• Теги
    • избранные теги
    • Разное216
      • Показать ещё
      Страны / Регионы823
      • Показать ещё
      Компании435
      • Показать ещё
      Люди146
      • Показать ещё
      Международные организации142
      • Показать ещё
      Издания28
      • Показать ещё
      Формат3
      Показатели2
22 июня, 18:25

Алматыда адамға лық толы екі автобус соқтығысып қалды

Жолаушыға лық толы автобустар Тобаяқов көшесінің бойында бір-бірімен соқтығысып қалған. Салдарынан жеті адам жарақаттанып, жол жиегінде тұрған төрт көліктің тас-талқаны шықты деп хабарлайды Ктк сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.. Жол апаты. Фото: Ктк 17-ші бағыттағы автобустар тапа –тал түсте Тобаяқов көшесінің бойында бір-бірімен соқтығысып қалған. Куәгерлердің айтуынша, қос қоғамдық көлік тар жолға сыймай қалыпты. Сондықтан бетпе-бет соқтығыспас үшін екі жүргізуші тізгінді жан-жаққа тартқан. Салдарынан жоғары жылдамдықпен жүйткіген мына автобус алдымен ағашқа соғылып, кейін жол жиегіндегі төрт көлікті талқандап барып әзер тоқтапты. "Қалпына келтіруге келмейді бұл машина. Маған ақша берсін немесе машина алып берсін",-дейді зардап шегуші Айдос Еламанов. Апаттан 7 адам зардап шекті. Олардың екеуі жас бала. Қайта, ешқайсысының денсаулығына ауыр зақым келмеген. Сондықтан дәрігерлерлердің тексерісінен кейін барлығы үйлеріне қайтарылыпты. "Тек орталық клиникаға жеткізілген науқастың ерні жырылған. Алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, үйіне жіберілді. Ауыр жарақат алған науқас болған жоқ",-деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Исабеков. Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам: Белбеуінен айырылған Бейбіт үшін жүрегім ауырды Есесіне жол жиегінде тұрған көліктер қатты бүлінген. Енді оларды кімнің қалпына келтіріп беретіні белгісіз. Өйткені автопарк басшылары бұл апатқа байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ең қызығы бір-бірімен соқтығысқан автобустар «Думан Транс» автопаркіне тиесілі екен.  Қазір ірі жол апатының себеп-салдарын тәртіп сақшылары анықтауда. Полицейлер қос жүргізуші мен куәгерлерден жауап алып, авто-техникалық сараптама жүргізіп жатыр.    

Выбор редакции
22 июня, 16:45

Қажет жағдайда коттеджге айналып кететін мешіт туралы естідіңіз бе?

Буин қаласындағы «Камиле» мешіті – «заңсыз жолмен соғылған құрылыс» ретінде әлеуметтік желіде танымал болған шағын ғибадат ғимараты. Ресейдің бірқатар аймағы оның сүрілуіне мүдделілік танытып отыр деп жазады Muslim.kz. Фото: muslim.kz Сәулеті қарапайым болғанымен құрылысы өзгеше мешіт қауіп төнген жағдайда хамелеон сияқты кәдімгі коттеджге айнала алады. Ал, басқа уақытта мұсылмандардың құлшылығын өтейтін орын. «Мешіт «заңсыз салынған» деп сүрілетін қауіп төнсе, сол сәтте кәдімгі тұрғын үй бола салады, ал мұнарасы санаулы сағаттың ішінде көрші үйге жасырылады»,- деді блогер Расул Таудиряков. Тағы оқыңыздар: Сенсация жасауды көздеген дәрігер қытайлықтармен бірге адамның басын ауыстырмақшы Айта кетейік, Ресейдің Екатеринбург, Жаңа Үрген, т.б. аймақтарында жергілікті билік өкілдері басында мешіт салуға рұқсат бергенімен, артынан олардың сүрілуіне сот арқылы қол жеткізген болатын. Мұндай жағдай Калиниградта да байқалып отыр. Ал, Мордовияда билік бес мешіттің құрылысын заңсыз деп тапқан. Сондай-ақ, Пятигорскде де тура осындай жағдай қалыптасқан. Аймақтағы жергілікті биліктің райынан қайтқан болып, түрлі желеуді алға тартып,екіжүзді саясат ұстанғаны мұсылмандарды да осындай қулыққа итермелеп отыр.

22 июня, 16:15

Ақша толы әмиянды иесіне қайтарып берген өзбек жігіті ресейліктерді таңғалдырды

Мәскеуде такси жүргізуші болып жұмыс істейтін өзбекстандық көлігіне қалдырып кеткен 100 мың рубльді (1700 АҚШ доллары) иесіне қайтарды. Ақшасын жоғалтып, қайта тапқан Павел Шапкин жүргізушімен селфиге түсіп, әлеуметтік желіге жариялады. Бірақ қуанғанынан, жүргізушінің аты-жөнін сұрауды ұмытып кетіпті деп жазады Centralasian.org. Такси жүргізушісі мен әмиян жоғалтқан ресейлік. Фото: centralasian.org 17 маусымда Киров тұрғыны Павел Шапкин таксиге отырған. Алайда, көліктен асығыс түскенде әмияны артқы орындыққа түсіп қалған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін, өзбекстандық такси жүргізуші ресейлікті тауып, әмиянды қайтарады. Әмиянда иесінің телефондары жазылған екен. «Бүгін мен әмиянымды жоғалттым. Онда қолма-қол 100 мың рубль және банктік картам болды. Қайда қалғанын білмедім. Бір уақытта телефон қоңырауы соғылды. Білесіздер ме, өзбекстандық қарапайым жігіт менің әмиянымды тауып алғанын, қайтарғысы келетінін айтты», - деп жазған Павел Instagram желісіне. Тағы оқыңыздар: Сенсация жасауды көздеген дәрігер қытайлықтармен бірге адамның басын ауыстырмақшы «Мен қатты таңқалдым. Ақша оған кедергі болмайтын еді ғой. Бірақ ол өзінің осылай тәрбиеленгенін айтты. Сөзім жоқ. Мына сурет естелік үшін», – дейді Шапкин. Аз ғана уақыт ішінде Павел Шапкиннің жазбасына бірнеше мыңдаған адам "лайк" басқан.

22 июня, 15:30

Голосовой помощник Samsung освоил английский, но требует доработки

Виртуальный ассистент Bixby, доступный на смартфоне-флагмане Galaxy S8, наконец-то "выучил" английский язык. Как сообщает The Verge, на этой неделе Samsung начала "выкатывать" соперника Siri, Cortana и "Ассистента Google" на устройства пользователей из США.

