызымен далада қалған Әзиза қазаға әкелген жайтқа жол бергендер жазаланса дейді. Кінәларын сезсе керек, компания басшылығы әуелгі кездері пәтер алу үшін 7 миллион теңге көлемінде қаржылай көмектесуге уәде еткен. Бірақ қылмыстық іс қысқартыла салысымен, ол уәделерін ұмытыпты. Әзиза Қадыралинаның марқұм жұбайы. Кадр КТК арнасы "Қуанышбек қайтыс болған кезде оның отбасына 700 мың теңге көмек көрсетілді. Бәлкім, болашақта тағы да қарастырылатын болар. Оны шешетін жоғары басшылық бар. Сондықтан, дәл қазір мен анау-мынау деп ештеңе айта алмаймын", - дейді «Мұнай сервис LTD » ЖШС директорының орынбасары Серік Жайлин. Аудандық ішкі істер бөліміндегілер де өздеріне шаң жуытпады. Олар қылмыстық іс заңға сәйкес қысқартылғанын айтады. Ал осы уақытқа дейін оны қараған тергеушілер қазір басқа қызметтерге ауысып кеткен. Енді жәбірленушінің арызынан соң ғана іс қайтадан қозғалғалы жатыр екен. "Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталып жатыр. Жәбірленушінің көрсеткен уәждері тергеу барысында жүргізіліп, прокурорлық қадағалау арқылы түпкілікті шешім қабылданады", - дейді Жылой аудандық ІІБ аға тергеушісі Нұржан Жетенов. Жұмысшылар неге техникалық су ішуге мәжбүр? Әзизаны мазалайтын осы жайт дер кезінде ескерілгенде, отағасы тірі болар ма еді дейді. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Жанельдің еміне ақша жинаған белсенді джип мініп, дүркіретіп той тойлап жүр Қытайда сәбилерге исламға қатысты есімдер қоюға тыйым салынды Сапарбаев аймақтағы әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін қадағалап отыр

25 апреля, 19:00

ҚХА мүшесі: СҚО экс-әкімінің қылмыстық топпен байланысы болуы мүмкін

ҚХА кеңейтілген отырысында Қазақстанның орыс, казак пен славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, орыстар қоғамының басшысы Юрий Заxаров СҚО-ның бұрынғы әкімі Ерік Сұлтановтың қылмыстық топпен байланысы бар болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz. Фото Baq.kz-тен алынды. Автор: Бауыржан Жуасбаев Юрий Заxаров Солтүстік Қазақстан облысындағы ағайынды Кошалевтерді тексеруді талап етіп отыр. Оның айтуынша, СҚО-ның бұрынғы әкімі Ерік Сұлтановтың бұлармен байланысы болуы мүмкін. Ал ағайынды Кошалевтер Солтүстік Қазақстан өңірінде қылмыстық топтың жетекшілері ретінде тіркелген екен. Бұл өтінішін орыстар қоғамының басшысы ҚХА кеңейтілген отырысына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевқа айтты. «Мен кеңес дәуірінен бері бизнеспен айналысамын. Шынымды айтсам, мен Қазақстандағы алғашқы миллионердің бірімін... Менің жер учаскемде заңсыз ғимаратты көтеріп қойған. Ал бас мердігер ағайынды Кошалевтер. 1998 жылдан бері Кошалевтер ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері ретінде тіркелген. Осы жерде бір сұрақ туындайды. Бұрынғы әкім Сұлтанов пен Кошалевтер арасында қандай байланыс болды? Үш жыл бойы ол ұйымдасқан қылмыстық топқа арқа сүйеген. Бұл – үлкен мәселе. Солтүстік Қазақстанда өнім өндіру көлемін екі есе артық жазып келген. Оның бәрін қолдан жасады. Ал 100 мыңдаған жерлерге өнім егілмей қалды. Ол да млрд-таған ақша болса керек. Осыны назарға алуды сұраймыз. Керек болса, арнайы органдар мен агенттік қызметкерлеріне, бәрін ашық айтуға дайынбыз», - деді ол. Осы орайда Алик Шпекбаев бұл сауалға былайша жауап берді. «Бұл істі, деректерді қарастырайық. Біздің ондай мүмкіндігіміз бар. Біз тапсырма береміз. Мен жауапты хат түрінде беремін», - деді ол. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Жанельдің еміне ақша жинаған белсенді джип мініп, дүркіретіп той тойлап жүр Қытайда сәбилерге исламға қатысты есімдер қоюға тыйым салынды Сапарбаев аймақтағы әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін қадағалап отыр

25 апреля, 17:42

Путин: власти ищут рыночные меры влияния на курс рубля

Российские власти сейчас ищут варианты рыночных мер влияния на курс рубля. Об этом заявил президент России Владимир Путин.

25 апреля, 16:09

МТСБУ продолжает прием документов по обязательствам СК "Украина", "Скайд", "Нова" и АСО "Вексель"

Моторное (транспортное) страховое бюро Украины (МТСБУ) продолжает прием документов пострадавших в ДТП по обязательствам страховых компаний "Украина", "Скайд" и "Нова" до 30 мая 2017 года, сообщается на сайте бюро.

