• Теги
    • избранные теги
    • Страны / Регионы1035
      • Показать ещё
      Компании870
      • Показать ещё
      Разное719
      • Показать ещё
      Международные организации52
      • Показать ещё
      Формат21
      Издания55
      • Показать ещё
      Люди113
      • Показать ещё
      Показатели37
      • Показать ещё
Бермуды
Выбор редакции
25 мая, 18:01

Стартует Кубок Луи Виттона

Самые мощные и самые быстрые катамараны планеты вступают в бой. В пятницу на Бермудах стартует Кубок Луи Виттона, победитель которого получит право

25 мая, 15:31

America’s Cup 2017: Ben Ainslie’s bid for sailing glory explained | Barry Glendenning

The complicated format favours defending champions Oracle Team USA as Great Britain try to make history by winning the world’s oldest international sporting trophyThe Great Sound of Bermuda is the picturesque setting for the 35th America’s Cup, which will get under way in earnest this Friday – if the forecast heavy winds do not materialise – with Sir Ben Ainslie hoping to write another chapter of his country’s maritime history by winning the world’s oldest international sporting trophy for Great Britain.No British team have ever triumphed in the race’s 166-year history and in an event so heavily stacked in favour of the defending champions, his is an extremely tall order but confidence seems high. In an interview with the Guardian this week, Ainslie said his Land Rover BAR team are “now in sight of that ultimate goal, which is to bring the America’s Cup to Britain”. Continue reading...

Выбор редакции
24 мая, 13:00

Battle in Bermuda: the ‘impossible challenge’ of the America’s Cup

The fight to race Team USA, the holders of the America’s Cup, is set to begin, with Ben Ainslie’s BAR hoping to finally bring the Auld Mug back to BritainIt is a 1.1m-high trophy produced in 1848 by Robert Garrard & Co, the London company that has served as crown jewellers for the past six British monarchs and is also responsible for the Premier League trophy and both cricket and rugby union world cups. Its shape will be familiar to fans of golf as it is a claret jug, though this one is known as the Auld Mug. Continue reading...

23 мая, 23:00

'They're spying on us': America's Cup espionage reveals race's high stakes

Intense pressure to keep one step ahead of the game has led to levels of open reconnaissance ‘up there with the likes of James Bond or the CIA’ in BermudaTo the uninitiated, espionage and sailing do not normally go hand in hand, yet before this year’s America’s Cup gets underway later this week, holders Oracle Team USA know every tack is being watched. Related: Australia set to dominate America's Cup – without even having a team Continue reading...

22 мая, 20:47

OracleVoice: Who Will Win The Next America's Cup? It's About Getting The Trade-Offs Right

ORACLE TEAM USA brings engineering, tactical, and other innovations to Bermuda in preparation for the America's Cup races.

22 мая, 14:02

Ben Ainslie: ‘The ultimate goal is to bring the America’s Cup back to Britain’

The gladiator of the seas is in race mode in Bermuda where his £90m Land Rover BAR is aiming to be the first British boat in history to win sailing’s greatest prize“It’s very gladiatorial between the teams,” Ben Ainslie says with relish as he anticipates the start of serious racing in the America’s Cup on Friday in Bermuda. “You certainly see a lot of aggression in the pre-starts and that’s exciting. It leads to great racing. The battle between two teams on the water is fascinating and it’s historically linked to the America’s Cup. It’s a different skillset to the fleet racing you see in the Olympic Games. I like it.”We begin this interview at 7am, Bermuda-time, so Ainslie can be in the gym by eight before he takes to the water for a full day of practice. He has worked hard in the corporate world for the last four years to raise over £90m so his new team, Land Rover BAR, can compete in this latest stage of the America’s Cup; but, on the boat, Ainslie’s raw instincts prevail. Just a few hours after we finish talking Ainslie clashes with his one of his rivals in the beautiful setting of the Great Sound. Continue reading...

19 мая, 15:56

Carnival Corp (CCL) Well Poised on Initiatives Despite Risks

On May 19, we issued an updated research report on Carnival Corporation (CCL).