22 июня, 15:20

25 жыл бұрын Шымкенттегі перзентханада ауысып кеткен егіздер бірін-бірі интернет арқылы тапқан

Бұрын мұндайды тек үнді фильмдерінен көретінбіз. Шымкентте адам айтса сенгізіс оқиға орын алып отыр. Осыдан 25 жыл бұрын туылып, перзентханада ажырап қалған егіздер бірін-бірі әлеуметтік желі арқылы тауып алды. Енді қыздардың әкесі ОҚО орталығындағы перзентхананы сотқа бермекші. Бұл туралы "Время" газетіне сілтеме жасап Skifnews.kz жазады. Көрнекі фото: sn.kz Ирина мен Карина (есімдері өзгертілген) 1992 жылдың шілдесінде Шымкенттегі перзентханада бір уақытта дүниеге келген. Олармен бірге тағы үш әйел егіз босаныпты. Толғақ ауыр өткендіктен қыздардың анасы Татьяна 1 ай бойы хал үстінде жатып, ақыры мүгедек боп қалған. Күйеуі де көп ұзамай оны тастап кетіпті. Өсе келе егіз қыздардың бойында мүлдем ұқсастықты байқамаған анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен. Ақ халаттылар сәбилердің екі түрлі ұрықтан пайда болғанын айтып, ананың көңілін жұбатқан. 9-сыныптан кейін Ирина оқуын мектепте жалғастырады. Карина болса Алматыдағы авиаколледжге оқуға түсіп, сонда қонысын ауыстырған. Оқуына ақша жеткізе алмағандықтан ол алғашында жұмыс істеп көріпті. Кейін мүлдем колледжден шығып қалған. Көп ұзамай Карина болашақ жарын кездестіреді де Алматыда отбасын құрып, бір ұл мен бір қызды дүниеге әкеледі. Тағы оқыңыздар: Тек қана ер адамдарды өлтіріп отырған маньяк әйел туралы не білеміз? Ал, Ирнаның Германияда оқитын құрбысы бір күні оған бейтаныс қыздың суретін жіберіпті. Суреттегі бойжеткен Ираның көшірмесіндей. Кейін екеуін әлеуметтік желіде таныстырған. Неміс қыздың аты Виктория екен. Ол да 1992 жылдың шілдесінде Шымкенттегі перзентханада дүниеге келген. Кейін ата-анасымен тарихи отаны Германияға көшіп кетіпті. Ирина мен Виктория аз ғана уақыттың ішінде тіл табысып, бір-біріне қатты бауыр басыпты. Тіпті, мұның достық емес, туыстық қатынас екенін өздері де түсінген. Ақыры ата-аналарын таныстырғанда бір-біріне сыңар екенін біліпті. Викторияның Виктор есімді сыңары бар. Олар да бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Есесіне, Виктор мен Карина аумай қалған. Ата-аналары сұрастыру барысында анықтағандай, перзентхана қызметкерлері егіздер дүниеге келгенде оларды шатастырып ауыстырып алған. «Мен алғаш естігенде есеңгіреп қалдым. Германиядағы егіздердің ата-анасы да дәл осындай сезімде болған. Барлығымыз видеоконференция арқылы сөйлескенімізде жасымызды тыя алмадық», – дейді Карина. Тағы оқыңыздар: Шымкенттік кәсіпкер 150 отбасыға азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілік беріп, жұрттың алғысын алды Генетикалық сараптама Ирина мен Викторияның апалы-сіңілі екенін, Карина мен Виктордың егіздер екенін анықтап берді. «Әрине, мен Каринаны қатты жақсы көремін. Бірақ, өзімнің сыңарым деп Виканы айтамын, біз екеуміз бір бүтін секілдіміз», – дейді Ирина. Бүгінде Ирина мен Виктория болашаққа жоспарларын құрып қойған. Олар жолығып, әлі талай уақыт сырласатын болады. Ал, Карина мен Виктор болса өмірлерін өзгерткісі жоқ. «Менің отбасым Қазақстанда, менің күйеуім бар, ол - қазақ. Ата-енем бар. Өзімнің анам бар. Ана деп сені туған адамды емес, тәрбиелеп өсірген адамды айтады. Германиядағы анамды да жақсы көремін, бірақ ойша жақсы көремін. Ал, мені өсірген анамды жүрегіммен сүйемін», – дейді Карина. Тағы оқыңыздар: ШҚО-да пошта қызметкері тұрғындардың бес миллион теңгесін бәске тігіп жіберген Каринаның Германиядағы әкесі қазақстандық дәрігерлер мен шенеуніктерді енді сотқа бермекші. Ол Шымкенттен адвокат жалдап, полицияға арыз жазған. Алайда, тәртіп сақшылары 25 жыл бұрын өтіп кеткен оқиғада қылмыстық құрам жоқ деп істі жауып тастаған көрінеді. Дегенмен, қорғаушы қайта арыз жазып, енді халықаралық сотқа шағымданбақшы.

22 июня, 14:51

Астанада ҰҚК майоры тапаншадан атылған оқ жарақатынан қаза тапты

Астанада ҰҚК ғимаратында жүргізілген тактикалық сабақтар барысында жараланған майор мерт болды деп хабарлайды NUR.KZ комитеттің баспасөз қызметіне cілтеме жасап. Көрнекі фото: Privet.am "22 маусым күні ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында өткізілген жоспарлы тактикалық сабақ барысында оқыс оқиға болып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор К.Е. жарақат алды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. Тағы оқыңыздар: ШҚО-да пошта қызметкері тұрғындардың бес миллион теңгесін бәске тігіп жіберген Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимай жатып қаза тапқан. Аталмыш факт бойынша Ішкі істер органдарымен бірге тергеу жүргізіліп жатыр.

