• Теги
    • избранные теги
    • Разное86
      • Показать ещё
      Страны / Регионы111
      • Показать ещё
      Люди21
      • Показать ещё
      Международные организации7
      Компании13
      • Показать ещё
      Издания1
      Формат1
      Сферы1
06 декабря, 06:00

Ақмола облысында ер адам жол апатына түскен әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

4 желтоқсан күні Астана-Щучинск автобанында орын алған жантүршігерлік жол апатында бірнеше көлік соқтығысты. Құлыпталып қалған автокөлікте қалып қойған әйелді құтқармақ болған ер адам қаза тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстан. Жол апаты. Көрнекі сурет. Фото: inform69.ru Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Апат Атамекен ауылының маңында орын алды. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі Nissan Cefiro автокөлігінің есігі құлыптанып қалады. Алайда жүргізуші бірнәрсе қылып шығып алады да, салон есігін ашуға тырысады. Оған көмекке ВАЗ-2106 жеңіл көлігінің жүргізушісі келіп, капотқа шығып алып аяғымен көліктің терезесін сындыруға тырысады. Осы уақытта Бурабайдан Астанаға жол тартқан, салонында 49 жолаушысы бар автобус оларға соқтығысады. Соқтығысу салдарынан оқиға орнында Астана қаласының 1984 және 1967 жылы туылған екі тұрғыны, 1994 жылғы Зеренді ауданының тұрғыны, сонымен қатар көмектеспек болған "ВАЗ-2106" көлігінің жүргізушісі, 1966 жылы туылған Бурабай ауданының тұрғыны қаза тапты. Автокөліктен екі жасар баланы құтқару мүмкін болды, ол Бұланды орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, оның әжесі мен атасы анықталды. Қаза тапқандардың денесін полиция мәйітханаға жіберді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан бөлек сол күні ТЖД көлігі мен полиция автокөлігі соқтығысты. ІІД-нің мәліметінше, жол апатына нашар көріну, көктайғақ, бір күн бұрын жауған жауын салдарынан тас жолда қатқан мұз қабаты себеп болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. "Ауа райы жағдайынан тыс, көрінудің нашар екенін біле тұра, қозғалу жылдамдығын түсірмеген жүргізушілердің менмендігі де себеп болған болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Бәлкім, біздің камералар көрсетіп отырғандай Астанадан Бурабайға сағат таңғы 7-де шыққан авобус жүргізушісінің шаршауы да әсер еткен болуы мүмкін", — деді "ҚазАвтоЖолда" АҚ-да. Сондай-ақ, жолдарды жабу туралы шешім полиция, ТЖД, және жолшылармен келісе отырып қабылданатынын хабарлады. Астана-Бурабай тас жолы ауа райы қолайсыздығына байланысты сағат 15:00-де жабылды. Ал жол апаты күндізгі сағат екілерде орын алған. Тағы да оқыңыздар: Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс? Іздеуде жүрген экс-мәжілісмен ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін жыл сайын дәлелдеуге міндетті Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Выбор редакции
05 декабря, 14:30

Шымкентте бір үйдің екі бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

Шымкентте бір үйдің екі бірдей перзенті улы газға елтіп, көз жұмды деп хабарлайды 24.kz. Газ. Көрнекі фото: vchasnoua.com Қаза болғандардың біреуі – бір жасқа енді толған бүлдіршін. Ал олардың ата-анасы мен 1995 жылы туған тағы бір бауыры облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына ауыр халде жеткізілген. «Қазір олардың жағдайы жақсы», - дейді дәрігерлер. Қайғылы жағдай «Асар» мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. «Табиғи газбен су жылыту құрылғысын пайдалану қағидаларының бұзылу салдарының соңы осындай орны толмас қайғылы жағдайға соқтырып отыр», - дейді ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы таратқан ақпаратта. Төтеншеліктер газ құралдарын және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді. Тағы оқыңыздар: Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео) 16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады Ринат Зайытов атышулы Ninety One тобын тағы сынап тастады (видео) Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото) Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Выбор редакции
04 декабря, 05:10