Выбор редакции
25 апреля, 16:00

Жанельдің еміне ақша жинаған белсенді джип мініп, дүркіретіп той тойлап жүр

Қызына ота жасалғаннан кейін бірнеше ай хабарсыз кеткен Ақмарал Жақсылықова NUR.KZ порталының редакциясына хабарласып, өз позициясын білдірді. Мәулен Алғазы мен Жәнелдің анасы. Фото: nur.kz Ақмарал Жақсылықова бірнеше ай бойы бұқаралық ақпарат құралдарына шықпай жүрген. Оның себебін келіншек ота жасатқан қызына күтім жасап, жанында болуымен түсіндірді. «Мені Мәулен деген жігіт жан-жақта, интернетте қаралап, ақшаны қайтар деп, неше түрліні айтыпты. Мен соған жауап берейін деп келдім», - дейді Ақмарал Жақсылықова. Осыған дейін отандық басылымдарда Жәнелдің еміне деп еріктілер тобының жинаған қаржысына Ақмарал Жақсылықованың Алматыдан пәтер сатып алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жәнелдің анасы бұл сөзді жоққа шығарды. «Ешқандай үй алынған жоқ. Менің атымда да үй жоқ. Оны өздері шығарып алған. Дәлелденбеген. Ол ақша - қызымның, Жанеляның еміне арналған халықтың берген көмегі. Қызыма жұмсау үшін халықтан көмек сұраған болатынбыз. Соны ары қарай да жұмсап жатырмын», - дейді ол. Еске сала кетсек, «Қайырымды жандар» еріктілер тобы Жәнелге отаның тегін жасалғаны және донордың жақын туысы болғанын ескере отырып, жиналған 12 миллион теңгенің есебін сұраған. Еріктілер тобы жетекшісі Мәулен Алғазы Жәнелдің анасы донор болатын адамды мүлде жасырын ұстағанын айтқан еді. Өз кезегінде Ақмарал Жақсылықова донорды, яғни, қайын інісін расында да ота жасалғанға дейін жасырғанын мойындап отыр. «Донорды танымаймын деген ешқандай әңгіме болған жоқ. Өтірік айтпасын. Донор болуға ниет еткен қыздар да, жігіттер де болды. Көбінің қан тобы қызыма сәйкес келмей жатты. Қайным да бірден берем (бүйрегін – ред.) деген жоқ. Ол кісі (қайын інісі Бақтияр Жылқыбаев – ред.) менімен бұл туралы сөйлескен жоқ. Өзінің ағасына: «Жанелдің қан тобы менімен сәйкес келеді екен. Мен берейін», - депті. Ағасы, яғни, менің күйеуім оған ойлан деген. Ол: «Ертең әңгіме болып жүрмесін, әпкелеріміз, анамыз ренжіп жүрмесін маған. Сен өз еркіңмен берейін деп жатсың ба?», - деп сұрады. Қайным өз еркімен беретінін айтқан», - деп мәлімдеді Ақмарал Жақсылықова. Жәнелдің ата-анасы өздерінің қазіргі таңда некеде емес екенін жеткізді. Ақмарал Жақсылықованың айтуынша, күйеуі расымен де ішімдік ұрттаса қызуқанды, арқасы бар. Ал дәрігерлер ота жасатып шыққан Жәнелге тыныштық керек екенін айтқан. Сондықтан ажырасыпты. Алайда, Жәнелдің әкесі Данияр қызын ай сайын тапсыратын қан талдауына өз көлігімен тасып, барынша отбасына көмектесіп жүргенін алға тартты. Жәнелдің ата-анасы қайырымды жандарға еш өкпесі жоқ екенін, тек сол топты бастап жүрген Мәулен Алғазыны жаратпайтындарын білдірді. «Қайырымды жандар бізден отаның квотамен тегін өткенін, донордың туған інім болғанын желеу етіп, 12 миллионды қайтарып бер деп отыр. Ал енді сол еріктілердің жетекшісі Мәулен менің інімді қасына ертіп алып, мен саған ақша алып берем деп жүр. Бізді сотқа бергізді», - дейді Данияр Жылқыбаев. «Қайырымды жандар» еріктілер тобының есеп беру туралы талабын Жәнелдің анасы ішінара орындапты. «2 жарым миллион теңгенің есебі берілді. Өткенде азаматтық сот болды. Екінші процессте олар есеп бергенімізді мойындап отыр. Қазіргі таңда қалған ақшасы жаратылып жатыр. Қызым қазір Ақсай ауруханасында. Лейкоциті төмендеп кеткен. Жатқанына он күн болды. Бүйрек салғаннан кейін шауып кетеді дегенге ешкім 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Киімі бар, дәрісі бар, әйтеуір бәрі ақша ғой. Менің қызым қазір шыны сияқты, сындырып алмау керек. Тұмауратып қалған жағдайда бүйрегін ағзасы қабылдамай қоюы мүмкін. Ақшаның алты миллионы қалды», - дейді қаржының қайда жұмсалып жатқанынан хабардар еткен Жәнелдің әкесі. Анасының айтуынша, Жәнелге дәріні мемлекет тегін беріп жатыр. «Үкімет дәріні тегін беріп жатыр. Ота тегін жасалды. Бірақ ақша майда- шүйдесіне кетіп жатыр. Ота жасалмай тұрып дайындалуы да, одан кейін де күтіміне ақша жұмсалды. Апта сайын 80-90 мыңдап кетіп жатыр. 