Выбор редакции
17 мая, 15:30

Саусағы қысылып қалған жігіт пойызбен бірге жүгіруге мәжбүр болған

Қытайда пойыз есігіне қысылып қалған жігіт саусағынан айырылуға шақ қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы upi.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Чанчжоу станциясында жас жігіт пойызға міне берерде өзінің жаңылысып кеткенін ұғып, түсіп қалмақ болады. Сол сәтте автоматты түрде жабылған пойыз есігі жігіттің саусағын қысып қалған. Ол саусағын құтқару үшін пойызбен бірге жүгіруге мәжбүр болады. Өзге жолаушылар жігітті құтқару үшін пойыз жүргізушісінен тоқтауын сұрап белгі бере бастайды. Абырой болғанда, жас жігіт айтарлықтай жарақат алмады. Ол пойыз жылдамдығын үдеткенге дейін саусағын босатып үлгерген. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 14:48

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жартысы автобустарға берілмек

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жартысы автобустарға тиесілі болмақ. Бүгінде автобус жолақтары енгізілетін көшелердің тізімі жасалып жатыр. Үш жыл ішінде жолақ ұзындығы 200 шақырымға жеткізіледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Алматы" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әл-Фараби даңғылы. Фото Yvision Бүгінде автобусқа арналған жолақтардың жалпы ұзындығы 86 шақырымды құрайды. Алдағы үш жылда ол 200 шақырымға жететін болады. Болжам бойынша, Әл-Фараби даңғылы, Тимирязев пен Гоголь көшелерінде автобусқа жолақ бөлінеді. "Өткен жылдың маусымында біз Төле би көшесіне жолақ бөлдік. Бір апта бойы өзгерістерді бақылай отырып, біз жолақтың арқасында автобустар 30 мың жолаушыны артығынан тасу мүмкіндігіне ие болғанын байқадық. Бұл тиімді деген сөз", - дейді Транспорт және көлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 14:30

Алматыда қисайып кеткен үйдің тұрғындары көшірілмейтін болды

Алматының Алғабас ықшамауданындағы үй тұруға жарамды деп танылды. Үйдің қисайып кеткенін айтып, тұрғындар дабыл қаққаннан кейін мамандар оған сараптама жүргізген. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Алматы" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Үй. "Алматы" арнасынан кадр Зерттеулер мен техникалық бағалаудың нәтижесі ғимараттың тек 20 сантиметрге қисайғанын анықтаған. Ғимарат құлап кетпеуі үшін құрылысшылар үйдің бекінісін нығайтуға кірісті. Тұрғын үйдің толассыз жауыннан қисайғаны анықталды. "Бүгінде "Алғабас" ықшамауданында алты үй нығайтылып, қалғандары тұрақты түрде тексерістен өтуде", - дейді құрылысшылар. Еске салсақ, бұған дейін тұрғындар үйдің 40 сантиметрге қисайып кеткенін және құлап кетуі мүмкін екенін айтып, шағымданған болатын.  Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең кішкентай ергежейлі жұптардың бірі дүркіретіп той өткізді  Қазақстан оқушылары демалыс күндерінде үй тапсырмасынан босатылмақшы Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Ақтөбелік депутат су тасқынынан зардап шеккен мүгедек жанға пәтер сыйлады (фото)

Выбор редакции
17 мая, 14:00

Назарбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары Меркельді қызметінен босатты

Иоган Меркель Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ. Иоган Меркель. Фото prokuror.gov.kz Мемлекет басшысының өкімімен Иоган Давидович Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен Иоган Давидович Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

17 мая, 14:00

Той үстінде қонақтардан қорлық көрген қыз жолдас шу шығарды

Той кезінде ер азаматтардан қорлық көрген қыз жолдас оларды полицияға ұстап берді. Той қонақтары оның әуретті жеріне қол жүгірткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы breakingnewstime.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қыз жолдасқа тап берген сәт. Фото: Daily Mail Чжан есімді бойжеткен тойға келген ер азаматтар оны жерге құлатып, сол жерде әуретті жеріне қол жүгірткендерін айтуда. Қытайдың оңтүстігінде болған бұл жағдай әлем назарына ілікті. Қорлыққа шыдамаған ару бірден полицияға хабар беріп, өзіне тиіскен барлық ер азаматтарды ұстап берген. Бойжеткеннің бұл сөздерін тойда түсірілген видеолар растады. Онда кемінде жеті ер адам бойжеткенді жерге құлатып, киімін жыртып, оған жабыла тиісіп жатқаны байқалады. Ең сорақысы қызға тиіскендер арасында тойдағы жігіт жолдас та жүрген. Олардың бәрі Чжаннан кешірім сұрағанымен, сотта жазасын алатын болды. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