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды деп хабарлайды NUR.KZ. Фото: zakon.kz "Байсат" базарының өртенгені туралы хабарлама Алматы қалалық ТЖД-не бүгін таңғы 05.57-де келіп түскен. Сағат 06.03-де оқиға орнынан алғашқы өрт сөндірушілер келіп, контейнерлердің өртеніп жатқанын көрген. Фото: zakon.kz Өрт деңгейі 3 рангтегі деп бағаланды. Өртті сөндіру үшін 3 өрт сөндіру гидранты мен жеке құрамның 100 қызметкері пайдаланылып, сағат 07.19-де өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өзге де шаралар атқарылып жатыр. Фото: zakon.kz Өрт 280 текше метр жерді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ. Тағы да оқыңыздар: Талдықорғандағы мүгедек арудың жан тебірентер хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото) Дәрігерлер ақыл-есі ауысқан деп санаған азамат жеке кәсібін ашып, үш баласын асырап отыр (фото) Қостанай облысында алты баланың анасы тастай суық бөлмені паналауға мәжбүр (фото) Есікте бойжеткенді зорлағандардың туыстары соттағы дөрекілігі үшін жазасын алды Еліміздің кей жерлерін жауын-шашынды ауа-райы күтіп тұр Колумбияда ұшақ апатынан аман қалған ойыншы қаза болған достарын айқайлап шақыра бастаған (фото)

Выбор редакции
25 ноября, 12:53

Ақмолада жарысқа аттанған кішкентай хоккейшілер үсіп қала жаздады

Ақмола облысында кішкентай хоккейшілерді жарысқа апармақ болған автобус жолда бұзылып, жолаушылары үсіп қала жаздады. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде жетіп, "Торпедо" хоккей клубының ойыншыларын қауіпсіз жерге жеткізді деп хабарлайды sn.kz. Жолаушыларға көмек көрсетілді. Фото: sn.kz Жас спортшылар Өскеменнен Рудный қаласына қарай бет алған екен. Жолда автобустың дөңгелегі істен шыққан. Оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолының 939-шы шақырымында орын алды деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Автобуста барлығы 21 адам болған. Олардың 17-сі жасы 12-13 аралығындағы балалар. "Құтқарушылар автобусты жөндеуге көмектесті. Әкімшілікпен бірлесе жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды", - дейді ТЖД мамандары. Автобус жөнделгеннен кейін хоккейшілер жарысқа аттанып кетті. Олар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады. Тағы оқыңыздар: Назарбаев 2020-шы жылдан кейін билікте қала ма? (видео) Амангелді Айталы: Қуаныш Сұлтановты сыйлаймын да, аяймын да Ұлыбританияда миллионерлер саны күрт азайып кеткен Астаналық азамат "президенттің құрметіне" дүкендерде жеңілдіктер ұйымдастыруды ұсынды "Астана" клубы биылғы маусымда 4 млн еуродан көп табыс тапқан Британдық боксшы алғашқы жекпе-жегінде ауыр соққыны көтере алмай көз жұмды

23 ноября, 15:30

Алматыда кафе өртеніп жатыр

Алматының Төле би көшесінде, Сайран көлінің маңындағы кафеде өрт шықты деп хабарлайды NUR.KZ. 23 қараша күні 17:43-те Төле би 279 мекенжайы бойынша "Ангар" кафесі өртенгені туралы хабар келіп түсті. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге тырысуда. Кафеде адамның бар-жоғы анықталу үстінде. Қосымша ақпарат кейін беріледі дейді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Сайранда кафе өртенуде. фото: NUR.KZ Оқиға куәгерлері желіде өрттің видеосын жария етті. Пожар в Алматы, горит клуб "Ангар" (бывш. "Три тополя" - "Уштерек") по улице Толе би @diaas_lux_life | #almaty_city Видео опубликовано Almaty | Kazakhstan (@almaty_city) Ноя 23 2016 в 3:54 PST В Алматы горит кафе Ангар на Толе Би #Жестькз Видео опубликовано Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Ноя 23 2016 в 4:08 PST Тағы да оқыңыздар: Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото) Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар? "Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты? Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр? Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Выбор редакции
22 ноября, 10:00