12 миллионды бас кезде Израильге барамыз деп жинадық. Ал енді неге мен қызыма жиналған ақшаны алмаймын?! Қызым өмір бақи мүгедек. Ақша маған өте қажет. Мен оны ары қарай да жұмсаймын. Ақшаны қайтармаймын!», - дейді ол үзілді-кесілді. Жәнелдің ата-анасы еріктілер тобымен арадағы келісім шартқа қол қоюда өздерінің алданып қалғанын жеткізді. Ақмарал Жақсылықованың айтуынша, Мәулен Алғазы оның орыс тіліне шорқақтығын пайдаланып, алдап қол қойғызып алған. «Мәулен деген кісі кезінде әйелімнің орысша мүлде түсінбейтінін пайдаланып, қол қойғызып алды. Ақмарал жиналған қаржыны ала алмай жүрген. Өйткені Мәулен шотты өз атына ашып алды. Бұл кісі аналық көз жасымен «Жан жылуы» бағдарламасына, 31 арнаға, Алматы арнасына барып, көмек сұраған. Көмек берілетініне Мәуленнің көзі жетіп тұрды. Телевидениеге шыққан нәрсені алды да инстаграмға сала салды. Әйелімнің көз жасын пайдаланып, ақша жасап отыр», - дейді Данияр Жылқыбаев. Ақмарал Жақсылықова соңғы екі ай бойы еріктілер тобын бастап жүрген Мәулен Алғазыдан қорлық көріп келе жатқанын айтады. «Ол кісінің маған екі ай бойы не істегенін айтайын. Оны халық білмейді. Маулен халықты «Мен Жәнелдің туған ағасымын» деп алдаған. Маған жұрт осыны айтып хабарласа бастады. Ол қандай туған ағасы? Мен оған рұқсат берген жоқпын. Маған айтпаған сөздері жоқ. «Жер бетінде жүргізбейтін қылам» деді. Ақшаны сұрау үшін оның маған көрсетпеген қорлығы жоқ. Бір күні біз жоқта үйге келіп, ақтарып-төңкеріп кеткен. Диванда жатқан қызымның хәлін де сұрамаған. Содан үйден шығып бара жатқан жерінен жолықтырып қалдық. Сонда ол менің жолдасыма «Әйелің ақшаның есебін бермесе, соттатамын. Менің адамдарым көп. 250 студентіме айтсам, сені жерден алып жерге салып жамандайды»,- деп қорқытты. Маған телефон шалып, тағы бүйрек керек пе деп біреулер мазақтайтынды шығарды», - дейді Ақмарал Жақсылықова. Осылайша Жәнелдің ата-анасы еріктілер тобының жетекшісі Мәулен Алғазының үстінен шағым түсірді. «Мәуленді сотқа беріп отырған себебіміз, ол еш жерде тіркелмеген. Қайырымдылық қоры деп шот ашып алған, бірақ салық төлемейді. Аналардың көз жасын пайдаланып, ақша тауып жүр. Қазір ол 1 миллион 200 мың теңгеге адвокат жалдап алыпты. Оны біздің адвокаттан естідім. Ақшасы болғасын адвокат жалдап отыр ғой. Өзі еш жерде жұмыс істемейді. Біз қайғырып жатқанда ол отыз жасын тойлады. Астында джип көлігі. Нағыз коррупционер, нағыз мошенник сол. Бізге қағазын көрсетпеді. Мүмкін менің қызыма 12 миллион емес, 17 миллион жиналған шығар?! Соны тексерсін деп салық басқармасына шағымдандық. Үйімізге түнделетіп келіп ақтарғаны үшін, әйелімді балағаттағаны үшін, заңсыз тексергені үшін ішкі істер департаментіне де бердік. Прокуратураға да жаздық. Он күннің ішінде жауабын береді. Алаяқтықпен айналысып жүрген нағыз сол адам. Еш жерде тіркелмеген. Әшейін жап-жас студенттерді пайдаланып, күнін соған көріп жүрген біреу», - дейді Жәнелдің әкесі Данияр Жылқыбаев. Ақмарал Жақсылықова да оны растап отыр. Жәнелдің отадан кейінгі жағдайын анасы Ақмарал айтып берді. «Қызым ота жасалғаннан кейін жүгіріп кеткен жоқ. Өте қатты күтім қажет. Диетада отырады, 9 мезгіл дәрі ішеді. Уақытылы тамағын дайындап беруім керек. Сағат сайын дәрісі бар. Бөлмесінде бірде-бір инфекция болмау керек. Тұмау жұқса бүйрек кез келген уақытта жұмысын тоқтатады. Мен барлығын қадағалап отырмасам, кім қарайды? Қызым бес қадам да жүре алмайдық. Көтеріп жүреміз. Мен қазір 4 сағат жұмыс істеймін. Бастығыма рахмет. Сол төрт сағат арасында қызыма қарап үлгеруге тырысам. Жұмыс істемей-ақ қояйын десем, бізге де ақша керек. Пәтер жалдап тұрамыз, басқа да балаларым бар. Ал Жанеляның ақшасын тек өзіне жұмсауым керек», - дейді Жәнелдің анасы. Ақмарал Жақсылықова күйеуінің бұрын құмар ойынға әуес болғанын, қайнысының да сондайға жақын екенін, әлі күнге сол жаман әдетті тастай алмай жүргенін ала тартады. Оның сөзінше, қайнысы Бақтияр алған несиелерін құмар ойнына салып тастаған. Сондай-ақ, Ақмарал Жақсылықованың айтуынша, донор болған қайнысы Бақтияр Жылқыбаевтың кезінде құмар ойынға салу үшін кредит алып, оны өтей алмаған. Тығырықтан шығу әйелімен үйленгенде оның пәк еместігін туыстарына айтпауға уәде берген. Есесіне әйелі оның кредиттерін жауып беруге өзара келіскен. Осы арада Ақмарал Жақсылықованың күйеуі оның жеке мәселе екенін айтып, тоқтау салды. Жәнелдің әкесі қазіргі таңда інісінен беті қайтып қалғанын жеткізді. Айтуынша, қарындасына бүйрегін берген Бақтияр Жылқыбаев одан соңғы рет елу мың теңге сұрап хабарласқан. «Ініме көмектесем, екі жұмыс істесем де деп жүргенмін. Әйелімді сотқа бергеннен кейін одан көңілім қайтып қалды. Қазір сөйлескім де келмейді. Өткенде маған елу мың теңге тауып берші деп хабарласып тұр. Маған енді телефон соқпа деп тұтқаны қоя салдым», - дейді Жәнелдің әкесі. Еске сала кетейік, "Қайырымды жандар" еріктілер тобы бүйрегі істен шыққан Жәнел Жайлауоваға 12 млн теңге жинап берген болатын. Кейіннен Жәнелге бүйрегін берген Бақтияр Жылқыбаев мәлімдеме жасады. Осыдан соң, "Қайырымды жандар" еріктілер тобы Ақмарал Жақсылықовадан жұмсалған ақшаның есебін сұраған болатын. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Декрет демалысында жұмыс істеудің жолдары қандай? Жәнібек Әлімханұлының қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды Қазақстанның хоккейші қыздары чемпионат кезінде төбелесіп қалды (видео) Сапарбаев аймақтағы әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін қадағалап отыр