22 июня, 14:45

Шымкенттік кәсіпкер 150 отбасыға азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілік беріп, жұрттың алғысын алды

Шымкенттік кәсіпкер 150 отбасыға азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілік беріп, көпшіліктің алғысын алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. Фото: nur.kz Шымкенттік кәсіпкер Саухан Жүсіпбеков қасиетті Рамазан айында қаладағы мешіттердің бірінде әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға бір айға жетерліктей азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілік, яғни, кілем сыйға тартты. Бұдан өзге бизнесмен ақшалай қаржы да үлестіріп берді. Фото: nur.kz Тағы оқыңыздар: ШҚО-да пошта қызметкері тұрғындардың бес миллион теңгесін бәске тігіп жіберген Қайырымдылық шарасында сыйға ие болғандардың қатарында Жүсіпбеков мырзаның қол астында қызмет ететін тұрмысы төмен отбасы мүшелері де бар. Солардың бірі – Саяра Исламбаева. «Басшымыздың кілем дүкенінен бөлек, тәттілер пісіретін цехы да бар. Мен сол цех қызметкермін. Бүкіл әріптестерімнің және өзімнің атынан Саухан ағайға алғысымыз шексіз. Рамазан айында жасап отырған зекеті, тұтқан оразасы қабыл болсын», - деді көмекке ие болған келіншек. Фото: nur.kz Айта кетерлігі, қайырымдылық шарасын өткізген азамат үшін мұндай игі іс таңсық емес. Аллаға құлшылық жасау жолында жүрген ер кісі соңғы үш жылдан бері тапқан табысының бір бөлігін әлеуметтік жағдайы төмендерге үлестіріп келеді. Тағы оқыңыздар: "МузАРТ лайф" жобасында көзге түскен әнші үйінде қасқыр асырап отыр (фото) Фото: nur.kz Түркістан қаласының тумасы өз жерлестерін де назардан тыс қалдырған емес. Кәсіпкер бұл әрекетін Алланың разылығы үшін жасап жатырмын дейді. Қалталы азамат мұндай қайырымдылық шарасын Ораза айты кезінде де жалғастырмақ ниетте.

22 июня, 14:00

ШҚО-да пошта қызметкері тұрғындардың бес миллион теңгесін бәске тігіп жіберген

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауылында тұратын «Қазпошта» қызметкері өз жұмыс орнынан ақша жымқырып, оны букмекерлік кеңсе арқылы ұтысқа тіккен деп хабарлайды Altaynews.kz. Көрнекі фото: kaz.altaynews.kz Пошта бөлімінің бастығы мобильді шоттарға ақша аударуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе арқылы жұмыс істеуді үйрену үшін 22 жастағы маманның көмегіне жүгінген. Бастығын үйретумен қатар жас маман пошта шотының логині мен құпия сөзін есіне сақтап қалады. Бірнеше апта ішінде ол ұялы телефон арқылы 5 миллион теңгені ұтысқа тіккен екен. Бірақ, ойынқұмар жігіттің жолы болмаған сияқты. Соңында 2 миллионға жуық ақшаны әрең тауып, қолда бар қаражатты поштаның шотына қайта аударыпты. Бастапқыда жігіт ақшаның жетіспеушілігін жүйелік жасақтама ақауларымен түсіндіргенімен, соңында айласы аспай, өтірігі ашылған болатын. Тағы оқыңыздар: "МузАРТ лайф" жобасында көзге түскен әнші үйінде қасқыр асырап отыр (фото) Сот ісі басталғанша ол жымқырған ақшасын толығымен өтеді. Сот құқық бұзушыны алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда апелляция алқасы сот шешімін шартты мерзімге өзгертті.

22 июня, 12:34

Қостанайда жемқорлығымен аты шыққан әкімнің жазасы бірден 6 жылға қысқарды

Жоғарғы сот Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың жаза өтеу мерзімін қысқартты, деп хабарлайды Қостанай таңы. Ахмедбек Ахметжанов. Фото: kstnews.kz Бұл туралы ақпаратты Ахметжановтың адвокаты Константин Геращенко да растап отыр. Оның айтуынша, бұған дейін айыпты деп танылған экс-әкімнің шағымы 20 маусым күні Жоғарғы сотта қаралған. - Ахмедбек Ахметжановқа 4 баптың 366 тармағы бойынша "ірі көлемде пара алды" деген айып тағылған болатын, алайда оған дәлел жоқтығынан алынып тасталды. Оның үстіне, рақымшылық көрсетілді. Жарлық әлі шыққан жоқ, шешім кеше ғана қабылданған, бірақ мерзімі 13 жылдан 6 жылға дейін қысқарады,-дейді адвокат. Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін Сондай-ақ, мұнымен тоқтап қалмайтынын да айтты. - Қазірдің өзінде қыруар жұмыс атқардық. Бірақ біз әлі де күресетін боламыз, -  деді ол. Еске салайық, былтыр атышулы "әкімдіктегі үлкен істен" соң айыптыларға сот үкімі шыққан болатын. Алайда, апелляция алқасы кейбіреулердің жазасын жеңілдеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар бұрынғы әкімнің экс-орынбасары Мақсұт Қалиев пен Гагик Ованян қазір бостандықта жүр.  

22 июня, 10:30

Қытайлық компания Қазақстанда 300 млн тоннаға жуық мұнай өндірген

Қытайдың CNPC ұлттық мұнай-газ корпорациясы 20 жыл ішінде Қазақстанда 290 млн тоннадан аса мұнай өндірген. Мұндай ақпаратты Синьхуа Новости агенттігі хабарлап отыр деп жазады The Qazaq Times. Қазіргі таңда компанияның республиканың кен орындарынан 52 мың тонна мұнай өндіруге қабілеті жетеді. Агенттіктің мәліметінше, CNPC 1997 жылдан бастап мұнай-газ өндіретін қазақстандық  "АқтөбеМұнайГаз" компаниясының 66,7% акциясына иелік етеді. Бастапқыда компанияның мұнай эквиваленті бойынша өндірісі 3,19 млн тоннаны құраса 2010 жылы 30 млн тоннаға жеткен. CNPC Қазақстаннан бірнеше жаңа мұнай кен орындарын тапқан. Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін Сондай-ақ, қазіргі кезде Қытай-Қазақстан мұнай құбыры пайдалануға берілген. Бұл Қытай үшін алғашқы трансшекаралық мұнай құбыры. Оның батыс бөлігі Атырау қаласынан бастау алады. Одан ары құбыр Алашанькоу бақылау-өткізу пунктінен өтіп, Душаньцзы ауданының оңтүстігінен аяқталады (Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданы, Солтүстік-Батыс Қытай). Құбырдың жалпы ұзындығы 2,8 мың шақырымды құрайды. 2017 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша, Қытай-Қазақстан мұнай құбыры арқылы жеткізілген мұнай көлемі 100 млн тоннадан асқан.