ШҚО-да аяз күшейіп, -39 градусқа жетті

ШҚО-ның кей аймақтарында ауа райы 39 градусқа дейін төмендеді деп жазады aikyn.kz. Аяз. Көрнекі фото: liveinternet.ru Күннің қатты суытуына байланысты мектеп оушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды деп хабарлады аймақтық ТЖД. -30°(жел 2 м/с) Өскемен 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды ; -39° Зырян бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар, колледждің 1-2 курс студенттері; -23° (жел 2 м/с)Риддер 1-4 сыныптар бірінші және екінші ауысымдағы ; -37° Шемонаиха ауданы 1-11 сыныптар, колледждің 1-2 курс студенттері; -34°Семей 1-11 сыныптар, колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өтпейді. Тағы да оқыңыздар: Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото) Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото) Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Выбор редакции
21 ноября, 14:35

Алматы облысында пеш жарылып екі адам қаза тапты

Алматы облысында тұрғын үйге от жағып жатқанда, қатты аяздан қатып қалған пеш жарылып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Пеш. Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі Үй иелері бірнеше күн бойы от жақпаған көрінеді, бұл жүйенің бұзылуына әкеп соқты. Талдықорғанда пеш жарылып екі адам қаза тапты деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Қатты отынмен жұмыс істейтін жылытқыш пеш 20 қараша күні Талдықорғандағы Щорса көшесінде жарылған. Жарылыс орнында өрт сөндірушілер үш адамды тапты, олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды, үшіншісі әр түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. "Жарылыс құдықтарды бұзғанымен, өрт шықпаған. Үйдегі жылыту жүйесі қатты аяз бен бірнеше күн бойы от жақпаған үй иелерінің бейқамдығы салдарынан бұзылған. Үйге от жақпақшы болғанда, жүйе шыдас бермей, жарылып кеткен", — деп түсіндірді өңірдің ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев. Ауруханаға жатқызылған ер адамның жағдайы бір қалыпты. Тағы да оқыңыздар: Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)  

Выбор редакции
20 ноября, 14:16

Алматы "барахолкасындағы" шатырдың опырылуынан екі адам зардап шекті

Алматының "Байсат" базарындағы шатыр опырылып, екі адам зардап шекті деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ. Оқиға орнын фото: Авторы Елена Моисеева Оқиға бүгін, 20 қарашада шамамен түс уақытында "Жетісу ауданында" орналасқан "Байсат"  базарында болған. "Сауда контейнерлерінің аралығындағы 720 шаршы метр аумақты құрайтын шатыр бөлігі опырылып түсті. "103" қызметі шатырдың құлауынан жарақат алған екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінгенін хабарлады", - делінген хабарламада. Ал қалалық Төтенше жағдайлар қызметіне шатырдың опырылуы туралы хабарлама түспеген. Болған оқиға жайлы азаматтардың қаупісіздігіне алаңдаған "103" қызметі хабардар еткен. Медициналық қызметтің мәліметінше, жарақат алған екі адам қалалық ауруханаға жеткізілген. Тағы оқыңыздар: Сергей Ковалев Андре Уордтан жеңіліп, чемпиондық атақтарынан айырылып қалды (видео) Дубайда 8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы әлемді таң қалдырды (фото) Алматы-Астана тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады Туған інісін ажалдан арашалап қалған бала желіде жұлдыз болды