25 апреля, 15:09

Москва и Доха обсуждают возможность поставок зерновых из России в Катар

Москва и Доха обсуждают возможность поставок зерновых из РФ в Катар, сообщил министр промышленности и энергетики Катара Мухаммед бен Салех ас-Сада. Он возглавил делегацию на заседании межправкомиссии.

25 апреля, 14:24

«Эльбрус» на страже: Россия создаст новый заслон киберзащиты

В России анонсировали разработку новой защищенной микропроцессорной системы релейной защиты и автоматики (РЗА), основой для которой послужит «Эльбрус».

25 апреля, 14:00

Жат ағымдағы ақтөбелік 3 қыздың шетел асып кеткеніне алты жыл болған

Ақтөбе облысында діни жағдайы күрделі саналатын Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев өңірдегі діни жағдайды баяндады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. 37 мыңнан аса халқы бар ауданда басқа ағымда жүрген 498 тұрғын есепке алынған. «Діни жағдайға байланысты қазір 498 адам есепке алынды. Өткен жылы бұл сан 532 болатын. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, жеке кездесіп айтып жатырмыз. Арамызда түсіністік бар. Есепке алынған 498 адамның 245-і жұмыспен қамтамасыз етілді, 35-жұмыссыз. Оның ішінде 76 адам бала күтімінде отыр», - дейді Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев. Ақтөбедегі діни жағдайы ең күрделі ауданның үш тұрғынының шетел асып кеткеніне 6 жыл болған. «Темір ауданының 3 қыз азаматы қазір шетелде жүр. Олар 2011 жылы кеткен. Одан кейін шетелге кету оқиғасы тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты»,- дейді Асқар Жүсібалиев. Аудан әкімі жағдайдың тұрақтылығымен қатар, есепке алынған азаматтардың арнайы бағдарламаларға қатысып, несие алып жатқандарын айтты. «Араларында маған жұмыс керек емес дейтіндер бар. Өткен жылы «Атамекен» палатасының бағдарламасына басқа ағымда жүрген азаматтарды қатыстырдық. 60 адам жиналды. Биылғы күні соның жетеуі аудан бойынша «Ислам» банкінен 30 миллион теңге несие алды. Биылғы жылы да осы жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы ауданда басқа ағымда жүргендердің арасында 55 кәсіпкер бар», - деді аудан әкімі. Темір ауданында қазіргі уақытта 220 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы бар. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Нью-Йорктегі ультрамарафонда қазақстандық тоқтамастан 9 сағат жүгірді (фото) Индонезияға келген АҚШ вице-президентінің қызы мен әйелі оранып алды (фото) Головкин өзінің қолтаңбасы қойылған қолғаптарды 60 мың теңгеден сата бастады (фото)

25 апреля, 13:07

САА разгромила крупнейший оплот боевиков на севере Хамы. ИГ теряет ключевые позиции под Пальмирой

Сирийская арабская армия (САА) активизировала действия против ИГ (запрещена в РФ) в районе стратегических месторождений нефти и газа под Пальмирой. «Тигры» САА отбили у «Джебхат ан-Нусры» (запрещена в РФ) город Хальфая и другие территории на севере провинции Хама. ВВС САР и ВКС РФ уничтожили военный конвой ИГ у города Ас-Сухна. На севере сирийской провинции Хама ВКС РФ провели специальную операцию по уничтожению крупной подземной базы боевиков.

25 апреля, 12:55

ОҚО-да жас келіншек 70-тегі қарияға күйеуге шығам деп тақырға отырғызды

Бүгінде алаяқтықтың түрі көбейді. Оңай олжаға кенелгісі келгендер оң-солын танымайтын баладан бастап, сексендегі қарттарды да сан соқтырып жүр. Сондай алданғандардың бірі — Сарыағаш ауданындағы Сәмбет Саттаров ауылының 67 жастағы тұрғыны Жолдас Адаев. Көрнекі фото: еnigma-project.ru Бұл кісі өзін ақымақ еткен адамды тауып, шара көру үшін Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасына арызданыпты. Ал, редакцияға хабарласқандағы мақсаты — өзі секілді өзгелердің де алаяқтардың құрған қақпанына түсіп қалудан сақтандыру екен деп жазады Ozgepikir.kz. "Менің арыз жазуыма өзін Мақтарал ауданының тұрғыны Нұрсұлу Қозыбаева деп таныстырған әйелдің алаяқтықпен қомақты ақшамды алып кетуі себеп болды, – дейді Жолдас қария. – Нұрсұлу 30-31-қаңтар күндері телефон арқылы өзінің жалғызбасты болғандықтан күйеу іздеп жүргенін, теңін тапса жар болуға дайын екенін айтты. Телефонымды қайдан алды екен деген қызығушылығыма «жаны ашитын біреулерден» деген жауап естідім. Әйелім дүние салып, жалғыз қалғандықтан оның «кездесіп, сөйлесейік» деген ұсынысымен келістім. Жасы 45-те екен. Жас айырмашылығы әсер етпей ме дегенімде, өзінің де әкесі екінші рет 30 жас кіші әйелге үйлегенін алға тартты. Ашық сөйлесу үшін мені Жетісай қаласына шақырды. Екеуміз халыққа қызмет көрсету орталығының алдында кездесіп, үйленуге уағдаластық. Бұған сол жерде мені алып барған жүргізуші Мықтыбек куә. Таныстықтан соң телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір күні «туысқандары 70 мың теңге қарызы үшін өзін басқа шалға күйеуге бергелі жатқанын, сол қарызды төлесем менімен үйленуге олар да қарсы болмайтынын» жеткізді. Мен келістім. Ақшаны Қызыләскер ауылындағы базарға келіп, алып кетті. 11 ақпанда үйленетін болдық. Бірақ ол 9 ақпанда ағасының жылдық асы берілетінін айтып, үйленуді кейінге қалдыруды сұрады. 13 ақпанда өзін Шымкентке білім жетілдіру курсына жібергенін айтты. «Соған баруға ақша керек, несие алып бер» деген соң Жетісай қаласындағы «Хоум кредит» банкке барып, сол жердегі Венера есімді қызға мені күйеуім деп таныстырды. Банктен лезде 300 мың теңге несие алып, 200 мың теңгесін «болашақ жарымның» қолына ұстаттым. Келесі күні тағы хабарласып, ауылдағы мектепке жұмысқа орналасу үшін директормен де, білім басқармасындағылармен де келісіп қойғандығын, осыған байланысты шұғыл ақша керек екенін жеткізді. Сөйтіп, несиеден қалған 100 мың теңгені ауылға өзі келіп алып кетті. Жетіңкіремей тұр дегесін бір малымды сатып, тағы 87 мың теңгені Шымкентке жолаушы тасымалдайтын «Газель» арқылы беріп жібердім. Ара-арасында жолкіре деді, киім-кешек деді, бас-аяғы менен алған ақшаның көлемі 500 мың теңгеден асып кетті. Алғашында ештеңе ойламадым, бірақ, кейінгі кездері телефонына соққан қоңырауымды қабылдамайтын болғанда ғана барып көңіліме күдік ұялай бастады. Бірақ, оны қайдан іздерімді де білмедім. Сөйтіп, әлгі банктегі Венераға барып, мән-жайды білдім. Менің Нұрсұлу деп жүргенім Бегайым екен. Сол жерде оған телефон шалып, «күйеуің іздеп келіп тұр» деп еді, телефонды өшіре салды. Оңбай алданғанымды түсіндім. Тіпті, шын аты-жөні кім, қайда тұратынын да білмейді екенмін. Бәлкім, маған дейін де қаншама адамды алдап, сан соқтырып үлгерген де шығар. Әлі де қанша адамды құрған тұзағына іліктіруі мүмкін. Осының алдын алу мақсатында полицияға арыз түсірдім. Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері мені алдаған адамға тиісті шара қолданар деген үміттемін", - деп жазған Жолдас атай. Бұрынғылар «Орта жолда атың өлмесін, орта жаста қатының өлмесін» деген сөзді бекер айтпаса керек. Ал, қартайған шағында қосағынан айырылу одан да ауыр соққы болары сөзсіз. Әсіресе, ер адамдар үшін. Ұзақ жылдар бірге тұрған әйелінен айырылып, жалғыздықтан іш құса болып жүрген қарияның кәрілікті бірге өткізер серік іздеп жүргенде алаяққа тап болғаны өкінішті. Ол әйелдің де қарияның қамкөңіл болып жүрген сәтін пайдаланып кеткенін қарамайсыз ба? Енді Жолдас қария сол әйелге алып берген несиесінің кесірінен зейнетақысын да ала алмай жүр екен. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Нью-Йорктегі ультрамарафонда қазақстандық тоқтамастан 9 сағат жүгірді (фото) Индонезияға келген АҚШ вице-президентінің қызы мен әйелі оранып алды (фото) Головкин өзінің қолтаңбасы қойылған қолғаптарды 60 мың теңгеден сата бастады (фото)