22 июня, 09:16

Алматылық келіншек бұрынғы күйеуіне алимент төлетудің ерекше әдісін ойлап тапты

Алматылық келіншек жолдасына алимент төлетудің ерекше әдісін тапқан. Ол үш баласын бұрынғы күйеуіне қалдырып, алиментті өзі төлеуге бекініпті. Тек бұл үшін екеуара келісім жасап, балаларын керек-жарақпен қамту үшін кезектесіп төлеуді ұйғарған деп хабарлайды Алматы арнасы. Әлия Жақсыбаева кадр Алматы арнасы Әлия Жақсыбаева - үш баланың анасы. Ол өзгелер сияқты жолдасын сотқа беріп, қаржылай жәрдемдеспегені үшін қызылкеңірдек болып әуреге салынбайды. Себебі, өзі де алимент төлейді. Әрине заң жүзінде болмаса да, бұрынғы күйеуі екеуі ортақ келісімге келген. Келісімнің өзіндік шарттары да бар. Мәселен, Әлия балаларды ай сайын екі аптадан кейін бірнеше күнге алып кетуі керек, егер олай болмаса немесе кешіксе онда балалар оның қолында тағы екі аптаға қалады. Тағы оқыңыздар: Атышулы Қайрат Жамалиев тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін «Балаларым ер жетіп қалды. Оларға бәрібір әкесінің, ер адамның тәрбиесі керек деп ойладым. Өзіме де біраз ауыр болып кетті. Содан мен одан балала бір  жылдай сенде болса болады ма деп сұрадым. Ол ойланбастан келісті. Мен оның үстінен заңды түрде алиментке арыз түсірмедім. Бірақ біз алдын ала соманы белгілеп, өзара келісімге отырдық. Қазір енді мен төлеп жатырмын»,- деді Қала тұрғыны, Әлия Жақсыбаева. Жолдасымен жолдары екіге айырылғанына төрт жылға жуықтапты. Бастапқы үш жылда балалары өзінде болған. Алайда ер азаматтар баламен жалғыз қалудың қандай боларын сезінуі керек деп ұйғарған Әлия, осындай қадамға барған көрінеді. «Кейде ол төлемді кешіктіретін, бұл мені қатты толғандыратын. Тіпті сөзге келіп те қалатынбыз. Ал қазір оның көзқарасы өзгерді. Ол баламен жалғыз қалғанның қандай боларын біледі, түсінеді. Яғни, ол өзін менің орныма қойып көрді. Менің ойымша, бұл көптеген адамдарға ыңғайлы болады»,- деді Әлия.

Выбор редакции
22 июня, 07:00

Өнерге қайта оралған Зарина Омарованың тойына жұлдыздардың бірі де келмей қойды

Шоу бизнес әлемінен алшақтап кеткен Зарина Омарова күні кеше отбасылық өмірге аяқ басқанына 10 жыл толуына орай дастархан жайып, той жасады. Ет жақындары мен достары жиналған бұл кеште отандық жұлдыздардың бірі де болмады. Ал Зарина болса, өнерге қайта оралғанда санаулы досы ғана оны құшақ жая қарсы алғанын айтты. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. Зарина Омарова. Кадр НТК арнасынан алынды «Көзден кетсе, көңілден де кетеді…» деген сөзді Зарина Омарова растады. Он жыл уақытын жанұясына арнаған әнші бүгінде сахнаға қайта оралғанымен, оны құшақ жая қарсы алған әріптестерінің аз болғанын айтады. Бүгінгі тойда қуаныш иесінің қонақтарға жайылған ақ дастарханында өнердегі бірде-бір әріптесі бой көрсетпеді. Соңғы он жылын бала тәрбиесіне арнаған Зарина, шығармашылықты қайта бастаудың оңайға соқпағанын жасырмайды. Әнші сахнаға оралғанда оны санаулы ғана құрбылары құшақ жая қарсы алған. "Мәдина, Дильназ… Адам өзгереді ғой енді жыл өте, басқа өте. Әрине қиын, оңай емес. Негізі қайтадан сахнаға шығу оңай емес. Енді оның бәріне адамның өзінің күш-қуаты керек", - дейді әнші. Зарина шоу бизнес көшіне ілесу қажеттігін жақсы ұғады. Өнер бәйгесінде өгейдің күйін кешкен әнші, өзін жатырқай бастаған әріптестерін түсіне алмай отыр. Тағы оқыңыздар: Алғаш рет орысша рэп айтқан Қайрат Нұртасты ел сынап тастады "Енді қазіргі уақытта ешкім еш нәрсені көрсете бермейді негізі. Не болса да адамның ішінде ғой бәрі. Бірақ, енді бәрі күле қарайды. Мен өзім де олардың орынында болсам өз-өзімді қалай ұстайтынымды білмес едім", - деп ағынан жарылды Зарина. Әріптестеріне деген өкпе-назы болса да, Заринаның бұл кешті көңілсіз өткізуге хақысы жоқ. Өйткені, дәл осы күні бұл отбасылық одаққа 10 жыл толды. Әншінің айтуынша, қазіргі жарымен ол мейрамханалардың біріндегі жазғы алаңда танысқан. Міне, содан бері ғашықтардың әлі күнге дейін жұбы жазылмай келеді.

22 июня, 04:30

Талдықорғанда өзгелерді құтқарамын деп денесінің 90 пайызы күйіп кеткен екінші адам қаза болды

Талдықорған әуежайындағы өртте оңбай күйіп қалған екінші адам қайтыс болды. Денесінің 90 пайызы күйіп кеткен Рүстем Мұсабеков 5 күн ауруханада жатып, есін сол күйі жинай алған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы. Аурухана. Көрнекі сурет. Дәрігерлер тыныс жолына дейін зақымдалған азаматтың тері некрозынан қаны бұзылған деп отыр. Бұндай жағдайда науқасты аман алып қалу мүмкін емес екен. Әуежайдың жанармай бекетінде техник болып жұмыс істеген марқұмның артында әйелі, үш баласы қалды. "Рүстем өзі адал бала. Ешкімнің ала жібін аттамаған. Жұмысына адал. Достарының алдында беделді. Барлығына көмектесетін", - дейді Рүстем Мұсабековтың анасы Ботагөз Жандосова. Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзбек ұлтының өкілдері көп тұратын аудан Голливудқа айналып кетті (фото) Оқыс оқиға 15-ші маусымда болған. Әуежайдың жанармай бекетінде өрт шығып, екі қызметкері зардап шекті. Денесінің 98 пайызы күйіп қайтыс болған қауіпсіздік инспекторы Рахат Каметаевты туыстары жексенбі күні жер қойнына тапсырған еді. Осы екі қызметкер өрт шыққанда жанармай багының аузын жауып қалған. Әйтпесе соңы жойқын жарылысқа ұласып, салдары ауыр болады екен. Ерлікпен қаза тапқан марқұмдардың отбасына жергілікті билік әзірге миллион теңгеден берді.

22 июня, 04:15

Жаназасы шықпағандар: Артында іздеушісі жоқ марқұмдарды қалай жерлейді?