Выбор редакции
17 ноября, 17:00

Қарағанды облысында мал іздеп шыққан азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Қарағанды облысында 63 жастағы азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Ол бес күн бұрын екі серігімен мал іздеп шыққан деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы. Дауыл. Көрнекі фото: cherkassy.co.ua Үшеуі де Павлодар облысының Екібастұз аймағының тұрғындары. Сол күндері қалың қар жауып, аяз көтерілген болатын. Көліктері сынып, далада қалған соң-- жақын маңдағы елдімекенге дейін жаяулатады. Әнуарбек Нұрғазинов денсаулығына байланысты орта жолдан көлікке кейін қайтып, сонда күтпекші болған. Осыдан соң Әнуарбек Нұрғазинов із-түзсіз жоғалған. "Айдалада екі күн отырған. Ешқандай көлік өтпеген соң олар жақын маңдағы елді-мекенге жаяу жетуді жөн көрген. 5 шақырым жүрген соң әкем машинаға қайтып, көмекті күтетінін айтқан. Қасындағы 2 адам Едірей ауылына жеткен. Сол күні қар қалың түскендіктен ізін жоғалтып алдық", - дейді Әнуарбек "Қарағанды облысының төтенше жағдай департаментінен арнайы іздестіру тобы жіберілді. Ол жедел құтқару жасағы, сондай-ақ үлкен қарларда жүретін көлік жіберілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Мүтәллапов. Ал синоптиктердің айтуынша еліміздің кей өңірлерінде ертең -40 градус аяз болады. Тағы да оқыңыздар:  Модельдік мансабын тастап, бар өмірін отбасына арнаған "Қазақстан аруы" кім? Нұрлан Ноғаев торт сатып алған ауыл дүкенінің жұмысы жүріп кетті (видео) 2017 жылдан қазақстандықтар өздерінің ескі көліктерінің орнына жаңа автокөлік алуы мүмкін Пәндердi ағылшын тiлiнде жүргiзетiн ұстаздардың жалақысы өседi Той қонақтарының көзінше алғашқы неке түнін өткізген жас жұбайлар жаға ұстатты (видео +18) $73 млн-ға дүркіретіп той өткізген үнділік жұп қонақтарына алтыннан шақырту қағаз жіберді (видео)  

Выбор редакции
17 ноября, 07:20

Шымкенттің ең әдемі тойханасы өртеніп жатыр

Бүгін таңғы сегізде Шымкенттің өртке қарсы қызметіне Өтегенов көшесінде орналасқан тойхананың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен деп жазады ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ. Оқиға орнынан фото ТВК арнасынан алынды Хабарлама түскен бойда оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру техникасы жіберілген. ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті тоқтатуға Шымкент өртке қарсы гарнизонының 11 арнайы машинасы жұмылдырылған. Жалпы алғанда жеке құрамнан 60 адам жұмыс жасауда. Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккен адам жоқ. Қазіргі кезде өрттен неден шыққаны анықталып, шығын көлемі есептеліп жатыр. Оқиға орнынан фото ТВК арнасынан алынды Тағы оқыңыздар: Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео) Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты Ақтөбеде ұстазын балағаттаған оқушы 15 мың теңге төлейтін болды ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото) Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Выбор редакции
16 ноября, 13:15

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды

Шығыс Қазақстан облысында малын іздеуге шыққан тұрғын адасып қалып, бір тәулік бойы 30 градустық аязда далада қалып қойған деп хабарлайды Skifnews.kz порталы. Фото: Skifnews.kz Құтқарушылардан оның туыстары көмек сұрағаннан кейін іздеу жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. Телефон байланысы өте әлсіз болғандықтан біразға дейін ер азамат байланысқа шыға алмаған. Дегенмен, кешке жақын ол туыстарына хабарласып, өзінің адасып кеткенін айтыпты. Ал, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуге боран кедергі болған. Осы күннің ертесіне құтқарушылар Қыземшек ауылынан 15 шақырым қашықтықта 50 жастағы ер азаматты тапты. Онымен бірге ірі қара мал болған. Бір тәулікке жуық уақыт малшы ас-сусыз 30 градустық аязда далада көмек күтіп отырған екен. Адасқан азамат аман-сау, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Құтқарушылар оны үйіне сиырларымен бірге жеткізіп берді. Тағы оқыңыздар: Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты Ақтауда үш адамды өлімнен құтқарған сарбазды соттағалы жатыр Полицияға емшектегі сәбиді аяусыз ұрған әйелге қатысты біраз мәліметтер белгілі болды Түрік тілінде еркін сөйлеген Жансейіт Түймебаев елді өзіне қаратты Өзбек азаматы "Ислам мемлекетіне" қосыл деп үгіттеген әйелін полицияға ұстап берді