25 апреля, 11:15

Декрет демалысында жұмыс істеудің жолдары қандай?

Әйелі мен екі-үш баласын жалғыз өзі асырау кез келген ер азамат үшін де оңай емес. Сондықтан да, жас босанған аналар декреттік үзіліс кезінде үйде отырып ақша табудың түрлі әдістерін іздей бастайды. Егер сіз де солардың қатарында болсаңыз, төмендегі кеңестерге назар аударып көріңіз деп жазады Massaget.kz. Декрет демалысы. Көрнекі фото: Массагет 1. Интернет Баламен үйде отырып ақша табудың ең кең тараған түрі. А) Егер сіздің қолыңыздан мақала жазу келсе, оны түрлі сайттарға сатуға болады. Сондай-ақ, егер бірнеше тілді жетік меңгерсеңіз, аудармамен айналыса аласыз. Әрине, бұл салаларды табыс көзіне айналдыру үшін соған сай біліміңіз бен аз-кем тәжірибеңіздің болғаны игі. Дегенмен, неге бастап көрмеске? Ә) Декретте отырып, жеке кәсіпкерге айналуға да болады. Ғаламторда дүкен ашу арқылы. Әлбетте, қалтасында көк тиыны жоқ адам сауда-саттықпен айналыса алмайды. Дегенмен, бастапқыда көп ақша кетпейді. Ең бастысы, бәрін дұрыс есептесеңіз, қаржыңыз екі еселеніп, қалтаңызға қайта кеп түседі. Мысалы, бүгінгі таңда балалар киімдері, ойыншықтар, әйелдерге арналған тауарлар үлкен сұранысқа ие. Сіз секілді үйден шығуға мүмкіндігі аз қаншама ана бар! Олардың бәрі тауарды әйтеуір бір жерден алу керек қой. Кім біледі, мүмкін болашақта ғаламтордағы шағын дүкеніңіз үлкен бутикке немесе супермаркетке айналар? Б) Негізгі мамандығыңыз арқылы ақша табу. Егер сіздің мамандығыңыз психолог болса, ғаламторда жарнама беру жолымен жеке қабылдаулар немесе тренингтер өткізіңіз. Елімізде жуырда ғана пайда болған қызмет түрі - сенім телефонында жұмыс істеңіз. Егер мұғалім болсаңыз, жеке репетиторлықпен айналысыңыз. Сондай-ақ, тапсырыспен реферат, дипломдық жұмыс, тіпті ғылыми диссертациялар да жазуға болады. Көптеген фирмалар үйде отырып жұмыс істейтін есепші (бухгалтер) іздейді. Дәрігер мен мейірбикенің қызметіне зәру адамдар өте көп. Алдын-ала келісіп, үйге барып емдеу сізге де ыңғайлы. Мұндай жұмысқа күніне 1-2 сағат уақытыңызды арнасаңыз, жеткілікті. В) Сүйікті ермек ісіңіз арқылы ақша табыңыз. Көптеген жас аналар бала күтіміне байланысты үйде отырған кезде өздерінің қолынан көп нәрсе келетінін байқайды. Іс тігу, тоқыма тоқу, тамақ пісіру, гүл өсіру, сурет салу... Жас ана өз жақындарына, достарына сыйлық ретінде бір нәрсе жасайды, олар бұл туралы басқаларға айтады. Міне, осылайша, өзіңе ұнайтын, жаныңа рухани ләззат сыйлайтын шығармашылық жұмыс арқылы жаңа бір бизнестің есігі ашылады. Мысалы, ақын Асылзат Арыстанбек әшекей бұйымдар жасайды, әлеуметтік желі қолданушыларына жақсы таныс: Аңсаған Мұстафа сурет салады, Жанар Көбекбай егіз қыздарын дүниеге әкеліп, декретте отырған кезінде балаларға арналған журнал шығара бастады. Балаларды суретке түсіруді ұнатасыз ба? Өзіңіз түсірген суреттерді өңдегенді жақсы көресіз бе? Мүмкін, онда сіз Анна Геддес секілді әйгілі фотосуретшіге айналарсыз? Барлығы өз икемділігіңізге байланысты. 2. Шағын балабақша Бұл жұмыс түрі бірнеше перзенті бар әйелдердің оң жамбасына келеді. Олардың бала тәрбиесінде тәжірибесі мол. Әрі, өз сәбиіңді біреудің қарауына беріп, жұмысқа шыққанша, өзің бөбегіңнің қасында болып, басқа баланы қосымша бағып отырғаның жақсы емес пе? Ата-аналардың кейбірі баласын балабақшаға ертерек бергісі келеді. Дегенмен, мемлекеттік балабақшалар екі жасқа толмаған сәбиді алмайды. Көп әйелдер жұмысқа шығу үшін бала күтуші жалдайды. Бірақ, оны да бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді. Әрі ата-аналар сәбиінің өзі қатар балалармен ойнап өскенін қалайды және жекеменшік шағын балабақшаға төленетін ақша жеке күтуші жалдаудан әлдеқайда арзан. 