17 мая, 13:30

Әлемдегі ең кішкентай ергежейлі жұптардың бірі дүркіретіп той өткізді

30 жастағы Раджеш Кумар мен оның 30 жастағы ғашығы Шеля Кумари Үндістандағы ең кішкентай жас жұбайлар атағына ие болды. Олар Химачал-Прадеш штатында дүркіретіп той өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы news2read.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ергежейлі жұп. Фото: news2read.com Олардың бойы 76 сантиметрден аспайды. Екеуі өмір-бақи теңін таппай, жалғыз болудан қорыққандарын жасырмайды. Алайда олардың отбасы екеуін табыстырып, бақытты еткен. Бір қызығы, Раджеш пен Шеля бір өңірде тұрып келіпті. Бір-бірін жолықтыру тағдырмен жазылғанына сенетін жұп дүркіретіп той өткізді. "Мен өзіме лайық жар тапқаныма бақыттымын", - дейді Шеля. Раджеш те Шеляны жолықтырғанына ерекше бақытты екенін алға тартты. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

17 мая, 13:00

Жапония ханшайымы кедей адамға тұрмысқа шығу үшін тағынан бас тартты

Мако есімді Жапония ханшайымы қарапайым отбасынан шыққан жігітке тұрмысқа шығу үшін тағынан бас тартуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы metro.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды. NHK TV арнасының ақпаратына сәйкес, Мако шаңғы теуіп, скрипкада ойнай білетін және тамақты өзі әзірлей алатын қарапайым жігітке ғашық болып қалған. Ал Императолық агенттік бұл ақпаратты әзірге растауға асықпауда. Ханшайымның жүрегін жаулаған жігіт - Токиодағы Халықаралық христиан унивесритетінің түлегі Кэй Комуро. 25 жастағы Мако да аталмыш университетті бітірген. Комуро -  бүгінде жағажайда туристерді қабылдайтын қарапайым қызметкерлердің бірі. Егер Мако Комуроға тұрмысқа шықса, ханшайым атағынан айырылып, қарапайым тұрғындар қатарына қосылады. Комуро NHK телеарнасы Маконың өз таңдауы туралы отбасын хабардар етіп қойғанын айтуда. Қыздың ата-анасы оның шешімін мақұлдап отырған көрінеді. Жақында Жапония халқы олардың дәстүрге толы тойын тамашалай алатын болады. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото);

Выбор редакции
17 мая, 12:30

Қазақстанның үш қаласында арнайы операция қалай жүргізілді?

Тараз, Шымкент және Қызылордада ҰҚК мен ІІД бірлесе жүргізген арнайы операцияның фотосы мен видеосы жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында жедел тергеу тобы сегіз күдіктіні құрықтады. Олардың мекенжайлары бойынша 21 тінту жұмысы жүргізілді. Атап айқтанда, «КАИС-сервис»ЖШС, «Қарамай Ойл» ЖШС ғимараттары тінтілді. Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар арасында Қызылорданың транспорттық прокуроры Н. Серікбаев құрықталды. «Карамай Ойл» ЖШС «Карамай Ойл» ЖШС «Карамай Ойл» «Карамай Ойл» «Карамай Ойл» «Карамай Ойл» Тараз, ұрланған мұнайды сатып алушы Ибрагимовті құрықтау сәті Ибрагимовті құрықтау сәті Ибрагимовті құрықтау Тараз, ұрланған мұнайды сатып алушы Б. Қуандықовты құрықтау сәті Қуандықовты құрықтау Қуандықовты құрықтау Шымкент, Қылмыстық топтың  өкілі Б. Маутовты құрықтау Қызылордадағы арнайы операция Қызылордадағы арнайы операция Қызылорда Қызылорда Қызылорда Қызылорда Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 11:52