Алматының үстінен түсірілген мына суретке қарап отырып, қазақ жері қорымға айналып бара ма деген ойға қаласың. Себебі шаһарда көлемі ауқымды 41 бейіт бар екен. Соның ең үлкені "Батыс Боралдай бейіті" деп аталады. Бір таудың етегін түгелдей жайлаған жерде ине шаншар жер жоқ. Тегіс мазар. Жалпы аумағы 400 гектардан астам жерге орналасқан қорымның ішінде мұсылман, христиандар мен қатар іздеуі жоқ жандардың да мазары бар. NUR.KZ порталы жыл сайын Алматы бойынша іздеуі жоқ қанша азамат дүниеден озып, олардың соңғы мекені қалай болатынын біліп көрген еді. Боралдайдағы мына қорымның бір бөлігі жерге тығылған таяққа толы. Әрбір ағашта темірмен жазылған нөмір бар. Бұл іздеуі жоқ жандардың қабірі. Кішкене ғана томпайған молаларда әртүрлі ұлт пен дін өкілдері араласып жатыр. Олардың кім екенін білу мүмкін емес. Тек маңдайшасындағы темірдегі санмен сұрау салу арқылы ғана бейбақтың неден және қашан көз жұмғанын анықтауға болады. Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзбек ұлтының өкілдері көп тұратын аудан Голливудқа айналып кетті (фото) Қорым қызметкерлерінің сөзінше, мұнда аптасына іздеуі жоқ 12 азамат жерленеді екен. "Сейсенбі және бейсенбі күндері мәйітханадан екі рет ағаш табытқа салынған өліктерді әкеледі. Аптасына кемі 12 іздеушісі жоқтарды жерлейміз. Олар "безродный" деп аталады. Шатасып қалмас үшін өліктерді қайтыс болған жылына қарай жекелеп жерлейді. Мысалы, мына көлік жүретін жол бойындағылар 2016 жылы қайтыс болғандар, ал қоршау жағалай көмілгендер 2017 жылғылар",- дейді қорым қызметкері. Мұнда жерленген азаматтың барлығы бірдей қаңғыбас емес. Бірі – белді қызметкер, бірі-шетелдік турист. Тек әртүрлі жағдайға тап болып, өмірден озғандар. Мамандардың сөзінше, «іздеушісі жоқ өліктер» алдымен мүрдеханада 10 күн сақталып, олардың туыстарын іздестіреді. Осы белгіленген уақыт ішінде ешкімі келмесе, коммуналды қызметкерлер оларды белгілі ереже бойынша көміп тастайды. Үңірейіп жатқан мына қорқынышты шұңқырлар -  алдын ала дайындалған қабірлер. Қорымда өлік келген соң ақым қазылады деген түсінік жоқ. Марқұмдарға арналған жерді арнайы қабіршілер емес трактор бір апта бұрын қазып, дайындап қояды. Олардың тереңдігі 130 м, арақашықтықтары жарты метрден кем болмауы тиіс. Ал мүрделерді дініне қарап бөлмейтіндіктен, ешқайсына салт-жоралғы да жасалмайды. Бір сөзбен айтқанда, жаназасы да шықпайды, оларды ешкім кебіндемейді де, басына дұға да оқымайды. Кейбір молалардың ақымы опырылып, іші үңірейіп жатыр. Жұмысшылардың сөзінше олар қақаған қыста көмілгендер. Жер тоң болғандықтан топырағы басылмай, қабірі түсіп кеткен. Ал, кейбір моладағы ағаш басына екі нөмір шегеленген. Осыған қарап екі мәйіт бір қабірге салынған ба дерсіз. Бірақ коммуналды қызметкер мұны мойындамайды. "Ол мүмкін емес. Әр мүрде жеке-жеке көміліп, бір ғана нөмір ғана ілінуі тиіс",-деді атын атаудан бас тартқан қорым жұмысшысы. Іздеушісі жоқ қорымға жылына 600-ден астап марқұм жерленеді. Осынша марқұмның ішінен он шақты адамды ғана жақындары іздеп келеді екен. "Мысалы 100 адам көмілсе соның алты-жетеуінің ғана туысы іздеп келуі мүмкін. Мүрдені қазып алып туған жеріне әкететіндер өте сирек. Кейбірі сүйекті сүйрелемейік деп басын қоршап, құлпы тас қойып жатады", - дейді Азат. Құлпы тас қарап жүрген ресейлік азаматтар 10 жыл бұрын жоғалған әкелерін осы қорымнан тауыпты. Мүрденің қайда жерленгенін қорым ішінен іздеу үшін тек жеті күніміз кетті деп отыр. Себебі, мазардың ішіндегі шөп адамның беліне жетеді. Әкелерін соңғы сапарына шығарып сала алмаса да, о дүниеде разы болсын деп басына белгі қоймақ ниетте екен . Екі басы ат шаптырым жерге орналасқан қорым ішінен туысын іздеген жан көрмедік. Іздеп келсе де өздігімен жоғалтқанын табу мүмкін емес. Жұмысшылардан белгілі нөмірдегі моланы қалай табу керек деп сұрағанымызда «ақысын төлесеңіз, тездетеміз» деген жауап алдық. "Былтырғы жерленгендерді 1000 теңгеге тауып береміз. Одан ары қарайғы уақыт болса, соғұрлым қымбатырақ", - деді жұмысшы. Соған қарап өлілер де бизнестің ортасында дерсіз. Тағы оқыңыздар: Алматылықтар мың айдан қайырлы Қадір түнін қалай өткізді? (фото) Режиссер Едіге Болысбаев. Фото: КТК телеарнасынан Артында іздеушісі жоқ қайтыс болғандардың басым көпшілігі - орта жастағы ер азаматтар. Қақаған суықта көшеде үсіп өлген қаңғыбастар да баршылық. Солардың бірі - кезінде халыққа кеңінен танылған "Шаңырақ", "Ұлтуған" фильмдерінің режиссері Едіге Болысбаев. Ешкім сұрау салмаған режиссердің  қабірі осы қорымда. Далада өлген азаматтың сүйегін ешкім әкетпеген соң, көппен бірге жер қойнауына тапсырылған. Режиссер Еркін Рақышев келіп басын қоршаған, алайда оны ешкім қайтадан арулап жерлемепті.  "Қазақтың көмусіз қалыпты" деген сөзі осындайда айтылса керек-ті. Іздеушісі жоқ қорымның ішінде мұсылман мен христиандардың моласы қатар қойылады. Себебі, мұндағы тәртіп сондай.