3.Бұрынғы жұмыс Көбіне жас аналар бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанымен, қайтадан жұмысына оралуға асығады. Заң бойынша 3 жылға дейін сіздің жұмыс орныңыз сақталады, бірақ, одан ерте шыққысы келетін қызметкерге ешкім де «жоқ» дей алмайды. Егер бұл нұсқаға тоқталсаңыз, басшылықпен алдын-ала келісіп алыңыз. Мұнда да үйде отырып жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырыңыз. Қазіргі заманауи технологиялық жетістіктерді пайдаланып, фирманың клиенттерімен скайп арқылы сөйлесуге, құжаттарды онлайн толтыруға болады. Сондай-ақ, кеңседе таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін емес, күніне бірнеше сағат жұмыс істеу де таптырмас тәсіл. Мұндай жағдайда сіз жұмысқа кеткен кезде балаға қарай тұратын көмекші керек. Декреттегі жұмыстың артықшылықтары: 1. Отбасылық бюджетке тек шығын келтірмей, табыс әкеліп, үлес қосасыз. Дегенмен, қыруар ақша таппасаңыз да, бірінші ұтарыңыз - бір орында тоқтап қалмай, маман ретінде дами бересіз. Яғни, декреттегі жұмыстың басты мақсаты 3 жыл көлемінде үйде отырған әйелдің қарайып қалмауы, өзін ана ғана емес, маман ретінде де сезіне білуі. 2. «Декретте отырған әйелге жұмыс істеудің не қажеті бар? Отбасын асырау ер адамның міндеті» деп есептейтіндер баршылық. Бірақ, психологтардың пайымдауынша, бала күтіміне байланысты үйде отырса да, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын әйелдер өз отбасынан тысқары жерден жанына жылу іздемейді екен. Жұмыс істемей, тек қана баланың бетіне қарап отырғандармен салыстырғанда әлдеқайда байсалды, әр нәрсені бір айтып, күйеуінің де миын жемейді. «Пендеде бір іс бар жалығу деген» деп, хакім Абай бекер айтпаған ғой. Бақытты ана - бақытты бала. Сонымен, екінші артықшылық ол – көңіл-күй. 3. Декрет уақытында жұмыс істеу ең сылбыр, баяу, жалқау ананың өзін жөнге салады. Енді сіздің баладан қол тимеді деп, күн ұзаққа дода-додаңыз шығып, шаш тарамай жүруге уақытыңыз жоқ. Үй шаруасын жылдам бітіріп, жұмысқа кірісуіңіз керек. Бірақ, бұл сәби дүниеге келген күннің ертесіне белді бекем буып, жұмысқа кірісу қажет деген сөз емес. Көптеген аналар бала бір жасқа толып, аз уақыт болса да өз бетінше ойнай алатын хәлге жеткенде жұмыс істей бастайды. 4. Сондай-ақ, бала күтіміне байланысты үйде отырған ананың қосымша мамандықты игеруге, білім алуға мүмкіндігі бар. Сонымен, әйел үшін декреттік демалыс кезінде жұмыс істеу – табыс көзі ғана емес, бала тәрбиесін өзіне ұнайтын іспен ұштастырып, уақытты тиімді пайдалану. Оның ең басты артықшылығы - баланы бөгде адамға (бала күтуші, ясли) тапсырып, жұмысқа ерте шығып кетпейтіндігіңіз. Адам баласы қанша жасқа келсе де, ана мейіріміне мұқтаж, дегенмен, 3 жасқа толмаған сәби үшін ана махаббаты ауадай қажет, ол сіздің тәулігіне 24 сағат қасында болғаныңызды қалайды. Ескерту: *Декреттегі жұмысқа бар уақытыңызды арнап, басты миссияңыз - бала тәрбиесі жөнінде ұмытып кетпеңіз; *Интернет арқылы жұмыс іздеу барысында алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз - қаржы пирамидасы, комментарий жазу арқылы ақша табу, дауыс беру арқылы ақша табу және бизнес ашу, жұмысқа орналасу мақсатында қандай да бір есепшотқа қаржы аудару туралы ұсыныстардан бірден бас тартқаныңыз жөн. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Қызылордада студенттерге баннерді тіретіп қойған әкімнің орынбасары ұятқа қалды (фото) Мәжіліс депутат Лениннің сүйегін Қазақстанға алып келуді ұсынды Алматы метросында бомба барын айтып, елді дүрліктірген кім?