Қазақстан оқушылары демалыс күндерінде үй тапсырмасынан босатылмақшы

Білім және ғылым министрлігі оқушыларды демалыс және мереке күндері үй тапсырмасынан босатпақ. Үйде сабақ оқу сағаттары айтарлықтай азаяды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Көрнекі фото: orken-media.kz Мамандардың мәліметіне сәйкес, оқушылар үй тапсырмасын орындауға аптасына тоғыз сағатқа дейінгі уақытын кетіреді. Олардың 62 пайызы үй тапсырмасынан қатты шаршайтын болып шықты. Ал шамамен 50 пайызы мүлде үй тапсырмасын орындамайды екен. "Балалардың жартысына жуығы үй тапсырмасын орындай алмайды. Барлығы  орындап үлгермейді. Тапсырмалардың көлемі тым көп болғандықтан, олар өзгенің көмегіне жүгінуге мәжбүр", - дейді "Ақпараттық-сарапатамалық орталық" департаментінің директоры Елдос Нұрланов. Билік бұл жайтты ретке келтіру үшін үй тапсырмасының көлемін азайтуға ниетті. Иллюстративное фото: khabar.kz Екінші сынып оқушылары күніне ең көбі елу минутын үй тапсырмасына жұмсауы тиіс. Үшінші-төртінші сыныптарға - 70 минут. Бесінші-алтыншы сыныптарға - 90 минут. Жетінші-тоғызыншы сыныптарға - 110 минут. 10-11 сыныптарға - 130 минут. Ал бірінші сыныптарға мүлде үй тапсырмасы берілмеуі керек. Одан бөлек оқушылар мереке және демалыс күндері үй тапсырмасынан толықтай босатылады. Бұл методика бекітіліп қойылған және оны мектептерге келесі оқу жылынан бастап енгізеді. БҒМ балалардың бос уақытын көбейтіп, оларды бақыттырақ етуден үмітті. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото);

17 мая, 11:47

Асхат Садырбай кинодағы қазақ жастарының сүйісуін "жиіркенішті" іске теңеді

Белгілі отандық журналист Асхат Садырбай қазақ киносындағы ашық-шашық кадрларды сынға алып, мұндай сахналардың саны күннен-күнге артып келе жатқанына қынжылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты. Фото журналистің Instagram желісінен алынды "Біз қазақпыз, қазақстандықпыз, біздің менталитет басқа ұлттарға, мемлекеттерге қарағанда өзгеше, ерекше. Небір зұлмат замандарды бастан өткерсек те ана тіліміз, ата салтымыз, дәстүрлеріміз бен ырым-тыйымдарымыз сақталып қалды, Аллаға шүкір. Сондай қиын уақыттарда сыр бермеген, осы күнге жеткен дәстүрлеріміз бен қазақилығымыздың бейбіт күнде жоғалып бара жатқаны жүрегімді ауыртады", - деп жазды ол. "Менталитетіміздің санасын бұрмалап жатқан да өзгелер емес өзіміздің қазақтар. Өз қолымыз өз аузымыға жетіп неше түрлі телеxикаялар түсіре бастадық. Бастапқыда режиссёрлер фильмдердегі екі қазақтың ашық сүйісуі, жартылай жалаңаш саxналары сынды сорақы сәттерге келгенде аяқ тартатын. Байқаймын қазір керісінше, осындай сәттер үшін жата ғап жарысу басталып кеткендей. Әсіресе қазақтың киносында екі қаракөздің жабысып сүйісіп тұрғаны сондай ерсі әрі жиіркенішті. Дұрыс түсініңіз, өмірде бәріміз де сүйісеміз, ол бірақ өмірде, көптің көзінше емес оңашада. Тәрбиеміз сондай, стереотип емес менталитетіміз сондай", - деп жазған ол көрерменге махаббатты көрсетудің түрлі деңгейлері бар екенін айтты. "Бір-біріне жабыстырып қою өнердің шыңы емес. Мен оны өнер деп есептемеймін. Өнер адамды таңғалдырып, таңдай қаққызғанда ғана өнер. Мұндай арзан тәсілдің барлығы арсыздық, ойдың таяздығы, қиылдың жоқтығы", - деген ол мұндай кадрларды мүлдем қолданбай, ұлттық менталитетке сай әлемдік туындылар ұсынып отырған Болливудты мысалға келтірді. "Мен Болливуд болайық демеймін, адаспайықшы деймін. Дамиық, өркендейік, бірақ кімбіз, қайдан келдік, қайда бара жатырмыз, ойланайықшы, естен шығармайықшы. Өтініш. Сүйісусіз-ақ елдің есінде қалған жақсы кинолар болған, бар", - деді ол. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 11:30