15 ноября, 11:15

Маңғыстау облысында 8-сынып оқушысы үш баланы өрттен құтқарып қалды

Маңғыстау облысында отпен ойнаған балалар өлім аузынан қалды. Үш балақайды көрші тұратын жасөспірім өрттен алып шығып, құтқарып қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ғалымжан Күзембаев. Фотоны жасөспірімнің ата-анасы берді 14 жастағы Ғалымжан Күзембаев болашақта өрт сөндіруші болғысы келетінін жасырмайды. Жасөспірім Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында үш баланың өмірін құтқарып, ерлік жасады. Ата-ана қарауынсыз қалған алты, бес және төрт жасар балақайлар шырпымен ойнап отырып, үйлерінде өрт тұтандырған. "Өрт кезінде үш кішкентай бала үйде болды. Өрт жалынын байқап қалған көрші тұратын жасөспірім оттың арасына кіріп, балалардың сыртқа шығуына көмектесті. Ол кішкентайларды терезе арқылы үйден алып шыққан", - дейді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлнар Қожабекова. Ғалымжан балалардың өміріне алаңдағандықтан, өрт сөндірушілерді күтпей, құтқаруға кіріскенін алға тартты. Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

09 ноября, 15:20

«Алматы Тауэрстегі» өрттен қаза болғандардың отбасыларына 3 млн теңгеден беріледі

«Алматы Тауэрстегі» өрттен қаза болғандардың отбасыларына 3 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқиға болған жерді аралау кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Алматы Тауэрс» компаниясының өкілі Аблимит Рахматуллаев айтты деп хабарлайды Baq.kz. Бауыржан Байбек өрт болған ғимаратта. Фото: NUR.KZ Қала әкімі марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, жан- жақты қолдау көрсетуді тапсырды. «Қазіргі кезде оларға барынша көмек көрсетіп, жерлеу мен оған кететін шығын мәселесін шешу қажет. Ешкім назардан тыс қалмасын. Комиссия барлық тексеру жұмысын ашық және жариялы түрде жүргізеді. Қысқа мерзім ішінде толық есеп берілуі тиіс», - деп атап өтті Байбек. «Алматы Тауэрс» басқарушы компаниясының өкілі өрттен қаза болғандардың отбасыларына бүгіннен бастап материалдық көмек берілетінін айтты. «Осы қайғылы оқиғадан мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біздің компания басшылығы марқұмдардың отбасыларына 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл төлемдер бүгіннен бастап беріледі», - деді Рахматуллаев. «Батутный центр» ЖШС директоры Даурен Тұяқов жерлеу рәсіміне көмек көрсетіп, зардап шеккендерге өтемақы төлейтінін жеткізді. Қаза болған студенттер білім алған жоғары оқу орындары да материалдық көмек көрсететін болады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы Серік Әубәкіров өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан немесе апатты жағдайдағы электрқондырғыларынан тұтануы мүмкін деген екі болжам айтып отыр. «Әкім өрттің неден болғанын жіті тексеруді тапсырды. Осыған орай, оқиға орнында ТЖД-нің арнайы зертханасы жұмыс істеп жатыр. Оқиға орны тексерілді, оны ІІМ өрт қауіпсіздігі институты мен Төтенше жағдайлар жөніндегі азаматтық қорғаныс комитетінің арнайы мамандары жүргізді», - деп атап өтті Әубәкіров. Бұдан өзге, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров қайғылы оқиғаға қатысты 292 баптың 3 тармағы (өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан екі және одан да көп адамның қаза болуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын айтты. Тағы оқыңыздар: Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото) Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото) АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп туралы не білеміз? (фото) Almaty Towers-тегі өрттен қаза болған 20 жастағы студент жер қойнына тапсырылды (фото) Ұлттық банк төрағасы: АҚШ-тағы сайлау теңге бағамына әсер етпейді