25 апреля, 11:00

Бір денеге жабысып туған егіз қыздардың шытырман өмірі

АҚШ-тың Коннектикут штатында Лупита мен Кармен есімді сиам егіздері тұрады. Дәрігерлер олардың үш-ақ күн өмірі бар деп санаған. Алайда олар бүгінде 16 жасқа толғанын тойлатуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға төмендегі фотоларды қарауға кеңес бермейміз! Лупита мен Кармен. Фото желі парақшасынан алынды Лупита мен Кармен бір біріне бауыр басқаны соншалық, ата-анасы оларды ажырату отасын жасатпақ болғанда, қарсылық білдірген. Олар "бізді неге жарты адам етіп бөліп тастамақшысыздар?" деп түсінбестік білдіріпті. Егіздердің кеудесі, омыртқасы бірігіп кеткен. Екеуінде екі қолдан және бір аяқтан бар. Кармен оң аяғын басқарса, Лупита сол аяғын басқарады. Қыздар өскен сайын олардың денсаулығы сыр беруде. Екеуінің өз жүрегі, өкпесі мен асқазаны барына қарамастан, өзге ағзалары бірігіп кеткен. Ата-анасы оларды ажырата алатын дәрігерлер таппай жанұшырып жүр. Лупита мен Кармен бірге отырып, бірге жүруді үйрену үшін талай жыл жаттығып келді. Кармен белсенді әрі ақылды болса, Лупита сабырлы, алайда оқуда қалыс қалуда. Дегенмен екеуі де жануарларды қатты жақсы көреді. Сол себепті, болашақта ветеринар болуды армандайды. Өкінішке қарай, егіздердің жағдайы күн санап ауырлауда. Әсіресе Лупитаның денсаулығы әлсіреп жатыр. Оның өкпесі тек 40 пайызға ғана жұмыс істей алатын болған. Дәрігерле екеуін ажырату үшін қауіпті ота жасауды ұсынды. Алайда өмірге деген құштарлығы жоғары қыздар отадан бас тартып, бірге өмір сүруін жалғастыруды ұйғарған. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Қызылордада студенттерге баннерді тіретіп қойған әкімнің орынбасары ұятқа қалды (фото) Мәжіліс депутат Лениннің сүйегін Қазақстанға алып келуді ұсынды Алматы метросында бомба барын айтып, елді дүрліктірген кім?

25 апреля, 10:00

Ерекше көрікті ұшқыш әйел шалқыған өмірімен мақтанды

25 жастағы ұшқыш бойжеткен Мишель Гурис өзінің сұлулығымен және шалқыған өмірімен ел арасында танымал болып үлгерген. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Мишель. Фото бойжеткеннің желі парақшасынан алынды Бойжеткен әлемнің әр түкпірінде демалып жүрген фотоларын Instagram желісінде жариялап отырады. Оның Амстердамда ұшқыш болып жұмыс істеп жүргеніне төрт жыл болған. Мишель Гурис өз жұмысын мақтан тұтады. Аспанға ғашық ару әлем аралағаннан гөрі ұшақ басқарғаннан көбірек ләззат алатынын жасырмады. "Мен 19 жасымда алғаш рет авиацияның қыр-сырын үйрене бастадым. Ryanair компаниясына жұмысқа тұрдым. Жұмысымды қатты жақсы көремін. Соның арқасында талай елді көріп, тегін демалу мүмкіндігіне ие болдым. Дегенмен ұшақ басқару оңай емес. Бұл үлкен жауапкершілік", - дейді ару. Бойжеткеннің алғашқы ұшақ басқарған сәтінен видеосын 1,8 млн адам тамашалаған. Мишель жұмысының арқасында Испания, Маррокко, Канар аралдары, Польша, Италия және өзге де елдерде тегін демалып үлгерді. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Выбор редакции
25 апреля, 09:45

Жол апатынан соң Ернар Айдарға төсектен тұруға тыйым салынды

Жол апатына түсіп, дүйім жұртты алаңдатқан Ернар Айдардың омыртқасы үш жерден сынғаны белгілі. Енді оған ұзақ уақытқа созылатын ем қажет. Дәрігерлер әншіге төсектен тұруға мүлдем тыйым салған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ. Фото Instagram желісінен алынды Бұл туралы әншінің директоры Жазира Еркін хабарлаған. "Ернарға төсек режимі ұсынылған. Енді ол төсекке жатып, ем қабылдауға мәжбүр. Дәрігерлер күніне 15 минутқа ғана тұруға рұқсат беріп отыр. Сондықтан әзірге барлық концерттер мен алдын ала бір жылға жазылып қойған жоспарларды шегеріп отырмыз", - деді ол. "Үйде Ернарға анасы мен жеңгесі қарайтын болады. Көңіл күйі жақсы. Өзі үшін алаңдаған жандарға алғыс айтып, сәлем жолдауда", - деді ол. Естеріңізге салсақ, сәуірді 11-нен 12-не қараған түні Ернар Айдар Шымкент-Алматы тас жолында ірі жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түскен болатын. Бірнеше күннен соң есін жиған әншіге ота жасалып, омыртқасы үш жерден сынғаны белгілі болған. Өткен сенбіде әншінің жағдайы жақсарып, ол ауруханадан шықты. Әншінің тыңдармандары мен ел тұрғындары ол үшін алаңдап, Алладан оның сауығып кетуін сұрауда. Материалды көшіріп басу үшін "Время" басылымына сілтеме жасау міндетті Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Выбор редакции
25 апреля, 09:30