22 июня, 04:00

ОҚО-да өзбек ұлтының өкілдері көп тұратын аудан Голливудқа айналып кетті

ОҚО-да өзі басқаратын Сайрам ауданын ақыры «Голливудқа» айналдырған әкім Самат Сапарбаев тағы да жаңа қырымен танылды. 42 ұлт өкілінен құралған 205 мыңнан астам халықты басқарып отырған әкімнің тағы сіз білмейтін сырлары қандай? Назарларыңызға өңірдегі  NUR.KZ тілшісі дайындаған эксклюзивті сұхбатты ұсынамыз. - Самат Айдарханұлы, басшылық қызметте ерекше әдісті қолданады дегенді жиі естиміз. Тіпті атқарылатын жұмыстардың жоспарын үнемі бөлісіп, ақыл-кеңестерін сұрап, баталарын алып отырады дейді... - Рас, мен халықпен жиі кездесіп тұрамын. Ауданға басшы болғаныма енді бір жыл болса да, осы аралықта 7-8 рет ауыл-ауылды аралап шықтым. Әрине, бұл халықпен немесе елдімекендермен танысу мақсатындағы іссапар емес. Себебі өздеріңіз білесіздер, мен осы ауданның тумасымын. Еңбек жолымның басым көпшілігін осында атқардым. Дегенмен барлығын бес саусағымдай білемін деп кабинетте отырып алмай, елмен жиі қауышып тұрған жөн ғой. Біздің ауданды «шағын Қазақстан» деуге болады (күліп). Бүгінгі таңда 205 мың халық тұрады. Соның тек 26 пайызы қазақтар болса, 67 пайызы өзбек халқы, 5 пайызы орыстар, қалғаны өзге ұлт азаматтары. Бізде 42 ұлттың өкілдері тұрады. Тұрғын санының көптігін айтпағанның өзінде мұнша ұлт өкілдерін бірлікте ұстау оңай іс емес. Аллаға шүкір деп айтайын, халық бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Керек десеңіз, бір-біріне қыз беріп, құда-жекжат болғандары қаншама. Тура бір отбасының балаларындай қарым-қатынаста. Ал атқарылатын жұмыстарға келсем, біз халық қызметшісімін. Жасаған жұмыстарымыздың барлығы тек ел үшін. Жоспар түзіп, кеңестерін де алып отырамын. Қаншама мемлекеттік бағдарламалар бар. Оларды әкімдік ғимаратында отырып алып кезекті мәжіліс өткізіп қана орныдай алмайсың. Оны халыққа кеңінен түсіндіру керек. Артықшылықтарын, елге жасалынып жатқан жағдайды жүзбе-жүз кездесіп насихаттаудың орны бөлек. Тағы оқыңыздар: Мешітке сыймаған астаналықтар қасиетті Қадір түнін саябақтарда өткізуге мәжбүр болды (фото)  - Былтыр аудандағы бір азамат өзге біреуге қоқан-лоққы көрсеткен соң сіз туралы теріс әңгіме тарап, «крышевать ететін әкім» деген атқа ие болып едіңіз. Тіпті, жергілікті кәсіпкермен сізді сыбайлас деп айыптағандар да болды... - Әрине, мен олардың қасында болған жоқпын. Құқық қорғау органының айтуынша, екі азамат бір-бірімен шекісіп қалған. Топалаң болды деуге негіз жоқ. Жұрт айтып жүргендей жаппай жаға жыртысу немесе ұлт араздық нәрсе емес ол. Шынымды айтсам, ол мақала жүрегіме қатты тиді. Оған Сарыарық ауылындағы жер дауы себеп болған. Негізі ол дау мен әкім боп келгенге дейін туындаған. Кезінде халық 232 гектар жерді өздері игере алмай, бір азаматқа басқаруға сеніп тапсырған. Соңғы жылдары әлгі азамат елге жерді қайтарып беремін деп уәде беріпті. Содан шу шыққан. Халыққа біз ол жер аудан қорына өткенін түсіндіріп айтқанбыз. Жерді бөліп берер кезде, мораторий жарияланды. Оны жайдан-жай бере салмаймыз, өзінің құжаттық рәсімдері бар. Үкіметтің шешімдерін күттік. Қазір конкурс жүргізіліп жатыр. Ол жер түгелімен елге беріледі. Сол аралықта ғой біреулер менің жаман атымды шығарғысы келіп, кәсіпкермен сыбайлас деп те айтып жүргені. Халық жерін игеруге берген азаматпен сыбайлас болатындай түгім жоқ. Рас, ол кісі кезінде ауылдың әкімі болған, осы жердің азаматы. Бірақ мен онымен отырып шай ішпесем, отбасылық араластығым болмаса, жақын қатынасым жоқ болса қалай олай қаралауға болады? Қайта керісінше үш жылдан бері созылып келе жатқан мәселе мен келген соң шешіле бастады. Негізі ол әңгіме дұрыс болмады. Шынын айтқанда абыройыма нұқсан келтірді. Мен осы ауылдың азаматы болған соң шыдап бақтым. Ешкіммен ерегіспедім, ешкімді сотқа да бермейді. Бастысы, жүрегім де, қолым да таза. Халық куә ғой. - Еңбек жолыңызды дәнекерлеуші боп бастаған екенсіз. Сіздің биографияңызды оқып отырып, меритократия қағидасы еске түседі. Шыныңызды айтыңызшы, әкім болуды армандадыңыз ба? - Әкім болуды армандадым деп айта алмаймын. Бастысы, алған білімім мен біліктілігімді халық қызметіне арнасақ деген ой болды. Біртіндеп сатылап, басшылық қызмет тапсырылды. Халыққа қызмет жасау – әр уақытта абыройлы міндет қой. Сол абыройдың биігінен түспей, халықтың рахметін алсақ деп жұмыс жасап жатқан жайым бар. - Жиындардың бірінде «әкім болу оңай әрі қиын» деп халық алдында бір ақтарылып едіңіз. Сонымен әкім болу оңай ма, әлде?.. - Алдымен оны не үшін айтқанымды түсіндіріп өтейін. Оңай дегенім – қазір елбасы саясатының арқасында елдің жағдай жақсы ғой. Біздің аудан да облыс сияқты дотациялы аудан. Тапқан қаржымыз өзімізге жетпейді. Облыс, республика бюджетіне арқа сүйейміз. Бірқатар проблемалар оң шешімін тапты. Бұрындары осы аудан әкімдігінің аппаратын басқарған, әкімнің орынбасары болған тұста бізде алдағы бес жылда мектеп мәселесі шешімін табады деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін. Жай арман секілді көрінетін. Себебі бізде халық өсімі көп. Шүкір, бес жылда бұл проблема шешілді. Бір ғана Қарабұлақ ауылында он мектеп салынды. Аудан бойыншы былтыр төрт мектеп пайдалануға беріліп, биыл төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Үш ауысымды екі ғана мектеп қалды. Сондай-ақ, аурухана, жол, жарықтандыру секілді әлеуметтік мәселелер де шешіліп жатыр. Ал қиын жағына келсем, 205 мың халықты басқару, соншама ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында бірлікте ұстап отыру, теңдей дамуына жағдай жасау, құқықбұзушылықтың алдын алу, тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету керек. Олардың барлығын бір арнаға тоғыстырып басқару, әрине, оңай емес. Қиын деп айту себебім сол ғой. Бастысы, шүкір, халық ризашылын арқалап келеміз. - Сізді тым жұмсақ басшы дейді... - Жұмсақпын дей алмаймын, бастысы талап болу керек. Бізде тәртіп жақсы. Кез келген қызметкер өзінің жүгін арқалап, өз арбасын өзі сүйреуі керек. Басшылыққа келгенде де айтқанмын оны. Мен көп жағдайда адамгершілікке салынамын. Біреудің тағдырымен, қызметімен ойнағанды ұнатпаймын. Қай қызметкер болмасын оның өмірі, ар жағында отбасы, әулетінің жағдайы, абыройы тұр. Өзімді ешқашан да артық санамаймын. Маған осы «кресло» бұйырып, ауданды басқару сеніп тапсырылғаннан кейін үдесінен шығуға тырысамын. Біреудің есебінен, өзгені кекету-мұқату, тағдырымен ойнау арқылы емес, заң аясында талап қойып, солай шешуді дұрыс деп санаймын. Адамның өзге адамнан артық ешнәрсесі жоқ, өктемдік танытып, үстел тоқпақтап, өзгенің намысына тию – менің жұмыс тәжірибемде жоқ қасиет. Тағы оқыңыздар: Жаназасы шықпағандар: Артында іздеушісі жоқ марқұмдарды қалай жерлейді? (фото) - Көршілес Ордабасы ауданын басқарып тұрған кезіңізде сіздің лақап атыңыз «гүлге құмар әкім» болып еді. Әлі де гүлге деген құмарлығыңыз басым ба? - Иә, әлі де құмармын (күліп). Басшы болған соң ауылды, мектептерді аралаймыз ғой. Жүрген жерімде гүл өсіру қажеттігін айтып жүремін. Айналаңда көк жайқалып тұрса, жақсы емес пе? Адамдарды әдемілікке, жақсылыққа үйрету керек қой. Гүл ерекше көңіл күй сыйлайды. Өзімнің де хоббиім – гүл өсіру. Үйде де ағаш, гүл отырғызуды жақсы көремін. Тіпті демалыс күндері өзім күтіп-баптаймын. Содан кәдімгідей рахат аламын. Тазалыққа жаным құмар, үйдегілер де соған үйренген. Қисық жатқан дүние жоқ үйімде. Ауданда да тазалық болса деймін. Айналаң көгалданып тұрғаны жақсы ғой. - Сұхбатыңызға рахмет. - Сіздерге рахмет. Мен сұхбаттан ешқашан қашпаймын, кез келген уақытта дайынмын. Жұмысымыздан ұялмаймыз, ауданымызға келіп тұрыңыздар.