Выбор редакции
07 ноября, 09:40

"Алматы Тауэрс" орталығындағы өрттен кейін тағы бес адамның мәйіті табылған

Кеше"Алматы Тауэрс" бизнес-орталығында болған өрттен кейін бес адамның мәйіті табылған. Болжам бойынша, олар монтаждау жұмыстармен айналысып жатқан жұмысшылар болуы мүмкін деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетовға сілтеме жасап NUR.KZ. "Алматы Тауэрс" орталығындағы өрт. Фото: әлеуметтік желіден алынды Ғимарат әкімшілігі оқиға барысында бес адамның жоғалып кеткенін хабарлаған. Осыдан кейін өрт сөндірушілер тексеріс барысында өрттен кейін 6-шы қабаттан бес адамның мәйітін тапқан. Осылайша, тілсіз жау құрбандарының саны 6 адамға жетіп отыр. Айта кетейік, бұған дейін өрт кезінде газбен уланып қалған 54 жастағы ер адамның қаза болғаны хабарланған. Еске сала кетейік, 6 қараша күні кешкі уақытта Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимараты өртке оранып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Тағы оқыңыздар: Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото) Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото) Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото) ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Выбор редакции
07 ноября, 04:45

"Алматы Тауэрс" орталығында болған өрттен бір адам қаза тапты

Бүгін кешке "Алматы Тауэрс" бизнес-орталығында орын алған өрт дәнекерлеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шыққан. Салдарынан газбен уланып қалған 54 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлады NUR.KZ порталына Алматы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Оқиға орны. Фото: vk.com/ "Интересная Алма-ата" Бүгін сағат 18:04-де Алматы ТЖД-не Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат кейінгі уақытта хабарланатын болады деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде "Алматы Тауэрс" кешеніне жапсарлас жатқан 6 қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған еді. Өрт төменгі қабатта орналасқан мейрамхана мен жанындағы 25 қабатты екі ғимаратты да жалмауы мүмкін еді. ТЖД мәліметінше, өрт шыққанға дейін шатырда дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген.  Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін ауа жетіспеуі салдарынан 1962 жылғы дәнекерлеуші оқиға орнында газбен уланып қайтыс болған. Өрт сөндіру кезінде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт сағат 20.36-да сөндірілді. Өрт аумағы 1 800 шаршы метр болатын жерді жалмаған.  Өрт сөндіру кезінде 150 жеке құрам және 34 бірлік техника іске қосылды. Сонымен бірге, өрт сөндіруге 50 Ұлттық гвардия қызметкері, Алматы ІІД-нің 65 өкілі, 30 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрт зертханасының мамандары өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Тағы оқыңыздар: Тоқтар Төлешовтің тағдыры 7 қарашада шешілмек Той жарыс: Қазақ тойында қарапайым лимузиндер сәннен шығуда Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты Жапон халқы Елбасының сұхбатын қызу талқылап жатыр