Ел тұрғындарының қандай қылмысы үшін азаматтықтан айырылатыны белгілі болды

Қазақстандықтар қылмыстық кодекстің 21 бабы бойынша қосымша жаза ретінде азаматтықтан айырылатын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Көрнекі фото: BNews.kz "Ұсынылып отырған заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді Конституциясындағы түзетулерге сәйкес келтіру. Жоба Қазақстан президентінің жарлығын орындау мақсатында әзірленді", — деп баяндады үкімет отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев. Сонымен, Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделіп отыр. "Осылайша, қылмыстық кодекстің 10 бабында көзделген 14 аса ауыр террористік қылмыс құрамдары бойынша азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза ретінде ұсынылып отыр. Мысалы, терроризм актісі үшін, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін", — деді Бекетаев. Қалған 11 бап Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізуге байланысты. "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңына сәйкес негізгі ұлттық мүдделерге Конституциялық құрылыстың тұтастығы жатады. Бұл ұғымға елдің тәуелсіздігі, біртұастығы және президенттік басқару нысаны кіреді. Қазақстанның негізгі ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізетін қылмыстарға 11 бапта көзделген 16 қылмыс құрамдары кіреді. Мысалы, геноцид, сепаратистік әрекет, экстермистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу", — деп түсіндірді Бекетаев. Оның атап өтуінше, бұл жазаны сот ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттердің және әкеп соққан зардаптың  ауырлығын, істің нақты мән-жайын негізге ала отырып тағайындайды. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Выбор редакции
25 апреля, 09:15

"Ялла" тобының бұрынғы әншісі Ташкентте көз жұмды

Кеше Ташкент тұрғындары "Ялла" тобының бұрынғы әншісі Наргиз Байханованы соңғы сапарға шығарып салды. Топта ән айтқан Байханова өткен жексенбіде 68-ге қараған жасында көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ. Фото: kino-teatr.ru Наргиз Байхановаға өткен жылы Германиядағы ауруханалардың бірінде ота жасалған еді. Кино актері Джавахир Закиров марқұммен қоштасу жиынына Өзбекстанның жүздеген өнер және мәдениет қайраткерлері жиналғанын айтты. "Закировтер әулеті және өзбек эстрадасы ерекше дауыс иесінен айрылды",- деді ол өз сөзінде. Наргиз Байханова "Ялла" тобының танымал әншісі Фарух Закировтың бірінші әйелі болған. Соңғы рет әнші режиссер Эдуард Хачатурянның 1978 жылы түсірген "Қаланы саған сыйлаймын" фильмінде көпшілік алдына шыққан. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Выбор редакции
25 апреля, 09:00

Біржынысты махаббатты таңдаған әнші қауіпті вируспен реанимацияға түсті

Біржынысты махаббатты таңдаған Элтон Джон қауіпті әрі сирек кездесетін вирус жұқтырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты деп хабарлайды батыстық басылымдарға сілтеме жасап NUR.KZ. Элтон Джон. Фото: life.ru Денсаулығы сыр берген рок-музыкант АҚШ-тағы бірқатар концертін кейінгі шегеруге мәжбүр болған. Элтон Джон қауіпті инфекцияның кесірінен британдық ауруханалардың жансақтау бөлімінде екі күн жатқан. Ал ол ем алған аурухананың басшылығы болса, дерттің нақты атын атаудан бас тартты. Дегенмен ол адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін екен де алға тартып отыр. Қауіпті вирусты Джон Оңтүстік Америка елдеріне жасаған туры кезінде жұқтырып алған деген болжам бар. Әншінің менеджерінің айтуына қарағанда, Элтон Джонның денсаулығы жақсарып келеді. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Выбор редакции
25 апреля, 08:43

Қызылордада әкімнің орынбасары сөз сөйлеген кезде студенттер баннерді тіреп тұрды

Қызылордалық шенеуніктер халық алдында ұятқа қалды. Қалада өткен жиында сөз сөйлеген әкім орынбасарының артындағы баннерді студенттер тіреп тұрған. Фото Махмуд Байходжаевтың желідегі парақшасынан алынды Бұл туралы Facebook қолданушысы Махмуд Байходжаев жариялады деп жазады NUR.KZ. "Қызылордада +34 градус. Көлеңкеде балмұздақтың өзі еріп кетеді", - деген жазбамен жарияланған фотоны желі қолданушылары қызу талқылады. Өйткені, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рустемов сөз сөйлеген кезде оның артқы жағындағы баннерді студенттер тіреп тұрған. Суретке қарап, студенттердің бірі сабағына дайындалып тұрғанын байқауға болады. Фото Махмуд Байхолжаевтың желідегі парақшасынан алынды "Бәрінен бұрын мыналарға қиын болды. Стендтері де өз бетінше тұра алмайды", - деп жазады Серік Дюсенбаев есімді қолданушы. Фото Махмуд Байхолжаевтың желідегі парақшасынан алынды Желі қолданушылары күннің астында тұрған студенттер мен оқушыларға аяушылық сезімдерін жеткізген. "Келесі жолы олардың өздеріне стенд ұстатып қою керек", "Орта ғасырлардың өзінде де мұндай болмаған шығар", "Қай дамыған елдің жастары баннер тірейді екен? Қай ата-ана оқуға баласын баннер тіреуге жібереді?" деп жазды қолданушылар. "Түсіріп жүрген қара ниетті адамды таптым-ау. Бұны сұрастыра келе, жел итеріп кетпесін деп баннерді ұстап тұрғанын білдім. Күшті болсаң сауапты шараны ақпараттандырып, сауап жинамайсың ба өзіңе. Жамандықты бәрі көреді, жақсылықты жаны таза, адал адам ғана көре алады", - деп жазды Лаура Санжарова есімді қолданушы. Студенттерді массовка үшін қолданған қала басшылығы осылайша тағы ұятқа қалды. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: "Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото) Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

17 апреля 2016, 22:03

Нефтедобывающие страны не смогли договориться в Дохе

Нефтедобывающие страны не смогли договориться о заморозке добычи нефти в Дохе.

18 октября 2014, 18:55

Пресс-конференция Владимира Путина по итогам саммита АСЕМ

Пресс-конференция Владимира Путина по итогам саммита АСЕМ  Россия не намерена поставлять Украине газ в долг. Такое заявление сделал Владимир Путин на пресс-конференц... From: Экономика ТВ Views: 0 0 ratingsTime: 24:56 More in News & Politics

17 октября 2014, 15:38

К чему пришли Владимир Путин и Петр Порошенко?

К чему пришли Владимир Путин и Петр Порошенко?  Владимир Путин прибыл в Милан для участия в саммите АСЕМ - Asia-Europe Meeting. В центре внимания газовый вопрос и... From: Экономика ТВ Views: 0 0 ratingsTime: 05:10 More in News & Politics