Дүйсенова зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. 2017-2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақының мөлшері 3 кезеңде арттырылады деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Тамара Дүйсенова. Фото: kapital.kz "Елбасының биылғы Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес 2017-2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға көбейтілгелі отыр", — деді Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында. Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды. "Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Бұл 2017 жылдың бірінші жартысында тағайындалған зейнетақылардың 11 пайызға арту есебімен осы жылдың екінші жартысында тағайындалатын зейнетақылар мөлшерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қаралып отыр", — деді ол. Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. "Бүгінгі таңда базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға бірдей мөлшерде тағайындалады. Жаңа әдістемеге сәйкес бұл зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болғалы отыр. Бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударылатын зейнетақы жинақтарының мерзімі ескеріледі. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлер үшін олардың зейнетақы құжаттарындағы 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарай есептелінетін болады. Бұл орайда айта кететін жайт, зейнеткерлерге еңбек өтілі туралы қосымша құжаттардың ұсынуы қажет болмайды. Сонымен бірге қатысу өтіліне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар жасаған кезең де кіреді. Бұл жағдайда қосымша анықтамалар талап етілмейді", — деді Дүйсенова. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 11:00

Ақтөбелік депутат су тасқынынан зардап шеккен мүгедек жанға пәтер сыйлады

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Бахытжан Ержанов су тасқынынан зардап шеккен бірінші топтағы мүгедек жанға пәтер сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Ерболат Жамиев төрт жыл бұрын жартылай сал болып қалған, ер адам бүгінде мүгедектер қатарында. Бес баласы бар отбасы бірнеше жыл бойы отағасының мүгедектікке алатын зейнетақысы  – 57 мың теңгеге өмір сүріп келген. Оның үстіне олар 11 жыл бойы саяжайда күн кешуге мәжбүр болыпты. Жамиевтер отбасы тұратын Гормолзауыт ауданындағы "Госветьсеть" саяжайын су тасқыны қиратып кеткен еді.  Ерболаттың айтуынша, әр көктем сайын үйлерін су басады. Бірақ, осы жолғы су тасқыны ең қаттысы болған. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. "Әрине ақша жетпеді. Үйді су басқан кезде біз құжаттарды ғана алып үлгеріп, үстіміздегі киімімізбен далаға қашып шықтық.  Түксіз қалғанымызға қатты уайымдағанбыз, бізге қолұшын созған акқтөбеліктер мен жергілікті билікке рахмет. Бізге тамақ, киім мен балаларымызға сөмке, кітаптарға дейін берді. Кеше кәсіпкердің бізге пәтер сыйлағанын хабарлады. Біз бәріміз бақыттан жыладық", - дейді мүгедек жігіттің жары Жансұлу Садирова. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Өз жұмысшыларына екі пәтерді құрылыс компаниясының басшысы сыйға тартқан. Тағы бес отбасы жалдамалы пәтер алды. Жер учаскілері мен үй құрылысына 66 адам "Қолғанат" қорынан 1 миллион теңге иеленді. Шамамен 200-ге жуық отбасына 17 миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетілді. Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі су тасқынынан 800-ге жуық отбасы зардап шеккен. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, 81 үй қайта жөндеуге келмейді. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Выбор редакции
17 мая, 10:43

ҰҚК мен ІІМ жүргізген арнайы операция кезінде Қызылорданың көлік прокуроры ұсталды

16 мамырда Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігімен бірге Қызылорда облысы аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сату, сақтау, тасымалдауға қатысы бар бірнеше қылмыстық топты құрықтау бойынша ауқымды арнайы операцияны бастады деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ. Қызылорда, Тараз  және Шымкент қалаларында ведомство аралық жедел тергеу топтарының мүшелері 8 адамды ұстады. Олардың тұрғылықты мекен-жайы мен олардың аттарына тіркелген мекемелерде 21-ден астам іздеу шаралары жүргізілді. Оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС  (Қызылорда, асфальт өндіру зауыты мен мұнай құю терминалы),  «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз, мұнай құю терминалы) бар. Қылмыстық мұнай бизнесіне демеушілердің қатарында болған Қызылорданың көлік прокуроры Нұрлан Серікбаев та ұсталып отыр. Жедел тергеу амалдары жалғасуда. Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз ⇓⇓⇓ Тағы оқыңыздар: Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото) Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)