Выбор редакции
06 ноября, 16:14

Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимараты өртке оранды

Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимаратында өрт шықты деп хабарлайды куәгерлерге сілтеме жасай отырып NUR.KZ порталы. Бүгін сағат 18:04-де Алматы ТЖД-не Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат кейінгі уақытта хабарланатын болады деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде 5 қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған еді. Өрт төменгі қабатта орналасқан мейрамхананы да жалмауы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі кезде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлер оқиға орнынан редакцияға видеолар жолдап жатыр. Видео: Zakon.kz В Алматы горит "Алматы Тауэрс" 06.11.2016г.в 18:04 часов на пульт "101" ДЧС г. Алматы поступило сообщение о возгорании по адресу: Бостандыкский район ул.Байзакова 280. Силы и средства выехали по повышенному номеру. Пожарные расчеты на месте. Производят эвакуацию людей и тушение пожара. К моменту прибытия пожарных обстановка была следующая: горела кровля 5-и этажного здания открытым пламенем, есть угроза распространения огня на ресторан расположеного ниже этажом. Эвакуировано 80 человек. Сандугаш Баймухамбетова официальный представитель ДЧС г. Алматы Видео опубликовано Kazakhstan | Жаңалық | Новости (@qaznews) Ноя 6 2016 в 4:38 PST Видео: instagram/qaznews Тағы оқыңыздар: Тоқтар Төлешовтің тағдыры 7 қарашада шешілмек Той жарыс: Қазақ тойында қарапайым лимузиндер сәннен шығуда Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты Жапон халқы Елбасының сұхбатын қызу талқылап жатыр

05 ноября, 05:30

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Дүлей дауыл Жамбыл облысының жұртын әбігерге салды. Секундына 35 метрге дейін соққан күшті жел бірнеше ауданның, әсіресе Тараз қаласының тіршілігін тұралатып тастады деп хабарлайды КТК арнасы. Жамбыл облысы дүлей дауылдан кейін. Фото: ТЖД Желге шыдас бермей құлаған ағаштар электр бағаналары мен газ құбырларын жайпап өткен. Салдарынан шаһардың өзінде 15 мыңға жуық адам тас түнекте қалса, бір жарым мың отбасы көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр. Қазір табиғат апатынан келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Тек Тараздың өзінде бірнеше әлеуметтік нысан, екі оқу орны және онға жуық көпқабатты үйдің шатыры қираған. Орталықтағы су жаңа үй төбесінің құлауы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Өйткені жел көтерген шатыр ғимарат қабырғасын тесіп өтіп бөлме ішіне бір-ақ кірген. Жылу мен судан да қағылған үйлер бар. Қазір әр салаға жауапты мамандар жатпай-тұрмай апатты қалпына келтіруге жанталасуда. Сондай-ақ, біраз жолаушы жолынан қалды. Өйткені желден теміржол желілеріне де зақып келіп, бес жолаушы пойызы жолда тұрып қалған. Күтуден шыдамы таусылған ел қонақүйге орналасуға да қауқарымыз жоқ дейді. Машина үстіне құлаған ағаштар адамдардың өміріне қауіп төндірген. Құдай сақтағанда ажал құшқандар жоқ, бірақ жарақат алған 35 адам ауруханаға түскен. Электр сымдарының жаппай үзілуінен әр жерлерде өрт шығып, өрт сөндірушілер тілсіз жауды өшіріп әлекке түсті. Қайта, жалынды өршітпей дер кезінде ауыздықтаған. Екі апта бұрын қалың жауған қардан енді есін жия бастаған тараздықтар үшін дүлей дауыл жығылғанға жұдырық болды. Әзірге табиғи апаттан келген шығын көлемі белгісіз. Ал қала билігі тұрғындарға су, жылу және көгілдір отын толық берілгенін мәлімдеді. Қазір тек жарықтың жайы өзекті деп отыр. "Жалпы төтенше жағдай жарияланды. Осының төңірегінде үлкен комиссия құрылды. Сол комиссия жұмысын бастап, атқарып жатыр. Төтенше жағдай бойынша өзімізде қаржы бар, сол қаржымен жолын қарастырып жолын табамыз. Жалпы қазір облыс бойынша жағдай тұрақты. Құрылысшыларды бастарын қосып, құлаған талдар, шатырлар жинақталып жатыр", - дейді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда оқушыларды жаппай естен тандырған халал иіссу қаншалықты қауіпті? Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды 24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео) ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Выбор редакции
25 октября, 10:30