Выбор редакции
21 июня, 21:15

Многодетные матери казахстанского шоу-бизнеса

Большинство семей в нынешнее время стараются обзавестись одним ребенком. Если раньше женщина была хранительницей очага, сидела дома и рожала детей,  то сегодня женский пол доказал, что не хуже мужчин может трудиться на заводах, вести переговоры по бизнесу.  Уделяя время собственному делу и внешности, зачастую женщины не спешат в родильный дома. Однако, все же есть  в отечественном шоу-бизнесе  личности, которые доказали, что роды и дети отнюдь не помеха делам и творчеству. Итак, вашему вниманию знаменитые многодетные матери, которые успевают не только рожать, но и занимаются творчеством. Читайте также: Акбота Керимбекова: Мой первый муж был рэкетиром (фото) Балапаным #маню Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1) Июн 19 2017 в 3:20 PDT   Динара Султан одна из молодых мам, которая воспитывает трех дочерей и сына.    Балақандарым, аман жүріңдер! Өмір деген сынақ, алдарыңда бар талай сұрақ.. p.s. тап осындай фото 3 жыл бұрын түсірілген, бірақ ұлым онда даже планда болмағанБалапандарымыз бақытты болсын достар!!! Мерекелеріңізбен!   Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1) Май 31 2017 в 10:54 PDT    Индира Расылхан успевает не толькео петь песни и снимать клипы, но так же умудряется воспитывать четверых детей и параллельно открывать собственные школы по вокалу.   Бала-шаға киноға сүйреп мені...Бақыттарыммен біргемін. ‍‍‍‍‍‍   Публикация от Индира Расылхан (@indirarasylkhan) Май 5 2017 в 9:22 PDT Алтынай Жорабаева родила трех дочерей. Вместе с ними она посещает собственный салон красоты и выступает на сцене.  Ханшайымдарым , мерекелеріңмен Публикация от Алтынай Жорабаева (@zhorabayeva) Мар 8 2017 в 3:30 PST    Каракат Абильдина не так давно стала мамой в пятый раз. Артистка родила дочь, о  которой мечтала давно.   Менің журектерімнің құттықтауы әдеттегідей ерекше әсерге бөледі❤️Мерекеміз құтты болсын аяулылар!   Публикация от Karakat (@karakat_a) Мар 7 2017 в 11:25 PST Несмотря на то что Толкын впервые стала мамой только в 31 год, одним ребенком она ограничиваться не стала. И сегодня исполнительница воспитывает троих чудесных жигитов: Шахриара, Диара и Санжара. Толкын Забирова, певица. Фото: Nur.kz Одна из главных многодетных мам в телевизионной сфере — это актриса, диктор и продюсер Салтанат Калиева. Телеведущая успевает не только пропадать на студиях, но и  воспитывать пятерых детей. Салтанат Калиева, телеведущая. Фото: NUR.KZ Женщина с мужским характером Акбота Керимбекова. Вместе со своей мамой артистка воспитывает трех сыновей, умудрилась построить дом и вести собственный бизнес. Акбота Керимбекова, певица. Фото: NUR.KZ