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Павлодар облысының Шарбақты ауданында 24-қазан күні сағат 10-да өрттен көз жұмған 48 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Өрт. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, өрт Шарбақты ауылында «Урицкий көшесі, 39» мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үйде орын алып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған. "Тілсіз жау сағат 11.18-де ауыздықталып, сағат 13.59-да толық өшірілді. Қызыл жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінен екі техника мен жеке құрамнан алты адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда", - дейді баспасөз қызметінің өкілі Абылайхан Құсанов. Тағы да оқыңыздар: Атыраулық шенді қарапайым қызметкердің лауазымын көтеру үшін ақша алған Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды Назарбаев Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміз Өзбекстанға өтіп жатыр деп дабыл қақты Әйгілі Майкл Джексонның қарындасы көшеге оранып шықты (фото) Ердоған: Маған қымбатты досым Путиннің көмегі ауадай қажет

24 октября, 17:00

Семейде күйеуімен сөзге келген келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Семейде 22 жастағы келіншек шынашақтай қызын Ертіске ағызып жіберді. Күйеуімен жанжалдасып қалған ол өз-өзіне қол салмақ болған деп хабарлайды КТК арнасы. Ертіс. Көрнекі фото Баласын құшақтап өзенге секіргенде нәрестеден айырылып қалған. Оқиға түнгі үште болыпты. Жолдасымен ұрсысып, ашуға булыққан әйел баласын алып үйінен шығып кетеді. Артынша, құшағындағы 1  жарым жастағы сәбиімен қоса Ертіс өзеніндегі қауіпті аумаққа жеткен. Есін жинап өзі жағаға шыққанымен, ағыны қатты суда қолындағы баласын жоғалтып алған екен. Әзірге ерлі-зайыптылардың арасындағы өлімге итермелеген кикілжіңнің неден туғаны белгісіз. Қазір бұл іске жергілікті полиция араласып, тергеу жүргізіп жатыр. Егер қасақана кісі өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал таңнан бері іздеуге кіріскен сүңгуірлер қыз баланың денесін таба алар емес. Тағы оқыңыздар: Данияр Елеусінов өзін салафит деп атағандарға жауап берді (видео) Иракта енді арақ сатқандар қатаң жазаға тартылады Өз-өзін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ауыр халде жатыр Шымкентте газды дұрыс орнатпау салдарынан екі бала ажал құшты Арменияда құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ

22 октября, 07:05

Шымкенттік құтқарушылар елде жоқ көлік мініп алды

Шымкентте төтенше жағдайлар қызметіндегілер қаланың қақ ортасында ерекше көлікпен жүріп, жұртшылықты таңырқатты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі. Скриншот желідегі видеодан алынды Желіде Шымкенттегі Бәйдібек би көшесінің бойында ерекше «Нива» көлігімен жүргендердің видеосы пайда болды. Оның ерекшелігі – көліктің дөңгелегінде. Үлкен жүк көлігінің дөңгелектерімен жүріп жатқан көліктің есік тұсында «ТЖД» қызметі деген жазуды байқауға болады. Темір тұлпардың мемелкеттік нөмірі Х 059 SV. Мұны сол көшеде өтіп бара жатқан жолаушы түсіріп алып, желіге салған. Бұл видео желі қолданушылары арасында кеңінен талқыға салынды. Тіпті ол Whats App арқылы тұрғындар «шымкенттіктер осылай жұмыс істейді» деген атпен таралып кетті. Тағы оқыңыздар: Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото) Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото) Михаэль Шумахер ескі «Мерседесін» 100 мың еуроға сатпақшы (фото) Қарағанды облысы Саран қаласында бірде-бір қазақша көшенің жоқтығы жұрттың ашуын тудырды Әуе билеттерінің бағасын шарықтатқан Эйр Астананың үстінен тағы да іс қозғалды