Выбор редакции
21 июня, 17:00

Футболшылардың көркінен көз сүрінер сұлу әйелдері

Ресей футболшыларының көркінен көз сүрінер әйелдерін NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады. Инна Жиркова. Фото: fishki.net 1. Инна Жиркова - Санкт-Петербургтік «Зениттің» жартылай қорғаушысы Юрий Жирковтің жары. 2. Екатерина Акинфеева - мәскеулік "ЦСКА" қақпашысы Игорь Акинфеевтің жары. Тағы оқыңыздар: Колумбияда алғаш рет үш еркектің бір-бірне үйленуіне рұқсат етілді (фото) 3. Дарья Глушакова - мәскеулік «Спартактың» жартылай қорғаушысы Денис Глушаковтың жары. 4. Анастасия Костенко - мәскеулік «Локомотивтің» жартылай қорғаушысы Дмитрий Тарасовтың сүйіктісі. 5. Катерина Канунникова - «Рубиннің» шабуылдаушысы Максим Канунниковтің жары. Тағы оқыңыздар: Қарулы қылмыскерді құшақтап райынан қайтарған полицей желіде жұлдыз болды (видео)   6. Елизавета Полоз - «Ростов» шаубылдаушысы Дмитрий Полоздың жары. 7. Марина Шишкина - мәскеулік «Локомотивтің» қорғаушысы Роман Шишкиннің жары.

Выбор редакции
21 июня, 16:05

Қарулы қылмыскерді құшақтап райынан қайтарған полицей желіде жұлдыз болды

Суық қару кезенген қылмыскерді құшақтау арқылы райынан қайтарған полицей желіде жұлдыз болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бейтаныс азамат Бангкоктегі полицей учаскесіне қолына суық қару ұстап, баса көктеп кіреді. Ол барлық қызметкерлерді бауыздап салатынын айтып, айқайға басқан. Тағы оқыңыздар: Алматылық мүгедек аурухана қызметкерлерін өзін соққыға жықты деп айыптап отыр (видео) Артынша өзіме қол саламын деген азаматты сондағы полицейлердің бірі сабырға шақырады. Ол қылмыскерді қаруын тастауға көндіріп, құшағына алу арқылы райынан қайтарды.

21 июня, 05:15

Баянның қайын атасы оның жазған кітабын оқып, таңданысын жасырмады

Баянның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі Тұрым келінінің кітабын оқып таңданысын жасырмаған. Бұл туралы ол Баянның кітабына жазған рецензиясында айтып өтті деп хабарлайды NUR.KZ. Скриншот Баянның Instagram желісінен алынды "Баян маған кітабын оқуға берді. Бір деммен оқып шықтым. Одан кейін қайталап оқыдым. Екінші рет оқығанда әр сөзіне мән беріп, мұқият оқыдым. Таңғажайып кітап, нағыз монолог. Ешқандай тәкаппарлық жоқ. Бірінші сөйлемінен бастап адамға әсер етеді. Жапондар сияқты тәрбиеленген кішкентай қызды мектеп кезінде аса қатал ұстаған. Осылайша ол осы күнгі дәріжесіне жеткен", - дейді Тұрым Алагөзов. Тағы оқыңыздар: Жамбылда жағдайы жоқ отбасыға жер бермеген әкімге бүтін бір ауыл қарсы шықты Сонымен бірге продюсердің жаңа қайынатасы оның небір қиындықтардан өткенін айтты. Еске салсақ, Баянның кітабы шілде айында 20 мың данамен шығарылмақ.

21 июня, 04:00

Жедел жәрдем қызметіндегі ең көрікті ару кім?

Бұл арулар Алматы тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету кезінде түрлі оқиғалар мен жайттарға куә болып жүрген жандар. Медицинаны өмірлік кәсібі етіп таңдаған жас мамандар қызмет барысында тап болатын кез-келген жағдайға дайын. Тәулігіне түрлі адаммен тілдесіп, көптеген кездейсоқ жағдайға тап болып жатқан фельдшер қыздар өз ісін жақсы көргендіктен ешнәрсеге мойымай келеді. NUR.KZ порталы назарларыңызға Алматы  қалалық жедел жәрдем қызметінің фельдшер аруларын ұсынады. Онлайн дауыс беру 26 маусым, сағат 09:00-ге дейін жалғасын табады. Өз таңдауыңызды жасаңыз.  Ұялы телефоннан мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз. Коллаж: NUR.KZ  Ұялы телефоннан мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз.

10 февраля 2016, 19:00

Антироссийский вектор в Средней Азии

Изменение военно-политической обстановки на Ближнем и Среднем Востоке, включая операцию российских ВКС в Сирии и обострение ситуации в Афганистане, выявило довольно четкое разграничение Средней Азии на две части. Если Казахстан, Киргизия и Таджикистан в вопросах обеспечения безопасности полагаются, прежде всего, на Россию, то Узбекистан и Туркмения предпочитают действовать самостоятельно, развивая отношения с другими центрами силы. […]

14 ноября 2014, 00:27

Азиатский банк развития сообщил о создании трубопроводной компании ТАПИ

Государственный концерн «Туркменгаз», предприятие Afghan Gas, пакистанская Inter State Gas Systems (Private) Limited и индийская GAIL учредили трубопроводную компанию ТАПИ — Туркмения-Афганистан-Пакистан-Индия — с равными долями участия. Об этом сообщила пресс-служба Азиатского банка развития. АБР в 2013 году был назначен странами-участниками ТАПИ транзакционным советником по созданию трубопроводной компании и выявлению лидера коммерческого консорциума, призванного возглавить строительство и эксплуатацию трубопровода, отмечает в ночь на 14 ноября ТАСС. «Учреждение ТАПИ — ключевой рубеж в развитии газопроводного проекта и осязаемый результат трансформационного сотрудничества между вовлеченными сторонами, предвещающий укрепление энергобезопасности, расширение деловых перспектив и достижение большего мира и стабильности в регионе», — заявил генеральный директор Департамента Центральной и Западной Азии АБР Клаус Герхаузер. Планируется, что по 1800-километровому газопроводу ТАПИ будет ежегодно экспортировать до 33 млрд кубометров туркменского природного газа. Туркмения обладает четвёртыми по величине в мире доказанными запасами газа. Магистраль протянется от туркменского месторождения Галкыныш до пункта Фазилка на границе Индии с Пакистаном. Стоимость проекта превышает $7,6 млрд. Как заявил президент Туркмении на прошедшем в конце октября заседании Совета старейшин, «строительство газопровода ТАПИ планируется начать в 2015 году».

21 марта 2014, 17:27

Уйти нельзя остаться

Анатолий Эль-Мюрид о тупиковой ситуации, в которой находится американский контингент в Афганистане.